Қысқы суық күндерде үйде жылу мен жайлылық жетіспейді. Жылу сақтаудың ең қарапайым жолы — терезе, қабырға, еден мен есікті жылыту.

Терезелерді жылыту үшін жақтауға поролон не мақта тығып, қалыңдығы 4-5 см. мақталық қағаз жабыстыру керек. Ол үшін ескі ақ жайма жарайды. Кесілген жолақтарды сулатып, кір сабын жағу керек. Ондай жолақтар оңай жабысып, қыс бойы ұстап тұрады. Олар қағазға қарағанда икемді, терезелердің сұқпа тиектері мен ілмектерін жабады. Мата қағаз сияқты сарғаймайды, қыс бойы бүлінбей, көктемде жеңіл алынады. Мата жолақтарын бір емес, бірнеше рет қолдануға болады. Көктемде оларды жуып, кептіріп, орамаға орап, келесі қысқа дейін сақтауға болады.

Немесе суы бар банкада парафи­нді (оны дәріханадан алуға болады) немесе май шамның шырақ тұқылын 70°С температурада ерітуге болады. Сол суда бір реттік инесіз шприцті қыздыру керек (көлемі үлкен болса, тіпті жақсы). Одан кейін парафинді жинақтап, суымай тұрғанда терезе саңылауларына салу керек. Бұл әдіс қарапайым және жедел. Ал көктемде терезені ашқан кезде, ол өз-өзінен түсіп қалады.

Терезе пен әйнектерді жабыстыру – бір ғана шара. Жылу тек конвекционды ағындар мен саңылаулар есебінен жоғалып кетпейді, түссіз әйнекке шағылысудан да жоғалуы мүмкін. Сондықтан да суықта терезеге тығыз перделер іліп қойған дұрыс, ашық түсті болған жөн. Олар қара түстілерге қарағанда жылуды көп сіңіреді. Аязда оларды тартып көтеріп қояды. Ал үйлердің көбінде олар жылыту радиаторларының үстінде орналасып, ұзын болғандықтан, түсіріп қойған кезде, жылытуды шектейді. Сондықтан олар қысқа болған жөн.

Тағы бір әдіс – қазіргі заманғы пластик терезелерді орналастыру, яғни шыныпакеттер. Ол арзан болмағанымен, сапасы жағынан ең тиімдісі. Пластик терезе құрылымының  бір ерекшелігі – жылыны ұстап тұрады, тіпті қатты жел болғанда, терезе оны өткізбейді, сондықтан қысқы мезгілде қосымша жылыту бойынша шаралар жасаудың қажеті болмайды. Жылыту бойынша шараларсыз пластик терезелер бөлме температурасын 5 градусқа көтере алады. Шыныпакеттердің жылу сақтағыш бетінің болуы электр энергияны үнемдейді, қысқы уақытта әйнек беті қайтадан бөлмеге инфрақызыл толқынды шағылыстырады. Соның нәтижесінде жылу сақталып тұрады. Ал жазда әйнек беті күннің жылуын шағылыстырады, соның нәтижесінде күн жағында орналасқан орын-жай ысып кетпейді.

Сонымен қатар, терезелерді жиі реттеп тұрыңыз, өйткені резеңке  нығыздауышы босап, соның нәтижесінде жел немесе жылу сақтау қабілеті нашарлайды.

Есіктің ойықтарына синтетикалық негізде жасалған арнайы жабысқақ тығыздауыштар орнатылады.  Осылайша есіктер біраз жылытылады. Егер жаңа есіктер қойылса, онда есік қорабы тығыз орналасу керек. Ол үшін жаңа есіктің сапалы орнатылуынан кейін, қосымша оның бойына құрылыс көбігін жағуға болады. Көбік кепкеннен кейін, ішкі орын-жай біршама жылынады.

Еден – пәтер жайлылығының негізгі бөлігі. Суық плиталардан гөрі, жылы еденмен жүрген жақсы. Жылуы дұрыс жолға қойылған орын-жайдың едені де жылы болу керек. Алайда барлық жерде олай емес. Физика заңдарына сәйкес, суық ауа төменде шоғырланған. Сондықтан, жалпы жайлы бөлменің едені суықтау болады. Бұл көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарындағы сонымен қатар, жертөлесі жоқ, топырақ үстінде тұрғызылған жер үй тұрғындарына таныс. Еденді жылыту үйге ерекше жайлылықты қамтамасыз етеді.

Нарықта дайын технологиялық шешімдер бар. Оларға электрлік және сулы жылы еден жүйелері жатады. Ондай едендерді орналастыру және пайдалану бойынша қызмет көрсетуді білікті мамандар жүзеге асырады.  Өйткені есеп және құрастыру барысындағы қателер  еденнің жоспардан тыс жөнделуіне, сонымен қатар көршілермен түсініспеушілік мәселесіне әкеп соғады.

Еденді жылытудың дәстүрлі әдісінің бірі — лагтар үстіндегі ағаш еден жабдығы. Ондай еден түрі жер үйлер мен көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарына орналастырылады. Лагтар арасындағы кеңістікті нығыздауышпен – шыны мақта мен минералды мақтамен толықтырып, ал лагтарды жылуөткізгіш фольгалық пенополиэтилен мен полистиролмен жабады. Еден және қабырға жапсарларын жылыту үшін монтажға арналған көбік пен көбіктенген  пенополистирол қолданылады.

Ал егер пәтер жоғары қабатта орналасып, жертөлесі бар болса, онда жылу мен дыбысоқшаулағыш қатпары бар линолеум немесе кілем жабындысы төселеді. Декоративті жабынды астына қосымша жұқа орамалық экрандық көбіктенген полиэтилен орналастыруға болады. Егер орын-жай жертөле үстінде орналасса, жылытуды жертөледен қамтамасыз етуге болады.

