ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы туралы қазақша реферат

1923 жылы бiрiншi Психоневрологиялық съезд шақырылып, онда психологияның мiндетi қабылданған болатын. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруi не еңбек сiңiрген ғалымдар: Б. Г. Ананьев, П. П. Блонский, А. С. Выготский, А. В. Запорожье, К. Н. Корнилов, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, С. Л. Рубинштейн,А. А. Смирнов, Б. М. Теплов, Д. Н. Узнадзе жəне басқалар болды. Кеңестер Одағының психологиялық ой орталықтары Москва, Киев, Тбилиси қалаларындағы психологиялық ғылыми-зерттеу институттарында, сондай-ақ университеттер мен педагогикалық институттардың психология кафедраларында болды.

Психология ғылымының негiзгi принциптерi 30-жылдары жүйелестiрi лдi. Олардың iшiнде негiзгiлерi: детерминизм принципi, сана мен iс-əрекет бiрлiгi принципi, даму принципi.

Детерминизм принципiбойынша əрқандай психикалық құбылыс өм iр салты, қоршаған орта əсерлерi не орай пайда болады, тiршiлiк жағдайының ауысуымен психика да өзгерiске келедi. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да,  ал адам санасының дамуы —  түпкiлiгiнде қоғамдық даму ережелерiмен, өндiрiс əдiстерiнiң даму заңдарымен анықталады. Сонымен, психиканың адамдық қасиеттерге тəн ерекшелiктерi мен сананың пайда болуын жəне дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негiз қаланды.

Психологиялық құбылыстарды себеп-салдарлы негiзде қарастырудан интроспектктi әдіснама жəне оның зерттеу əдiстерi ғылым сахнасынан ығыстырыла бастады. Ендiпсихика өзiмен өзi тұйықталған құрылым емес, ол сыртқы əсерлердiң себебiнен пайдаболған құбылыс, ал оның салдарлы мəнi тысқы iс-əрекетте көрiнiс бередi деген тужырымүстем болды. Өздк бақылау орнына объектив əдiс қолданымын тапты. Бұл əдiс психологиялық зерттеулерде а) адамға əсер етушi факторды анық бiлуге; б) осы əсерлердiң сандық жəне сапалық сипаттамасын беруге; в) тысқы жауап, əрекет-қылықтарды белгiлеп қалуға; г) тiтiркендiргiш ықпал-дарды салыстыруға мүмкiндк бердi.

Детерминизм принципi психикалық процестердiң табиғи механизмдерi қоғамдық-тарихи факторларды өн ықпалымен өзгеретiнi, яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мəдениетiмен игеруi, қоғамдық қаты-настарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөнiндегi концепцияға негiз болды.

Осы принцип негiзiнде қалыптасқан кеңес психологиясының жəне бiр жаңалығы -қоршаған ортамен қатынаста тысқы дүниеге қарсы тұратын жай саналы адам емес, ол жасампаз, объектив дүниенi белсенді қабылдаушы, керек болса өзгертушi адам. Əлеуметтiк ықпалдарды қабылдау, мəдениет-руханият туындыларын игеру адамның сыртқы дүниемен белсендi араласуында, оның iс-əрекетi процесiнде жүзеге келедi. Психология теориясы мен практикасында детерминизм принципiнiң іске асуы психика дамуы, оқу мен тəрбие проблемасының шешiлуiне негiз болды. Осыған орай психикалық дамуға ықпал жасаушы күштер жөнiндегi мəселе үлкен маңыз алып, даму теориясындағы детерминизм табиғатын түсiну осы мəселен шешiмi не тəуелдi болды.

Психикалық дамудың қозғаушы күштерiн сипаттау үшi недетерминизмдi бipiздi қолдану процесiнде психологтар əрдайым психика дамуында биологиялық жəне əлеуметтiк факторлар ара қатынасы, iшкi зацдылықтар мен сыртқы əсерлердін байланысы, даму мен оқудың сабақтастығы жөнiндегi сұрақтарға кезiге бердi. Бұл мəселелердiң көбi əлiөзің нақты шешiмiн таппағанымен, олардың бiртарапты материалистiк негiздемесiнiң қабылдануы психика дамуының себеп-салдарлық принципi нұстанғаннан болып отыр.

Психологиядағы детерминистк бағыттың iске асуының жəне бiр жолы психиканың ми қызметiне қатынасты мəселе екенi жөнiндегi шешiмi нен. Детерминизм — психикалық құбылыстарды түсiндiруде физиологиялық заңдылық-тарды қолданудың негiзi болды.

