Халықаралық жүк тасымалдаудың түрлері туралы қазақша реферат

Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың бірнеше түрі бар.

І.Теңіз тасымалдауы.

2. Әуе тасымалдауы.

3. Теміржол тасымалдауы.

4. Автокөлік тасымалдауы.

5. Аралас тасымалдау.

1.1. Теңіз тасымалдауы

Ең күрделі құқықтық мәселелер халықаралық теңіз тасымалдауында туындайды. Бұл осы алдағы қатынастардың әр түрлілігімен және құқықтық қайнар көздердің әр түрлі сипатта болуымен түсіндіріледі.

Көптеген мемлекеттердің зандылықтарында жүкті теңіз тасымалдауына қай елдің заңы қолдану керектігін қарастыратын коллизиялық нормалар жоқ. Бұл мәселелер сот тәжірибесімен шешіледі. Ұлыбритания және Франция соттарында (француз зандылығына сәйкес) кеменің жалау заңы колданылады, ал Германия соттарында мүлікті қабылдаған жердің заңы қолданылады. Польша елінің зандылығына сәйкес тараптардың еркіндік заңы колданылады. Тасымалдау шарттарында еркіндік болмаса, тасымалдаушының заңы қолданылады.

Жүкті теңіз тасымалдауы әр түрлі негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер мұндай тасымалдау теңіз тасымалдаушысының бүкіл немесе жарты, яғни бір бөлігін беруді ұсынбайтын болса, онда тасымалдауға қатысушылардың арасындағы қатынас коноссаментпен рәсімделеді.

1924 жылы Брюссельде коносамент туралы кейбір ережелерді унификациялау туралы конвенция жасалды. Бұл конвенцияны кысқаша «Гаага ережесі» деп атайды. Қазіргі заманда бұл конвенцияны қолдануға байланысты өзгерістер енгізілген.

Тасымалдау шартының екінші торабы болып жүк жөнелтуші, фрахтователь танылады.

Жүкті қабылдап алушы тұлға болып белгіленген жерде оған жүкті беруін немесе жолда келе жатқан жүкті беруді талап ете алатын танылады.

1924 жылы Гаага ережелері бойынша қарастырылған мәселелер:

1) коносаменттің мәртебесі;

2) тасымалдаушының жауапкершілігі;

3) тасымалдаушының жауапкершіліктен босатылуы;

4) арыз беру жағдайы.

Егер тараптар Гаага ережесін колданатын болса — бұл ереже бойынша аса қауіпті жүктерді және жануарларды тасымалдамайды.

Гаага ережесі бойынша тасымалдаушынын міндеттері:

1) тасымалдаушы кемені жүзуге дайыңдық жасау керек. Ол

үшін техникалық құралдарын қарап, қалай жүретінін қарастыру керек;

2) экипажды дайындау керек;

3) егер тез бұзылатын тағамдар болса, олар үшін арнайы бір бөлме бөлу керек.

Егер тасымалдаушы жүк берушіден жүкті қабылдаған кезде жүктің саны мен сапасы инвойс бойынша сәйкес келмесе, онда тасымалдаушы коносаменттің шетіне жүктің саны мен сапасы сәйкес емес деп жазады да бұны «Лас коносамент» деп атайды.

Егер құжат бойынша және фактілі түрде тексерілгенде саны мен сапасы сәйкес болатын болса, онда тасымалдаушы «Таза коносаментті» жүк жөнелтушіге ұсынады.

Гаага ережесі бойынша тасымалдаушы 13 жағдайда жауапкершіліктен босатылады. Жалпы бұны форс-мажорлық жағдай деп атайды және де новигациялық қателіктер бойынша да босатылады. Ал егер тасымалдаушы кінәсіздігін дәлелдей алмайтын болса, жауапкершілікке тартылады. Жүк қабылдаушы жүкті қабылдағаннан кейін жүкті қарап шығуы керек. Жүктің саны жетіспеуіне байланысты жүк тасымалдаушыға үш күн ішінде жазбаша түрінде хабарлауға міндетті. Талап мерзімі — 1 жыл. Гаага ережесіне 1968 жылы өзгертулер енгізіліп, ол 1978 жылы күшіне енді. Осы конвенцияны қысқаша «Правила Висби» деп атайды.

Висби ережелерінің ерекшеліктері — тек қана конвенцияға қосылған мемлекеттер арасында колданылады және тасымалдаушы жауапты болатын болса, ол жүктің ақысын төлеу керек. Осы ереже бойынша әр жүктің орнына 10000 франк төлеу керек. Ал егер жүктің орнын анықтай алмаса, онда әрбір жүктің брутто кг. бойынша елшенеді.

1 кг брутто — 30 франк пуанкаре

1 франк пуан каре — 65,5 мг. 900 алтын бұйым сынамасы.

Қазіргі заманда сауда жүгін жеткізу үшін теңіз тасымалдауында чартер шарттары қолданылады. Бұл көбінесе делдалдық арқылы жасалатын шарт және бірнеше міндеттейтін жағдайлары бар: стивидорлық жұмысқа ақы төлеу, диспачқа, демереджге.

Мүнда фрахт жүктің салмағына карай төленеді. Фрахттың бірнеше түрі бар:

1. Егер кеменің ішінде жүк толығымен орын алып тұрса, ол нақты фрахт деп аталады.

2. Ал егер жүк жартылай толтырылса, оның жартысы бос болған жағдайда мұндай фрахтты «елік» фрахт деп атайды.

3. Аванс берілген фрахт. Мұнда жүкті тиер алдында алдын ала фрахт төлейді.

4. Алдын ала фрахт. Алдын ала фрахттың аванс фрахтынан айырмашылығы — 100 % төлеу керек.

Әрбір жүктің орнына 835 СДР төленеді, ал әрбір брутта кг/ға — 25 СДР төленеді.

1 СДР- 1,37$.

Францияда 100 кг /ды — квинтал дейді, ал Германияда — двойной центнер. Мұнайды мұндай тасымалдауда баррельмен, ал бидайды бушельмен есептейді.

1 баррель — 42 галлон.1 галлон — 4,546 л.

.

Тағы рефераттар