Қабырғаларды жылыту үшін, төмен жылу өткізгіш пен жылу ұстайтын материалдар қолданылады: минералды және шынымақта, түрлі пенопластар және пенополиэтилендер, тығындық оқшаулау материалдары.

Қалай дегенмен де, жылыту приборлары – батареялар үйдің жайлылығын қамтамасыз ете алмайды. Осы жағдайда электржылыту жабдықтары қолданылады: конвектор, инфрақызыл жылытқыш, жылужелдеткіш және май ра­диаторлары. Бұл жабдықтарды тұрмыстық техника дүкенінде сатып ала аласыз.

Энергетикалық тиімділікті арттыруға үйдің автоматты жылу жүйесімен жабдықталуы үлкен әсер етеді, ол көшедегі ауа температурасына және жылу көздерінің параметрлеріне байланысты жылудың берілуін реттейді, бұл үйде қолайлы температура ұстауға мүмкіндік береді.

Үйлерді терможаңғырту – едендерді, қабырғаларды, шатырларды жылылау арқылы үйдің қоршау құрастырмаларының жылутехникалық сипатын жақсарту. Терможаңғырту іс-шараларының бірі – панель аралық герметикалық жіктерді қалпына келтіру және қабырғаларды гидроизоляция болып табылады. Батыс елдерінің практикасы қоршау құрастырмалары жылу ысырабын қысқарту  жылытуға жұмсалатын шығындарды 40-60 процентке төмендетуге мүмкіндік беретінін көрсетті.

Сыртқы есік арқылы шығып кететін жылуды сақтаудың ең тиімді тәсілі екінші есік орнату, осылай жылу оқшаулағыш тамбур жасалады. Қалай болса да қабырға мен есіктің арасындағы саңылауды монтаждаушы көбікпен толтыру қажет. Есік қаңқасына есіктің толық жанасуы үшін профильдік тығыздағыштарды пайдалану қажет. Егер кіреберістегі есік жақсы жабылатын болса, есіктерді жылылау тиімді. Бұған есікті сапаландырушы немесе жеке коды бар құлып орнату көмектеседі.

Жылыту маусымында үй-жайды аз ғана, бірақ қарқынды желдету қажет. Үнемі ашық тұрған терезе көшені жылытады және тұрғындардың ақшасын шығындайды. Аз уақытқа терезені толық ашып желдету ұсынылады. Ауа алмасады, бірақ үй-жайдың ішін салқындатпайды.

Пәтерде/үйде шытынаған немесе сынған әйнекті ауыстыру ұсынылады. Суық түскеннен кейін терезелердегі саңылаулар жылудың ысырып болуына себеп болады. Сондықтан терезенің рамасы мен әйнектің жанасқан жеріндегі саңылауларды терезенің бойымен жылуоқшаулағыш материалдармен тығыздау қажет, жылуоқшаулаушы ретінде арнайы тығыздағыштар немесе кәдімгі медициналық мақта да қолданылады. Терезені жылылау үй-жайдың температурасын 2-5 0С-қа көтереді.

Пәтерде қолайлы жағдай жасаудың қарапайым да, қолжетімді тәсілі бар. Үй-жайда температураны кем дегенде 1 0С-қа көтеру  үшін радиатордың қуысына жылуды шағылыстыратын экран орнату қажет. Радиатордың сыртындағы қабырға 500 0С-қа қызуы мүмкін. Тек қабырғаны жылытуды болдырмау үшін батареяға жылуды шағылыстыратын экран орнату қажет. Экран арнайы материал – пенофол (бір жағында фольгасы бар көбікті негіз), сондай-ақ жай фольга болуы мүмкін. Радиатордың артындағы экран екі рейкаға немесе рамаға орнатылады, оларға желіммен немесе екі жақты скотчпен немесе степлермен бекітіледі. Тиімді жұмыс істеудің міндетті шарты қабырға мен радиатордың арасында 2-3 см саңылаудың болуы.

Батареяны қара түске бояу қажет, тегіс, қара түсті бет 5-10% жылуды артық шығарады.

Үйдің маңына ағаштар отырғызған жағдайда ғимараттың маңындағы ағаштар үй-жайдың ішінде жылудың сақталуына әсер етеді.

Жылыту радиаторларында температураны реттегіш, ең тиімдісі – жылу есептегіш орнату қажет. Түнде мүмкіндігінше төменгі температураны ұстау денсаулыққа пайдалы.

Жылу энергиясын тұтынуда тұрғындардың әдеті негізгі рөл атқарады. Осыған мысал, кіреберіс есіктердің үнемі ашық қалуы, осының салдарынан жылу энергиясы ысырып болады. Дер кезінде аздаған кемшіліктерді, кіреберістегі сынған әйнекті, жабылмайтын терезені және т.б. қалпына келтірмеу салақтыққа алып келеді.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.dominform.ru – үй-жай, құрылыс, дизайн және жиһаз жайлы сайт;

2) www.pro-okna.com – пластик терезелері туралы ақпараттан тұратын сайт.

3) www.zhkh-center.kz –  «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сайтының «Халыққа арналған пайдалы кеңестер» бөлімінде жылу үнемдеудің тиімді шараларына арналған мәліметтер орналастырылған;

4) «ТКШ Қаз.орталығы» парағы мен  и Facebook әлеуметтік желісіндегі «EnergysaversKZ» тобында – қазақстандық ТКШ саласындағы энергия үнемдеуге арналған жаңа технологиялардан ақпарат береді.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «үйдегі жылуды сақтау», «жылу сақтау шаралары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар