Заңды тұлға туралы ұғым туралы қазақша реферат

Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік. / 1.2., 14 бет./

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген:   «Меншік, шаруашылық жүргізу  немесе жедел басқару құқығындағы  оқшаау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүиеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп таңылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады»

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды:

1. ұйымдасқандық бірлігі;

2. мүліктік оқшаулығы;

3. Дербес мүліктік жауапкершілігі;

4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан  бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан  заңның  өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымнан көрінеді, сол арқылы  қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін,егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

         Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық  құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке затық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргүзу немесе оралымды басқару құқығы  туралы болып отыр.Комерциялық ұйымдағы  дербес балансын мөлшері мен мекемедегі  смета заңды тұлғаның  оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.

Дербес мүліктік  жауапкершілік дегеніміз-Ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеселі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже .Ал, меншік  иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық  кәсіпорындар Азаматтық кодекстің  44- бабының 1- тармағы 2-бөлігіне  сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның  міндеттемелері бойынша қосымша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілермен  тағайындалуы мүмкін.Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған:Толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың  тиісті серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушыларынам тиісті

серіктестіктеріне  қатысушыларына тиісті серіктестеріне қатысушылардың  тиісті серіктестіктеріне  қатысушылардың  тиісті серіктестіктердің  міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63 бабының 1-тармағы,72 бабының 1- тармағы,); 2)кооператив  міндеттемелері бойынша өндірістік  кооператив мүшелерінің жауапкершілігі( АК-тің 96-бабының 3 тармағы ); 3)Егер заңды  тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса,заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі(АК-тің 44-бабының 3-тармағы);4) еншілес шаруашылық мәмілесі  бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабының 2-ші бөлігінің),сондай негізгі  шаруашылық  скріктестігнің  кінәсінен еншілес шаруашылық (АК-тің 77-бабына 1-тармағының 2-бөлігі ) және тағы басқа  жағдайлардағы  жауапкершілік.

Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық- құқықтық белгісі.Ол оның  сотта талапкер және жауапкер болуына ,өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүкіндік береді.

Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субьектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында  заңды тұлғаның маңызы (мәні),яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.Олардың авторлрры заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны  қандай және заңды тұлғаның  мән мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әр түрлі әр түрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық теориясында көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор  С.И.Аскназий мемлекеттік ілімнің авторы. Ол былай деп айтқан : Мемлекеттік заңды тұлғаның  артында мемлекеттіңөзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды». Әдебиетте  бұл теорияны көп сынайтындар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой деген уәж айтады.

Академик А.В.Венедиктов «ұжым ілімін» алға тартты. Бұл ғылымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары қызметкерлерінің ұжымы. Ал ғалым Д.М.Генкин «әулеметтік ақиқат» теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілік түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады.Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін алға тартты,оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады.

Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың әулеметтік байланыстар ілімі, А.А.Пушкиннің ұйымдастыру ілімі Е.А.Сухановтың мақсатты мүлік тәрізді ғылыми тұжырымдары  айтарлықтай кең тараған.Сөйтіп,заңды тұлғаға адамдардың қатынасы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекет заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асырудағы, мәмілелерді жасауда еркі танылады.

Кейбір авторлар бұл авторларды бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары  мен міндеттерін жасырын атқарушы тұратындығын дәлелдемек болды.

Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де өртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі.Мәселен К.Ф.Савиньи Фикция теориясының негізін қалады.К.Ф.Савиньи көзқарасы бойынша,шын мәнінде құқық субьектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады.Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін  адамның тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойданшығарылған субьектісін алға тартады. Ал неміс ғылымы  Гирке болса органикалық теорияның тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаның адам тұлғасымен салыстырылады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.

Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлердің кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.

.

Тағы рефераттар