Жаңа тауарды жоспарлау туралы қазақша реферат

Жаңа тауар дегеніміз қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиеттерімен ерекшеленіп рыноққа ұсынылған жаңа өнім.

Жаңа тауардың маңыздылығын мына факторлар бейнелейді:

* пайданы өсіруге көмектеседі;

* қалыптасқан тауар және ассортимент топтарына қарағанда ерекше қасиеттері бар;

* өндіріс қалдықтарын пайдалануға мүмкіндік жасауы мүмкін;

* фирманың инновациялық қабілетін сақтауға және оны көтеруге ықпалы бар;

* маусымды жұмыс жасайтын фирмалардың шығындарын 100 бөлігін азайтып, өткізу арналарын жыл бойы тұрақтандырады:    тұтынушылардың демографиялық өзгеріс сипаттамаларына өндірісті сәйкестендіруге жағдай жасауы мүмкін. Жаңа тауарды жоспарлау ісі келесі сатылардан тұрады:

1. Идея жинау сатысы жаңа тауар шығару мүмкіндіктерін үздіксіз ізденуден тұрады. Бұл ізденулер жүйелі түрде жасалынуы тиіс. Ал тек оқта-текте ізденіп жаңа тауарлар идеяларына зер салатын болса, онда фирма көптеген идеялар табуы да мүмкін, бірақ олардың көбісі фирма қызметінің саласынан алшақ жататыны айқын. Мұндайды болдырмау тек жоғарғы басшыларға жүктеледі.

Жоғары басшылар жаңа тауарларды әзірлеудің нақты стратегиясын жасауы тиіс. Бұл стратегияда қандай тауарларға және қандай нарықтарға негізгі көңіл бөлінуі тиіс екендігі айқындалып, фирма жаңа тауарлар арқылы неге қол жеткізе алуы тиістігі нақпа-нақ көрсетілуі қажет. Сонымен қатар бұл стратегияда мүлде жаңа тауарлар мен бұрыннан келе жатқан тауарлардың жетілдірілген түрлерін шығаруда күш-жігерді қайсысына көбірек жұмсау керектігі де анық айтылуы тиіс.

Ол идеяларды фирманың қызметкерлерінен, өтім арналарынан, үкімет органдарынан және бәсекелестердің тауарларын салыстыру арқылы жинауға болады. Негізінде идея жинаудың үш әдісі бар: «ой шабуылы», тауарларды талдау, сауалдама арқылы.

2. Өнімді бағалау сатысында іріктеу арқылы жарамсыз идеяларды талдаудан тыс шығарады. Көптеген фирмаларда жаңа тауарлар жөніндегі идеяларды мамандар стандартты бланкіде жазып шығады, ал олар өз кезегінде жаңа тауарлар жөніндегі комиссияға ұсынылады. Мұндай өтініште жаңа тауардың сипаттамасы, мақсатты нарығы және оның бәсекелестері, сонымен қатар нарықтың шамамен алғандағы сыйымдылығы, жаңа тауарды әзірлеуге жұмсалатын уақыт және оның қаржысы, өндіріске енгендегі құны және пайда нормасы көрсетілуі тиіс.

Егерде идеяларды қалыптастыру (жинақтау) мақсаты оларды көп әзірлеу болса, іріктеу кезеңінің мақсаты оларды мейлінше қысқөарту болып табылады. Ол үшін «іріктеу тізімі» қолданылады. «Іріктеу тізімінің» бір шетінде жаңа тауардың маңызды қасиеттері көрсетіледі, ал екінші шетінде идея бойынша өндірілетін тауарлары салыстырылады.

3. Тұжырымдаманы тексеру сатысында тұтынушыға өндірілетін тауар ұсынылады, сол арқылы оның затқа деген ниеті мен сатып алуға деген ынтасы анықталады.

4. Экономикалық талдау сатысында сұраныс болжалданылады, шығындар мен пайда есептелінеді.

5. Өнімді шығару сатысы идеяны нақты іс-қимылға айналдыру деген ұғым.

6. Байқау маркетингісі сатысы дегеніміз өнімді бір, немесе бірнеше таңдаған аймақта өткізіп көру.

7. Коммерцияға енгізу сатысы тауар өміршеңдік кезеңінің енгізу фазасына сәйкес келеді.

Жаңа тауарды сатып алушылар тұтынушы ретінде мынадай түрлерге бөлінеді:

• «жаңашыл тұтынушы» жаңа тауарды қызыға бірінші болып тұтынып, сапасын сынайтын тұтынушылар;

• «жақтаушылар» тауарды атақты және сән ретінде болуына себепшілер;

• «прогресшілер» өсу фазасында тауардың өтімін қамтамасыз ететін тұтынушылар;

• «күмәнданушылар» жетілу фазасында тауардың өтімін қамтамасыз етуге кешіккендер;

• «кертартпалар» жаңа тауарды оның дәстүрлі кезінде ғана қабылдайтын тұтынушылар.

Демек, шығарылған жаңа тауарлардың бәріне рынокта сұраныс бірдей болмайды. Жаңа тауардың сәтсіз жолы да болуы мүмкін, егерде ұтымды ерекшеліктері жеткіліксіз болса, дұрыс жоспарланбаған болса, немесе рынокқа шығу мерзімі дәл анықталмаса.

Тауарды тестілеу. Жаңа тауарлардың сапасы мен сұранысын анықтау үшін тестілеу жүргізіледі. Мысалы, бір жыл ішінде шетелде бірнеше жаңа тауарлар тестіленеді. Ал оның ішінде тестілеудің нәтижесінде шамамен 40% «сәтсіз» тауарлар болып шығады. Англия, Бельгия, Голландия және Германияда Еуропадағы ең жоғары беделге ие болған төрт тестілеу орталығы орналасқан. Олар неше түрлі тауарларды және қызметтерді тестілеу жұмысын атқарады. Ал дәрежесінің ең күштісі Берлиндегі «Test» журналын шығарушы (1964 жылы ФРГ парламенті құрған) тауарды тестілеу орталығы «Stiftung Warentest» («SW») болады.

Кейінгі жылдарда бұл орталықтарда негізінде тұрмыстық электроника бұйымдары және де басқа ұй тұрмысына қажет бұйымдар тестіленетін болған.

Ол тауарлар 5 баллдық шкаласымен бағаланады. Оның белгілері: өте жақсылары «++», жақсылары «+», орташалары «0», нашарлары «», өте нашарлары «—». Тауарлардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы негізгі белгілері болып саналады.

Кейінгі кезде Ресейде рыноққа ұсынылған шетелдік жаңа тауарларға тестілеу жүргізілетін болған. Тестілеудің қорытындысы тұтынушыларға арналған «Спрос», «Добрые советы» журналдарында жариялануда. Ал бұл журналдар Қазақстанда да таратылады. Біздің елімізде осылай тестілеу жүргізілуі тұтынушыларға тиімді және қолайлы болар еді. Бұл халыққа көрсетілген қамқорлық болуымен қатар кәсіпкерлерге де тиімді және өтімді тауарларды таңдап алуға көмектесер еді.


Тағы рефераттар