Тың игеру жолындағы күреске Қазақстан бекшілері белсене кірісті. Құлазыған кең даланың тыңын игеру жөніндегі партия шешімін, тұтас алғанда Қазақстандықтар зор шабытпен мақұлдап қарсы алды. Миллиондаған гектар жерді игеріп, ен далаға жүздеген жаңа поселкеле, совхоз орталықтарын салу, тың өңіріне келген жүздеген мың жаңа қоныстаушыларды лайықты түрде қарсы алып, оларды орналастыру мәселесі республика партия, совет және комсомол органдарының алдына күрделі де ауыр міндеттер жүктеді. Қазақстан еңбекшілері тың игеру жөніндегі партия мен үкімет белгілеген шараларды жүзеге асыруға белсене араласып, ерлік көрсетті. Тың игеруде қазақ халқы өзінің революциялық, интернационалдық қасиеттерін барынша таныта білді

Сол кездегі бүкіл жастар бағалы инициатива көтерді. Олар жастардың ішінен еріктілерді іріктеп алуды ұйымдастырып оларды совхоздар мен МТС – терге жіберді. Москва қаласы мен Москва облысының жастары 1954 жылы 22 февральда тың игерілетін аудандарға жүріп бара жатып: «… біз, жаңа жерлерге баратын Москва қаласының өнеркәсіп орындарының жас жұмысшылары, Москва облысының мамандары мен механизаторлары, ауыл шаруашылығының жас механизаторлары мен мамандарына, өнеркәсіп орындары мен совхоз жұмысшыларына, барлық комсомолецтерге, жігіттер мен қыздарға: біздің еңбек сабымыздың қатарына турыңдар.Тың жерлерге келіндер! – деп жалынды үндеуарнаймыз.» — деді (2)

Еліміздің жастары бұл үндеуге қызу үн қосты. 1954 жылы 28 февральда Қостанайға Украинаның жас патриоттарының алғашқы отряды келіп жетті. Бұл Киев облысы Макаров МТС-нің трактор бригадасының бригадирі Л. Дектяренко мен механик И.И. Рудской бас болып келген, толық құрамы болатын. Бригада Жаркөл МТС-не жіберілді. 1954 жылдың мартының өзінде – ақ Қазақстан тыңына Россиядан, Украинадан және басқа да одақтас республикалардан 14240 жастар келді.

Тың жерлерді игеру жолындағы патриоттық қозғалыс Қазақстан жастарын да қамтыды.

Республика комсомолы марттың бірінші жартысында-ақ тыңдағы совхоздар мен МТС – терге 9656 жас патриотты жіберді, булардың 2,4 мыңы алматылықтар еді. Ақмола облысы «Мариновский» совхозының комсомол қыздарының шақыруы бойынша 1954 жылдың күзінде тыңға 60 мыңдай жас әйелдер мен қыздар келді.

  1. Қазақ ССР тарихы 5 том А. 1981 282 б.
  2. Асылбеков М.Х. Социально-демографические процессы в многонациональном Казахстане (1917-1919) А. 1994 – 72 с.

1954 жылы Қазақстан совхоздарына 48,9 мың адам келді, бүларға арнап МТС-тердің жанынан механизаторлар даярлайтын курстар құрылды. Мұнымен қоса ауыл шаруашылығын механикаландыру училищелері республиканың совхоздары мен МТС-теріне 50,8 мың жас механизаторлар жіберді (1)

Қазақстанның тың жерлеріне Совет Армиясынан демобилизацияланып қайтқан жауынгерлер келді. Олар Көкшетау облысында «контемировец», Солтүстік Қазақстан облысында «Таманец», Қарағанды облысында «Индустриальный» және басқа совхоздары құрды.

Сонымен қатар Қазақстан тыңына Украина мен Беларуссияның және басқа да одақтас республикалардың комхозшыларының, өнеркәсіп орындары мен мекемелері қызметкерлерінің семьялары қоныстанып жатты.

1954 – 1955 жылдарда мұнда 20 мың семья келді. Совет үкіметі оларға жаңа жерлерге көшіп келіп орналасуына материалдық көмек көрсетті.