Алғашқы кеңес психологиясында детерминистк бағыт арнайы принцип ретiнде қарастырылмаған едi. 50 жылдары С. Л. Рубинштейн бұл принцип рөлiне баса мəнберiп,  оның əдiснамалық маңызы  барын тұжырымдап,  алға тартты..  Л.Рубинштейн детерминизм принципi психикалық құбылыстардың табиғаты мен мəнiн талдау үшiн қолданып, психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзара байланыста қарастырды.

Сана мен iс-əрекет бiрлiгi принципi. Сана жəне iс-əрекет — жантану ғылымының өзектi категориял ары. Бұл принциптін жүйелi зерттелуi 30 жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен iс-əрекеттiң бiрлiгi жөндегi идеяны алға тартқан Л. С. Рубинштейн. Ол «iс-əрекет жəне сана назар аударылған объектiнiң екi, əртүрлi тарапы емес. Олар табиғи бiртұтас; теңдк емес, бiрлк» — деп жазған.

Сана мен iс-əрекет бiрлiгi принципi əрекетпөқ санасыз, ал сананы іс əрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негiздейдi. Мұндай кзарастан сананы тану iс-əрекеттi зерттеу арқылы ғана мүмкiн екенi дəлелдендi. Əрқандай ғылыми таным əрекет пен оның өнiмiн бiлуден олардың орындалу барысында көрiнетiн басқа психикалық процестерге өтуi қажет. Осылай, сана мен əрекет бiрлiгi принципi психологияның барша объектив əдiстерiнiң негiзiне айналды.

Ғылымға бұл принциптiң iс-əрекет теориясын дұрыс түсiнуге бағыт бердi. Осы кезге дейiн психологияның қай бағыты болмасын, психиканы — iшкi құбылыс, ал əрекеттi -сыртқы деп түсiндiретiн. Ал сана мен əрекет бiрлiгi принципiнен келетiн болсақ, шынында да, психика, сана тек iшкi құбылыс болып қалмайды. Осылайша, əрекетте тек тысқы  көрiнiстерiмен танылып қалмай, өзiне тəн iшкi мазмұнға да ие, бiрақ бұл қасиет оның бiр тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен əрекет бiрлiгiн мəнi: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттерi əрекетте көрiнiп қана шектелмей, сол əрекет процесiнде қалыптасады.

Адамның iшкi де, сыртқы да əлемiнiң бастауы мен барша мазмұны осы iс-əрекетте. Осындай пайымдаудан, сана мен психика əрекеттiң iшкi сипатын құрап, ал əрекетпң сырттан бақылауға келетн əртүрлi қылық формасында көрiну қасиетi сол психиканы мазмұн сипаты ретнде қарастырылуы əбден ықтимал (С. Л. Рубинштейн). Нəтижеде, психика жөнiнде əңгiме қозғай отырып, психолог өз назарында бөлек, оқшауланған бiр құбылысты ұстамай, оны iс-əрекетпшк мəндi тараптары немесе ажыратылмас бөлектерi деп қарастыруы тиiс. Яғни психика да, сыртқы да сипаттамаларына ие бiртұтас жүйе, ал iс-əрекет болса, осы психикалық жүйенi өзi не қамтып, оның қызмет атқаруына нəр береті шексiз əлем.

Даму принципi.Даму категориясы философия ғылымының түсiнiктер жүйесiнде жетекшi маңызға ие. Даму идеясы Ч. Дарвиннiң эволюциялық теориясының ықпалымен енiп, алғашқыда бала, кейiн ересектер психологиясының қалыптасу негiзi не айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптк немесе əдiстеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соныңшiнде  психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туын-дап жəне жойылуына орай танылады (Л. С. Рубинштейн).

Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкiл өмiр сүру процесiнiң негiзгi тəсiлi ретнде қабылдайды.

Жантану ғылымы үшiн даму принципi ерекше маңызға ие, себебi оның зерттейтiн объектiсi психика — өзiнiң аса үлкен динамизмiмен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесiнде пайда болады, жасайды жəне өзгередi (Б. Ф. Ломов).

ХХ ғ. басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс iрi экономикалық талаптарына орай сана (интроспекттiк) психологиясының дағдарысы қылаң бердi. Интроспекттiк психология практикалық қолданба енгiзулердi қажет еткен капиталист өндiрiс проблемалары алдында өз дəрменсiздiгiн байқатты. Оның субъектив əдiстерi қоғамның объектив қажеттiлiктерiне сай келетiн ұсыныстарға шамасы жетпедi. Осыдан психология зерттеулерiн жаңа, объектив əдiстер тұғырына орнықтыру жолдары iздестiрiле бастады.

