Жеке және заңды тұлғалардың депозиті бойынша операцияларды ұйымдастыру туралы қазақша реферат

Акционерлік Қоғам «АТФБанктің» (әрі қарай банк) депозиттік саясаты  Қазақстан Республикасының «ҚР банктік қызметі және банктері туралы» (әрі қарай заң) заңына, ҚР нормативтік құқықтық актілеріне, ҚР Ұлттық Банкі 01.12.2001жылы берген №239 банк лицензиясына, банк жарғысына  сәйкес өңделген.

Депозит (салым) – депозитор (салымшы) банкке ақша беріп, номиналды түрде, бірінші талап бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін, біржола немесе бөліп, алдын-ала келісілген пайыздық ставкалар бойынша сыйақы сомасын қоса, депозитордың өзі немесе оның тапсырысы бойынша үшінші сенімді тұлға арқылы қайтарып алатын ақшасы. Салымшылар (депозиторлар) болып ҚР резидент және резидент емес, жеке және заңды тұлғалар бола алады.

Депозиттік саясаттың артықшылықтары мен жолдамаларын банк ҚР заңдарынын талаптарына сүйене отырып өздері тағайындайды. Депозиттік  саясат банктің әр құрылымдық бөлімшелеріне біркелкі болып келеді және оған түзетулер мен енгізулерді Банк акционерлерінің жиналысында Директорлар Кеңесі тағайындайды.

Жеке және заңды тұлғалардан, ішкі және халықаралық қаржылық нарықтан тартылған салымдарды Банк несиелік ресурстардың қалыптасуына, болашақта орналастыру мақсатымен жібереді.

Депозиттік саясаттың міндеті жинақтау шотында ақша көлемін көбейту болып отыр. Сондықтан, депозиттік саясат жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын тарту, Банк жобаларын қаржыландыру үшін депозит қаржыларының жеткіліктілігі, салымның жаңа турлерін өңдеу мен енгізу үшін және банк салымшыларына қосымша қызмет көрсету үшін негізделген.

Жеке және заңды тұлғалардың салымдарын қабылдаудың шартын Банк өз еркімен анықтайды. Заңды тұлғалардың салымдарын – маркетингтік басқарма, ал жеке тұллғалардың салымдарын – бөлшек бизнестің департаменті анықтайды. Салым қолма-қол және/немесе қолма-қолсыз түрде, ұлттық және/немесе шетел валютасында қабылданады.

Салымның қайтарылу шартына байланысты келесідей түрлерге бөлінеді:

  1. Талап ету салымы – белгісіз мерзімге салынған ақша сомасы, бұл салым түрі бірінші талап ету бойынша қайтарылады.
  2. Жедел салым – белгілі бір мерзімге салынған ақша сомасы, белгіліенген пайыз ставкасы бойынша сыйақы сомасы төленеді.
  3. Шартты салым – келісім шартта белгіленген  белгілі бір жағдайларға дейінгі салым түрі. Салым үшінші тұлғаның пайдасына салынса, ол келісім шартта белгіленген жағдайларда ғана салыммен пайдалана алады. Белгіленген шартқа дейін, үшінші тұлға салымшының жазбаша түрдегі рұқсатымен ғана пайдалана алады.

АТФБанктің клиенттеріне ұсынатын депозит түрлері:

«АТФ-Лидер»

«АТФ-Престиж»

«АТФ-Перспектива»

«АТФ-Корпоративный»

«АТФ-Классик»

Депозит түрлері әрқайсысының шарттары мен мүмкіндіктері бойынша ерекшеленеді. АТФБанктің қосымша артықшылығы:

ü Салымшының шотында 500 АҚШ доллар ақша сомасы болса, VISA-Electron пластикалық картасын, жылдық қызмет көрсету үшін бірінші жылға комиссиондық төлемісіз алады.

