Гуманистік педагогиканың негізінде алынатын бастауы гуманистік идеялардың бірі, адам табиғи жаратылысына ерікті, ол Жаратқаннан басқаға тәуелсіз, тек дүниедегі мақсатын    саналы іске асыру үшін жаратқанға ұмтылу арқылы ғана өзін баққытты сезіне алады. Адамның Адам болуына, оны өзге тіршілік иелерінен ерекшелендіретін дарыған құдіретті күш бар,

Өнегелілік — тәрбие мне оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық т.б. қасиеттері жатады. Өнегелілік қасиеттер – идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезім арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады. Өнегелілік құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Өнегелілік — сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлға аралық қатынасын дамыту, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуі, оның өзге адамдарды түсінуі, әр адамн-ың құндылығын және даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі, сырт көзбен қарап, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс.  Тәрбиені ізгілендірудегі басты мақсат оқушылардың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге,  өзін және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру назар аударылады.

Рухани–адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысаны баланы құрметтеу, оның рухани бойында жаратқанның ұлы қуаты бар. Адамның рухани  мұқтаждығын қанағаттандыратын іс- әрекет түрлері, өмірдің мәнін түсіну үшін жасалған іс-әрекет. Өмірдегі мәдени қалыптарға құндылық қатынас орнату, оқушының өзін-өзі күту мәдениетін, экологиялық мәдениетін, еңбек ету мәдениетін, құықтық-руханилық және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу арқылы  іске асырылады. Жасөспірімдердің бойына өнегеілілік қасиеттерді қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлы мұратын насихаттауды естен шығармауымыз керек. Демек ата-бабаларымыздың асыл қазыналары арқылы жасөспірімдердің бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастыруға  болады. Міне, сол арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани құндылықтарын бала бойына сіңіріп, өз елінің, Отанының адал азаматтарын тәрбиелей аламыз.

Бұл жұмысты жүзеге асыру аса қиын емес. Себебі ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпқа негізделген жас ұрпақты тәрбиелеу әдісі бар. Жоғарыда атап өткен дана бабаларымыз бен кемеңгер ғұламаларымыздың баға жетпес құнды еңбектері бар. Рухани тәрбиені теорияылық тұрғыдан қазіргі заманға сай саралап, қазақ тілінде кемеліне жеткізген кемеңгер А. Құнанбаев пен Ш. Құдайбердиев бар. Тек осы қазыналарды орнын тауып қолдана білуіміз керек.

Қоғамның жылдан жылға өнегелілік қасиеттерінің азғындалып бара жатқанының себебі де осы ар ілімінің оқылмай, рухани тәрбиенің берілмей жатқаны. Сондықтан өнегелілік қасиеттерді қайдан аламыз, қалай береміз дегенде, алыстан іздемей-ақ  өзіміздің осындай дара ойшылдарымыздың дана өсиеттерін алуымыз керек.

Қазіргі жастарымыз батыстың мәдениетіне бой ұра бастады. Бұған тосқауыл қою керек. Өйткені күнде ұлттық болмысымыздан айырылып барамыз. Тек қазақ халқының қанында бар рухани асыл қасиеттердің өзге халықтарда кездесе бермейтіндігіне жастарымыздың көзін жеткізуіміз керек.

Ендеше егемендігіміз мәңгілік болсын десек, оның болашағы — жастардың тәрбиесін, оның ішінде  ауыл жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесін кешіктірмей қолға алуымыз керек-ақ.
Тағы рефераттар