Заңды қорғау органдарының түсiнiгi мен мiндеттерi туралы қазақша реферат

Заңды қорғау органдары

Заңды қорғау дегенiмiз бұзылған құқықты орнына келтiруге, заң бойынша мiндеттiң орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет органың мәжбүрлеу қызметi. Демек, бұл қызметтiң жүзеге асырылуы үшiн бiреудiң заңда белгiленген құқығы бұзылуы қажет. Мәселен, бiреудiң мүлкiне зиян келтiруге болмайды. Егер кiм болса да қасақана немесе абайсызда бiреудiң меншiгiне зиян келтiрсе (ұрласа, бүлдiрсе, жоғалтса) кiнәлi адам оның орнын толтыру керек. Заң азаматтарға, лауазымды адамдарға көптеген мiндеттердi жiктейдi. Егер олар осындай мiндеттердi орындамаса немесе тыйым салынған iстердi жасаса жауапқа тартылады.

Келтiрген зиянды кiнәлi адам мүмкiндiгiнше өз еркiмен орнына келтiруi тиiс. Мәселен, машина жүргiзушi абайсызда бiреудiң сиырын басып кеткен бiрақ, оның құнын өз еркiмен төлейдi. Мұндай жағдайда зардап шеккен адам соттан зиянын өтеу туралы көмек сұрамайды.

Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды да заң қорғайды оларды орнына келтiру жолдарын белгiлейдi.

Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа да қатiгездiк немесе адамдық қадыр қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды. (17-бап)

     Егер заңның осы талабы бұзылса, қиянат көрген адам мемлекет органының көмегiн сұрауға құқылы.

Сонымен, бұзылған құқықты орныныа келтiру үшiн де, заңда белгiленген мiндеттi орындамаған үшiн кiнәлi адамға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Осы шараларды қолдану үшiн ерекше заң қорғау органдары құрылады. Мемлекеттiң мәжбүрлеу кiнәлi адамға әсер етудiң қатаң құралы болғандықтан, ол мүлтiксiз заң негiзiнде қолданылуы қажет. Былайша айтқанда, мәжбүрлеу шараларын мемлекет органдары тек заңға сәйкес және заңның көлемiнде қолдануға тиiс.

     Заңды қорғау үшiн мемлекетiмiзде мынадай органдар құрылған:

     Сот. Сот билiгi Қазақстан республикасы атынан жүзеге асырылады. Оның алдына қойылған мақсат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, шындылық пен әдiлеттiлiктi қамтамасыз ету. Сот iстердi аттасушы жақтардың тiклей қатысуымен жүргiзедi. Сотта iс қағаз тiлiнде немесе қатысушыларға түсiнiктi нұсқа тiлде жүргiзiледi. Сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн адам ана тiлiнде сөйлеуге хақы бар. Мұндай адамның сөзiн сот аудармамен қамтамасыз етедi. Соттың iс ашық жүргiзiледi. Тек  мемлекеттiң құпиясын, отырысының сырын сақтау керек болса, iс соттың жабық мәжiлiсiнде қаралады.

Соттың шешiмдерi мен талаптарын барлық органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және азаматтар орындауға мiндеттi. Орындамаса, кiнәлi адам жауапқа тартылады.

Судьялар iс қарағанда тәуелсiз болып саналады. Сот iсiне ешкiмнiң араласуға хақы жоқ. Сот iсiне араласқан, сот әдiлдiгiне қол сұққан адам жауапқа тартылады.

Судяға ешкiмнiң тиiсуге хақы жоқ. Оны қамау үшiн, күштеп әкелу үшiн судяны сайлаған орган келiсiмiн беру керек.

Қазақстанда сот қызметiн атқаратын Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Жоғарғы төрелiк сот, жергiлiктi соттар құрылған.

 Прокуратура. Заңның дәлме-дәл және бiркелкi орындалуын қадағалайтын орган. Кейде мемлекет органдары, лауазым иелерi заң өмiрдiң барлық ерекшелiктерiн ескермейдi деген сылтау мен заңның талаптарын бұрмалауға, дәлме-дәл орындамауға тырысады. Немесе заңды ашықтан-ашық бұзатын әрекеттер жасайды. Осындай сәттерде прокуратура органдары бұзушы мемлекет органынан, лауазым иесiнен заңды бұрмалауды, бұзуды тоқтатуын, заңның қағидаларын дәлме-дәл орындауын талап ете алады. Сонымен қатар прокуратура органдары қылмысты қудалауды жұзеге асырады.