Сана психологиясынын  дағдарысы, сонымен бiрге, ғасыр аяғында Францияда кең өрiс алған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердiң нəтижесiмен де байланысты едi. Бұл зерттеулер адам психикасының кейде саналы басқарылмайтын құбылыстармен көрiнiс беретi н iн дəлелдедi. Мұндай бейсанаға тəуелдi əрекет-қылықтар эксперименталды жəне клиникалық талдауға алынды. Осының нəтижесiнде психология сана жөнiндегi ғылым емес деген пiкiр пайда болды.

Бұл дəуiрдегi психологияның қарқынды дамуына Ч. Дарвиннщ эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл iлiмге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тiршiлк иесiнiң икемдесу əрекетi нен ажырауы мүмкiн емес деген тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция əдiсiн қолдану мүмкiн емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды.

Осылайша əртүрлi ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бiрнеше жаңа психологиялық теориялардың туындауына себепшi болды. Жаңа теория өкi лдерi сана психологиясын психика жөнiндегi жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат етiп қойды.

Бихевиоризм — ХХ ғ . американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, əрекет-қылықты зерттеу деп бiлдi. Бихевиоризм теориясын негiзiнде адам мен хайуанаттардың əрекет-қылығы сыртқы орта əсерi не (стимул) болған организмнiң керi (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсiнiк жатыр. ХIХ-ХХ ғ.ғ. тоғысында бихевиоризм психологиясы жануарлар психикасын эксперимент нəтижесiнде пайда болды. Мұнда адам психикасын зерттеуде қолданылатын өзiн-өзi бақылау тəсiлiн пайдалану мүмк iн болмағандықтан, эксперимент жасау əдiсi iске қосылды. Бұл əдiстi бихевиористер адам психикасын зерттеуге деқолданды. Бихевиоризмнiң жалпы əдiснамалық алғы шарты позитивизмнiң философиялық принциптерiнен шығады. Осы принциптерге сəйкес ғылым тек бақылау жүргiзiп отырған затын баяндауы тиiс, ал бақылауға тікелей берi лмеген мəлiметтер менiшкi механизмдердi талдау алдамшы болады. Осыдан барып, бихевиоризм психологиясы сананы емес, əрекет-қылықты зерттеуi керек деген негiзгi тезис тұжырымдады. /3/

Бихевиористер сана деп адамныц тек басынан кешкен субъективтi мағлұматтар жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниенi бейнелейтiн мидың нақты қызметi екенiн олар мойындамайды, сөйтедi де психиканың материалдық субстратын құрайтын ми физиологиясына қарсы шығады. Бихеворизм теориясын қалаушы — Э. Торндайк. Ал оның бағдарламасын жасап, «бихевиоризм» терминiн енгiзген Дж. Уотсон. Бихевиоризм тағлиматының кризистк халге жетуi — сана, ойлау, ерiк сияқты негiзгi ұғымдарды психологиядан шығарып тастап, психиканың əлеуметт iк жағын ескермеуiнде.

Гештальтпсихология (нем. гештальт — бейне, құрылым, бiр тұтас форма) — ХХ ғ.бас кезi нде Германияда пайда болған идеалистi к психологияның бiр бағыты. Басты өкi лдерi:                          М. Вертхаймер, В. Келлер, К. Кофман, К. Левин. Гештальтпсихология механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативтi психологияға қарсылық бiлдiру рухында туды. Гештальттылар «элементтер психологиясына» қарсы əрбір психологиялық процестiң бiртұтастығы мен өзiндк сапасын жақтады. Олар тұтасты (гештальт) элементтерден тiптi өзгеше жаңа, өзiнiң iшкi заңдылығынан туып, өзгерiп отыратын, түсiндiрiп болмайтын, тек баяндауға ғана келетiн құбылыс деп пайымдайды. Гештальтпсихологияның тұтастық идеясы динамикалық ситуация мен оның формальды құрылымының бiр бүтiндiгi негiзiнде iс жүзiне асырылды. «Гештальт» ұғымын алғашқы ендiрген Эренфельд. Оның айтуынша, бұл сгым мынадай мазмұнды қамтиды: айталық, бiрнеше дыбыстi тiркендiргiштерi iркестip берiлдi дейін. Сонда, бұл дыбыстар бiр-бiрiмен байланыссыз əсерлер ретiнде қабылданбай, белгiлi құрылымы бар, сол дыбыстардың «гештальты» болып табылатын «əуен» ретiнде қабылданады.

