ХІХ ғасырдың жартысына дейін Еуропалық туризм тек қана элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы сынып өкілдері болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді «аристократтық туризм» деп те атады. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана әсіресе, ХХ ғасырдың 20-ші жылдарында туристтік қозғалыс өзгерістерге ұшырап демократиялана бастайды.

ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың 1-ші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болды, олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:

— көлік құралдарының дамуы

— өнеркәсіптің дамуы және оған байланысты халықтың тіршілік деңгейінің жақсаруы;

— урбандалудың дамуы;

— бос уақыттың артуы;

— қоғамның мәдени деңгейінің жоғарлауы;

— туризм жөніндегі мемелекеттік саясат.

Көлік құралдарының дамуы, әрине, туристтік қозғалыстың интенсивтігі мен оның кеңістіктік өзгерістерге ұшырауына ең басты себеп болды.

Ең 1-ші темір жол желісі – Манчестер – Ливерпуль 1825 жылы Англияда ашылды. Бұрын апталар шығындалатын саяхаттарға, ендігі жолы әркімнің және өте қымбат емес бағамен қолы жететін болды. Темір жолдар барлық мемлекеттерде өте шапшаң қарқынмен салына бастады. Олар туристтік қозғалыстың кеңістіктік құрылымын және көлемін өзгертті.

Теңіз техникасының дамуы әсіресе желкенді кемелер орнына пароходтардың қолданысқа енуі континент аралық саяхаттарды жақсартты. Атлант мухитін кесіп өту мерзімі бірнеше есе қысқарды, ол Ливерпуль – Нью-Йорк трассасында 1816 жылғы 20 — 25 күннен, 1838 жылы 12 күнге, 1850 жылы 8 күн 17 сағатқа, 1883 жылы 6 күн 18 сағатқа қысқарды.

Пассажирлік континентаралық теңіз саяхаттарымен бірге Еуропалық теңіздер әсересе Жерорта теңізі мен Ла-Манш каналы бойымен саяхаттарға қатысушылар саны әрдайым өсіп отырды.

Өткен ғасырдың 20-шы, әсіресе 30-шы жылдары көптеген елдердің туристтік карталарында елеулі өзгерістер пайда болады, бұл саяхаттар автомобильді көліктің барлық жерде қолданыла бастауынан туындайды. Мысалы, 1938 жылы автомобильдер мен туристік автобустарда Швейцарияға 762,2 мың шетелдіктер, бүкіл шетелдік туристтердің 47,8 % құрады.

Туристтік белсенділіктің артуын саяхат бюроларының ашылуына әкеп соқты, ал олар уақыт өте келе, «туристтік индустрияның» маңызды тірегіне айналды. Негізінен ең маңызды да бастапқы нүкте 1841 жылы ағылшын мұғалімі Томас Куктың Мидленд округіндегі темір жол компаниясы Лейстер – Лафборо деген 18 км трассада мейрамдық поезді еңгізуге үгіттеуінен басталады.

Томас Кук алғашқы болып 1872 жылы қалағандарға жерді айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы жерді 220 күнде айналып өтті. Лондонның көрмелері мен Еуропа қалаларына экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте-бірте іс-әрекет сферасын кеңейтті: жаңа туристтік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар санын арттырды.

Томас Кук Египетке, Палестинаға, ақшқа тұрақты саяхаттарды ұйымдастырып тұрды. Оның бюросы экскурсанттарды орналастыру, жол сілтемелерін және кезекті басылымдарды шығарумен, жарнамалық компанияларынмен, банктік операциялармен, ақша айырбастаумен айналыса бастады. Томас Кук 1892 жылы қайтыс болды. Оның еңбегін ұлы мен компаниондары жалғастырды. Қазіргі уақытта Томас Кук атындағы халықаралық туристік компания – барлық континенттегі туристік іс — әрекетпен айналысатын әлемдегі ең ірі компания. Қазір «Томас Кук » компаниясының 12000 туристік агенттіктері бүкіл әлемде жұмыс істеп, 20 млн туристке қызмет көрсетеді.

Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негізін қалаушы, бірінші менеджер және туризмнің алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен мәнін ең бірінші болып түсінген адам болып саналады.

Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық туризм орталығына айналып отыр. ХVІІІ ғасырдың аяғында, басқа елдерге барып, әр түрлі мақсаттармен саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.

