Валеология – екі шет елдері тілінен алынған. Латын сөзі «Vаlе» («Сау болу», «аман болу» қазақша деніңіз сау болсын деген мағына береді.

А.С.Пушкин өзінің достарына жазған хатының соңына әрқашан «Vаlе» деген сөзді қосып отырған. «Деніңіз сау болсын» деген сөз. Грекше «Lоgos»- «ілім», «ғылым» деген мағына береді. Бір сөзбен айтқанда валеология денсаулық туралы ғылым.

Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы – медицина ғылымдарының докторы, профессор-фармакогаосист И.И.Брехман ғылымға енгізген болатын.

Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шет ел ғалым-медиктерінің жазған еңбектерінде келтіріледі. Денсаулық туралы қазіргі заман адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына көп мән бермейтіні байқалады.

Баршаға белгілі — адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина ғылымдары ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды емдеу проблемаларымен шұғылданады да аурулардың пайда болуымен айланыспайды.

Ауру адамдардың физиологиясы мен тек физиология ғылым-дары шұғылданады. Ұлы физиолог И. П. Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған еді.

«… Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің (ағзаның Ж.Ж.) негізгі принципі — «денсаулық» деп аталатын сыртқы және ішкі бірдік (тұрақтылық) қалыптың айқын анықтамасы жоқ…» Иә, медицияа ғылымы қаншама көне болғанымен, денсаулық туралы анықтама бере алмайды. Кейінгі кезде осіресе XX ғасырда.

Әр түрлі себептер өсерінен медицина емдік, госпитальдық, емханалық, соңғы он жылдықтар бойына ықшам мамандан-дырылған анықтама бере бастады.

Шын мәнінде медицина ғылымы қазіргі заманда денсаулық туралы емес, ауруларды ғылыми тұрғыдан емдеу әдістерін дамытып келе жатқан ғылым екені белгілі.

Сондықтан да осы уақытга медицинаны аурулар ғылымы деп атай бастады. Мұндай сипаттама үлкен медициналық энциклопедиядан өзінің тиісті орынын алған. Бұл ғылыми жинақта денсаулық туралы толық түрде анықтама берген. «Медицина» — көне заманнан бері қарай адам ауруларын емдеп аурулардың алдын алуды мақсат еткен ғылыми жүйе деп жазған. Бұл жазылған қағидаға зер салып қарасаңыз «денсаулық» деген ешқандай сөз келтірілмеген.

Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен және ішкі физиологиялық үрдісгермен байланысты болатыны анықталып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (ДДСҮ), (Всемирная организация здравоохранения (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — ағзаларда аурулардың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В. П. Казначеевтің (1989) жеке тұлға денсаулығы туралы анықтамары бұдан да толығырақ баяндалады. Оның анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты дені сау ұрпақ жалғастыру қабілеттігінің сақталуы мен дамуы.

И. И. Брехманның (1987) анықтамаоы бойынша, дснсаулық адамның ерекшелігіне сәйксс өзгермелі ортада тұрақтығы, сонымен біргс сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.
Тағы рефераттар