Көптеген совхоздарды онеркәсіп орындарының жұмысшылары ұйымдастырды. Мысалы, Степняк қаласының еңбекшілері еркіншілік ауданында «Изобильный» совхозын құрып, оны басшы қызметкерлермен механизаторлармен және құрылысшы кадрлармен толықтырды, жұмысшылар мен қызметкерлердің арасынан өз ықтиярымен барғысы келген 500 адамды жіберді (1)

Сілеті өзіне бойындағы жаңадан қоныстанушылардың алғашқы тоғыз шатыры орнына еңселі совхоз поселкесі бой түзеді. Степнякқаласы кекшілерінің инициативасы кең қолдау тапты. Жұмысшы тобы тыңдағы совхоздарды қамқорлыққа алып, олардың партия қойған міндеттерді орындауына белсене көмектесті көптеген астық совхоздарының жаңа тұрғын жұмысшылардың денінің келген жерінің атымен-Московский, «Астраханский», «Бауманский», «Горьковский т.с.с» аталуы кездейсоқ емес еді. Тың алғашқы күндерден бастап адамдарға интернационалдық тәрбие беріп, еңбекке шыңдаудың мектебіне айналды.

Республиканың жаңа совхоздарына жоғары және орта білімі бар 2088 қызметкерді директор, бас агроном, инженер, бухгалтер, инженер-техник құрылысшы кадрлары ретінде жіберді.

Аудандық және селолық партия, совет ұйымдарын нығайту үшін Қазақстанның тың игерілген аудандарына 1954 жылы октябрьде 5,5 мың коммунист келді.

Тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде (1954-1956 жылдар) республикаға барлығы 640 мың адам келді, бұлардың ішінде: 391,5 мың ауыл

Шаруашылығы механизаторы, 50 мың құрылысшы,3 мың медицина қызметкері, 1,5 мыңдай мүғалім, 1 мыңнан астам сауда қызметкері және басқалар болды. Бұлардан басқа туысқан республикалардан механизация училищелерін бітіріп келген 66,7 мын адам және Қазақстанның училищелерінің келген 19,8 мың адам совхоздарда жұмыс істеді. (1)

Бірақ бұл тың аудандарындағы совхоздардағы, колхоздар мен МТС- тердегі кадрлар проблемасын шешудің бірден – бір жолы болған жоқ.

Жаңа құрылып жатқан шаруашылықтарды кадрлармен толықтырудың маңызды бір арнасы еліміздің халық жиі қоныстанған аудандарынан мыңдаған патриоттардың  Қазақстанға жаппай қоныс аударуы да болды.

Соғыстан кейін 50 ж.ж ортасына дейін Қазақстанға ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу азайды. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты республикаға аса ірі көші-қоныс тасқыны келді, мұның өзі уақыт жағынан ірі өнеркәсіптік құрылыстар жүруімен тұспа – түс келді. 1954 –1962 ж.ж. тың және тынайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. жуық адам, олар негізінен елдің Европалық бөлігінен келді (2) Өнеркәсіп, құрылыс және транспорт үшін жұмысшы күшін үйымдасқан түрде тарту арқылы 1954-1965 ж.ж.  0,5 млн. адам келді, бұл республикаға ұйымдасқан түрде жұмысшы күшін тартудың 80 пайыз еді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Беларусиядан, Молдавия мен Литовадан іріктеп алынды. Мүның өзі бір жағынан түпкілікті халық саны мен екінші жағынан келушілер санынның арасындағы алшақтықты бұрынғыдан да күшейе түсті.

1. Народное – движение за освоение цеменных земель в Казахстане: Сб документов и материалов, с 95

2. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980) А. 1991 201 с.

3. Қазақстан тарихы Очерктер А. 1994 421 б.

1959 ж. орыстардың үлес саны 42,7 пайыз жетті де, қазақтардың үлес саны 1939 ж. салыстырғанда 8 дәреже төмендеп, 30 пайызға ғана болып қалды.

Басқа этностық топтардың үлес саны шұғыл өзгерген жоқ. Қазақстанға көші – қоныс тасқыны мұнан кейінгі кезде де аздап баяулаған қорқында жүріп жатты, бірақ ол 70 ж.ж кемушілерден кетушілері артық болып қалыптасты.

Республика халқының саны 1959 ж. 9294741 адам, яғни соғысқа дейінгі санынан 1,5 есе артық болды.

Қазақтардың саны 20 жыл ішінде бар болғаны 474 мың адамға (20пайыз) орыстар 1523 мың (62 пайыз), украиндер 105 мың (16 пайыз), белорустар 76 мың (3,4 есе), ұйғырлар 24,4 мың (69 пайыз) басқа халықтар 311 мың (2,6 есе) өскен. 1939 ж. немістердің саны 92379 адам болғаны мәлім, ал олар 1959 ж. 659658, әзірбайжандар 12 мыңнан 38 мыңға жеткен. Осы уақыт ішінде корейлердің саны 0,8 пайыз келіп, жалпы саны 22 мың адам азайған.

Абланова Э. Қазақстандағы қазақтардың миграциялық даму көрсеткіші (1959-1970) қазақ тарихы 1998 № 4 18-22 бб.
Тағы рефераттар