Әлемде бірінші біріккен әуесқой тау саяхатшылары – Англиялық алып клубы – 1857 жылы Лондонда пайда болды. Артынша, 1862 жылы Туринде Австриялық альпі клубы құрылды да, кейінірек Италиялық болып аталынды. 1863 жылы Швейцар клубы бекітіленеді.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз шеңберіне  басқа да елдерді тартып, онан әрі дами түседі.Туристік сапар желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілінеді. Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға келеді.

ІІ Дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің көлемін қатты қысқартты. Соғысқа дейінгі туризмнің деңгейіне 40 – шы жылдардың соңында ғана жетті. Соғыстан кейінгі кезеңде туристік саяхаттар АҚШ пен Канадада кең тарай бастады. 1948 жылдың шілде айынан бастап шетелдік туристердің Жапонияға баруына ресми түрде рұқсат етілді.

Егер қазіргі жағдайындағы туризм ХІХ ғасырдың соңында пайда болып құрылса, ол ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие болып, техника, технология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар келіп ХХ ғасырдың феномені атағына ие болды.

Англиядан Францияға жасалған ұйымдастырылған турлар 1815 ж. болғаны белгілі. 1829 ж. кезінде саяхатшыларға арналған әлемдегі бірінші жолкөрсеткіш шыққан. Оны К.Бедекер атты неміс шығарған. Бұл жолкөрсеткіш әлі күнге дейін Еуропада өз бетімен саяхаттайтын туристер арасында кең қолданыс алған.

Көлік құралдарының дамуы сөзсіз туристік қозғалыс пен оның кеңістікте өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Туризм тарихында бұндай төңкеріс «ат арбалардың орнына техникалық  көлік құралдарының (теміржол мен су кемелері)» пайда болуынан болды. Келесі кезең автомобиль мен самолеттердің пайда болуына байланысты болды. Жаңа көлік құралдары кең халыққа саяхаттар жасауға мүмкіндік берді. Ал теміржолдың пайда болуы, ең алдымен, туристік станциялар  мен  емделу орындардың географиясын өзгертті. Яғни көптеген жаңа орындарға теміржолдың тартылуы арқасында олардың желісі айтарлықтай кеңейді.

Автомобиль қатынасының дамуы жол желілерінің кеңеюіне түбегейлі әсер етті. Барлық жерлерде ол жөндеулерге және кеңейтулерге келді. Сонымен бірге, автострадалар деп аталатын тек автомобиль көліктерге арналған арнайы жолдардың құрылысына да кірісті. Алғашқы автострадалардың бірі 1923 ж. солтүстік Италияда салынды, ал оның дамуы 30-шы жылдың екінші жартысына келді.

Бұл кезеңде туристік тасымалдарда айтарлықтай рөлді авиация алды, бірақ тұрақты авиациялар көптеген елдерде 20-шы және 30-шы жылдары төңкерістерде пайда болды. Континент аралық байланыста туристік мақсаттардағы әуе қатынастары тек 1939 ж. маусымында ғана пайда болды. Ол  Pan American Airways компаниясы Еуропаға Америка туристер тобын әкелген кезде пайда болды деп айтады.

Уақыт өте келе өнер шығармаларын көру үшін танымдық мақсатындағы саяхаттар кең таралым алды. ХІХ ғ. ортасына қарай туристер континенті интеллегенттер  мен студенттер есебінен кеңейді.

ХІХ ғ. ІІ жартысы барлық дәрежедегі өкілдер үшін жаппай туризмнің дамуымен сипатталды. Фултонның пароходты (1807 ж.) Стефонсонның паровозды (1814 ж.) ойлап табуы, почта байланысы мен жолкөрсеткіш  жетілуі саяхаттарды арзандатуға және жеделдетуге, ыңғайлы және қауіпсіз етуге мүмкіндік берді.

Еуропалықтардың Америкаға көшулері де жаппай халқаралық туризмнің дамуына септігін тигізді. Ғылыми техникалық прогресс нәтижесінде еңбек өнімділігі артты, ал еңбекшілердің әлеуметтік құқықтары үшін күрестері олардың жағдайларының көтерілуіне және бос уақытының (демалыс күндері, төленетін отпусктер) пайда болуына әкелді. Бұл орта деңгейдегі адамдардың саяхаттауына мүмкіндік берді.
Тағы рефераттар