Қылмыс бойынша iс қозғайды, қылмыс жасағандарды жауапқа тартады, тергеу жүргiзедi. Ал, соттарда iстердi қарағанда мемлекет атынан айыптаушы ретiнен қатысады.

Прокуратура органдары, онда iстейтiн қызметкерлер өкiлеттiгiн жүзеге асырғанда ешкiмге тәуелдi емес, тек қана заңға бағынады. Прокуратура органдары қоғам өмiрiнiң барлық салаларында заңның дәлме-дәл және әркелкi орындалуын қадағалайды. Сондықтан, Қазақстан республикасы прокуратурасының құрамында облыстық дәрежедегi 21 прокуратура, 39 қалалық, 243 аудандық, 13 әскери прокуратура, еңбекпен түзеу мекемелерiн қадағалау жөнiнде 7, 11 табиғат қорғау, 22 көлiк прокуратуралары бар. Бұл органның мақсаты–қайтадан күнде де заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, осы шараларды жүзеге асырудың негiзiнде тәуелсiз мемлекетiмiздiң нығаюына жәрдемдесу.

Iшкi iстер органдары. Заң бойынша iшкi iстер органдарының мiндеттерi мыналар:

—   жеке адамның, азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау;

—   қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

—   қылмысқа қарсы күресу;

—   өз құзiретi шегiнде қылмыстық жазалауды және әкiмшiлiк шара қолдануды орындау;

—   жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оны жүргiзушiлер мен автотехника құралдарын қатыстыра мемлекеттiк рұқсат беру, жол жүрiсi саласында ережелердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

—   елдi мекендерде, меншiк түрiне қарамастан, шаруашылықты жүргiзу объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгi жағдайын қадағалауды қамтамасыз ету және өрт сөндiрудi.

Заңды қорғау үшiн iшкi iстер органдары қылмыс пен күресiп, оның алдын алу шараларын қолданады. Қылмыс жасады деген сезiктi адамды ұстап, қамай алады. Егер 18 жасқа жетпеген және заң бұзған адамдарды дереу оқшаулау қажет болса, оларды кәмелетке толмағандарға арналған қабылдау-бөлу орындарына отырғызады, панасыз  қалған балалар мен жас өспiрiмдердi қамқоршы және қорғаншы органдарға жеткiзедi. Алдын ала ықпал жасалуға тиiстi адамдарды анықтап, олардың есебiн жүргiзедi.

Қажеттi жағдайда милиция қызметкерлерi атыс тыруын қолдануға құқылы. Мына жағдайда: азаматтар олардың өмiрiне немесе денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан қорғау үшiн; кепiлге алынғандарды босату үшiн; өздерiнiң өмiрiне, денсаулығына қатер төндiретiн шабуылды тойтару үшiн; қарулы қарсылық көрсеткен немесе ауыр қылмыс үстінде кездескен, қамауылдан қашқан адамдарды үстау үшiн қару қолдана алады.

Ұлттық қауыпсыздық органдары. Қауiпсiздiк органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекеттi iшкi және сыртқы қауiп-қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдар. ұлттық қауыпсыздық органдары өз кызметiн азаматтардың құқығы мен бостандығын  қатаң сақтау жағдайында жүзеге асырады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықы заңсыз шектелген жағдайда қауiпсiздiк органы оларды қалпына келтiру, азаматтарға келтiрiлген зиянның орнын толтыру және кiнәлi адамды жауапқа тарту шараларын қолдануға мiндеттi.

Өзiнiң мiндетiн жүзеге асыру үшiн қауiпсiздiк органдары барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асырады. Шет мемлекеттр мен шетелдiк ұйымдардың арнаулы қызметтерiн барлау-бүлдiру әрекеттерiне, територизмге қатысы бар қылмысқа, контрабандаға қарсы күрес жүргiзедi. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын, егемендiгi мен аумақтық тұтастығын заңға қайшы қол сұғушылықтан қоғауға қатысады. Жаппай тәртiпсiздiк пен ұлт аралық қақтығыстардың алдын алу және олардың таралмауы шараларын жүзеге асырады. Айтылған жағдайларға байланысты қылмыс пен күрес жүргiзiп, тиiстi шаралар қолданады.

.

Тағы рефераттар