Гештальтпсихология бағытының осал тарапы психологиялык; күбылыс бейне мен оны туындататын нақты əрекет арасындағы байланысты жок. шығарғандығы. Гештальттылар ұғымы бойынша бейне тек өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мəндi құбылыс саналды, оның нақты заттық дүниемен байланысы сыр күйiнде қала бердi. Осы екi маңызды категориялардың (бейне мен нақты дүние) басын қосып, психологиялық болмысты талдаудың ортақ жүйесiн бере алмағандықтан, гештальтпсихология ғылыми мектебi соғыс алды жылдарында тарады.

Генетикалық психология.  Швейцария ғалымы Ж. Пиаженiң генетикалық психология теориясы психология ғылымының кең өрiс жайған бағыттарының бiрi. Өз зерттеулерiн негiзге ала отырып, Ж. Пиаже генетикалық əдiстi психологиялық болмысты тануда жетекшi əдiснамалық принцип дəрежесiне көтердi.

Өз зерттеулерiнде ғалым бала ақылесiнiн  қалып-тасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектiнiң дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегi интеллект табиғаты мен қызметiн бiлуге болады деп пайымдады.

Пиаженiң негiзгi мiндетi адам интеллектiнiң құрылымын зерттеу. Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тiршiлiктiң эволюциялық даму барысында жеткен нəтижесi деп бiлдi, яғни интеллекттiк күрделi ақылестiң жай психикалық элементтерден құралатынын дəлелдемекшi болды.

Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесi — баланың бiртұтас дамуын ескерместен, ақыл-естің epiстеу тұғырын интеллекттiң өзiнен iздедi, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи əрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады.

Пиаженың теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегi ойлау қабi леттерiнiң көзi өткендегi ой мүмкiндктерi нде болатынын дəлелдеп бақты. Ой қабiлетi өзiнен-өзi бiтбейтiнiн, ал даму адам қасиетi екенiн, сол адамның адамгершiлк қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты дамып, ойлау дəрежесiнiң көтерiлетiн тiптi көребiлмедi.

Генетикалық психология зерттеулерiндегi ең үлкен олқы-кемшiлк: интеллект даму деңгейЫқ бiрiнен екiншiсне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, əлеуметтiк-қоғамды  фактордың жеке адам қалыптасуындағы мəнi жоққа шығарылды.

Фрейдизм Негiзiн австриялық психолог З. Фрейд қалаған, жеке адамның жан төркiнiн, дамуын иррационализм (саналы дəлелi жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалық факторларды саналы əрекетке ткелей қарсы қоюмен дəлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Алғашқыда есi ауысу сырқатына тап болғандарды емдеу мен олардың сырқатының табиғатын түсiндiруге бағышталған бұл iлiмкейiн адам жөн iндегi жалпы тағлимат дəрежесiнде ұсынылды. Фрейдизм iлiмiнiң негiзгi сарыны: адам табиғаты астар санадағы психикалық күштер (олардың iшiндеге бастысы — либидо (жыныстық құмарлық) мен сол адамға жау əлеуметтiк ортада тiршiлiк сақтау қажетітгi арасындағы мəңгi өшпес келiспестк пен арпалыста дамиды, қалыптасады.

Қоғам өзiнiң шектеулерiмен адамды күйзелi ске түсiредi, оның санаға бағынбайтын құмарлықтарын басуға тырысады. Сондықтан бұл көңiл шарпулары жəне сезiм көрiнiстерi айналма жолдармен невротикалық белгiлер түрiнде жарыққа шығады (түс көру; қате, жаңсақ сөйлеу, жазу; қажет, бiрақ ұнамсыз болғанды ұмыта қалу, ойланбай айтып салған оспақ əзi л, т.б.). Осыдан З. Фрейд адам iс-əрекетiнiң бəрi объектив болмыс туындатқан сана басқарымында болмай, адамның өзi сезе бермейтiн бейсанадағы ықпалдар жетегiнде жүредi деген тұжырымды бетке ұстайды. Фрейдизм, ақырында, адам қылығы қоғам-дық даму заңдарына бағынбай, иррационал психикалық күштер ықпалында болуын дəрiптеуiнен, адам əрекетiнiң бəрi агрессив, оны тəрбиемен өзгерту мүмк iн емес деген реакцион идеяның арқауына айналды.

.

Тағы рефераттар