“Жауды жоюға” және “Жауға қарсы аттан!” газеттері туралы қазақша реферат

Алғаш басылым Брянск майданыныда шыққан. Бас редакторы А.Воловец, орынбасары Т.Мұсақұлов.“Жауды жою- ға”,“Неміс оккупанттарына өлім!” деген ұранмен аптасына екі рет шығып тұрған. Бұл газет кейіннен “Алға – жауға қарсы!” деген атпен калинин майданында, соңында “Жауға қарсы аттан!” деген атпен 1-Прибалтикамайданында шығарылған. Соңғы редакторы М.Рамзин,Ж.Айтмұратов,әдеби тілші Д.Әбділов болған.

“Дабыл” газеті “Неміс окупанттарына өлім!” деген ұранмен, 4 беттік көлеммен Қиыр Шығыс майданның органы ретінде шығарылған. Бас редакторы С.Устинов, орынбасары А.Жүсіпов, Е.Қалиев. Бұл басылымның 1944 жылдың қыркүйек айына дейін 74-нөмірі жарық көрген.

          “Суворовшы” — 2-Прибалтикамайданының органы. Газеттің редакторы Н.Бубнов, орынбасары Т.Мүұсакұлов. Мұнда әр кездері Қ.Шәріпов, Қ.Сүлейменов, Ж.Жұмақановтар қызмет атқарған.

Осы газеттің 1944 жылғы 29 раурыз күнгі санында “Қазақ халқының аманаты” атты екінші бір бас мақала жарияланған. Онда, “Отанды сүю,жауды жек көру, ерлік, батырлық, халқымызға тән қасиет.Бұл ұлы бабаларымыз–С.Датов,И.Тайманов,К.Қасымов,А.Иманов сияқты боздақтардан мұра болып келеді”,-деп бүкіл қазақ халқы Отанын қорғап жүрген боздақтарынан үлкен үміт күтетіндігі айтылды.

“Сталиндік жауынгер” және “Суворовшы қыспақ” газеттері. Алғашқы басылым Приморье тобы әскерлерінің органы. Аптасына екі рет, “Советтік Отанымыз үшін!” деген ұранмен,4 бет көлеммен шығып тұрған.Бас редакторы Перов орынбасары Н.Қасымов.1945 жылғы қазан айына дейін 80 нөмері жарық көрген. Екінші “Суворовшы қыспақ” газеті За- байкал-Амур әкери округының органы. Редакторы М.Мельянцев, ал орынбасарлары әр кездері А.Зәкарин, Ж.Айтмұратов, Ә.Қартаңбаевтар болған.

Соңғы майдандық басылым “Қызыл әскер ақиқаты” – Батыс майданның органы болған. 1945 жылғы нөмерлері “Неміс оккупанттары құртылсын!” деген ұранмен шыққан. Редакторы Я.Форменко, Б.Юнусалиев, әдеби қыхметкерлері Ғ.Әшібаев, Т.Мұқанов, Қ.Нұрмұқановтар.

Сөйтіп, майдандағы қазақ газеттері жауынгерлердің ерліктері мен қатар, тылдағылар -дың жанқиярлық еңбектерін кеңінен жазды. Көпшіліктің жеңіске деген сенімін шыңдады.
Тағы рефераттар