ü Банк салымшылары, яғни депозит иелері немесе депозит ашушылар келесідей пластикалық карталарын ала алады:

  • Ø VISA-Classic  салым сомасы 500-1000 АҚШ долларына дейін
  • Ø VISA-Gold  салым сомасы 1000 АҚШ долларынан астам болса

«АТФ-Лидер» депозиті бойынша жеке тұлғалармен жасалатын келісімшарт үлгісі №1-қосымшада көрсетілген.

Депозиттің артықшылығы:     ай сайынғы капиталдандырумен сыйақы төлеу – депозит бойынша сыйақы ай сайын депозит сомасына қосылып отырады, депозит валютасын шарттың қолданыс мерзімі ішінде сыйақыны жоғалтпай өзгерту мүмкіндігі, есептелген сыйақыны жоғалтпай шартты мерзімінен бұрын тоқтату.

Депозит мерзімі:                      12айдан 5 жылға дейін.

Депозиттің ең төменгі сомасы:       45000тг немесе 400АҚШ долларынан бастап.

Бөлшектеп алу мүмкіндігі:     төмендетілмейтін қалдықты қолдау шартында сыйақыны жоғалтпай.

Толтыру мүмкіндігі:               шектеусіз.

Сыйақы мөлшерлемесі:        Теңгеде: 12ай – 10,0%; 13-36ай – 11,0%;          37-60ай – 11,3%.

АҚШ долларында: 12ай – 7,5%, 13-36ай – 8,5%;

37-60ай – 9,0%

Еурода: 12ай – 5,5%; 13-36ай – 6,5%;

37-60 – 6,5%

«АТФ-Классик» депозиті бойынша жеке тұлғалармен жасалатын келісімшарт үлгісі №1-қосымшада көрсетілген.

Депозиттің артықшылығы:     депозит бойынша сыйақы сомасы банктік салым келісімшартының мерзімінің соңында төленеді, келісімшарт 1жылдан астам уақытқа жасалса, депозит бойынша сыйақы әр квартал сайын төленеді.

Депозит мерзімі:                      1айдан 10 жылға дейін.

Депозиттің ең төменгі сомасы:       10000тг немесе 100АҚШ долларынан бастап.

Бөлшектеп алу мүмкіндігі:     қарастырылмаған.

Толтыру мүмкіндігі:               қарастырылмаған.

Сыйақы мөлшерлемесі:        жылдық 10%

«АТФ-Перспектива» депозиті:

Депозиттің артықшылығы:     белгілі бір үшінші тұлғаның атына банктік шот ашу мүмкіндігі; шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, сыйақыны төлеудің икемді схемасы.

Депозит мерзімі:                      3жылдан 10 жылға дейін.

Депозиттің ең төменгі сомасы:       75000тг немесе 500АҚШ долларынан бастап.

Бөлшектеп алу мүмкіндігі:     қарастырылмаған.

Толтыру мүмкіндігі:               мөлшерін 15000тг немесе 100АҚШ доллар/еуро кем емес, шектеусіз.

Сыйақы мөлшерлемесі:        Теңгеде: 3жыл – 10,0%; 5жыл – 10,5%;          10жыл – 11,0%.

АҚШ долларында: 3жыл – 6,5%, 5жыл – 7,0%;

10жыл – 7,5%

Еурода: 3жыл– 5,5%; 5жыл – 6,0%;

10жыл – 6,5%

Қарапайым пайыздық формуламен клиенттің депозит бойынша сыйақы сомасын есептеу:

Мұндағы: S=(P*t*I/K)

P-тартылған ақша қаражаттарының бастапқы сомасы

t-уақыт

I-жылдық пайыздық мөлшерлеме

K-күнтізбелік жылдағы мөлшерлеме күн саны

S-алғашқы және үстінен қосылатын қайтаруға жататын барлық сома.

Күрделі  пайыздық формуламен клиенттің депозит бойынша сыйақы сомасын есептеу:

S=P*(1+ I*J/ K)*n

J-банк қосылған пайыздардың капиталдандырудың жүргізетін кезеңдегі күнтізбелік күн саны.

n-депозит мерзімі.

Мысал келтіріп кетсем: АТФБанк өзінің заңды тұлға клиентіне депозит шотын 30000 теңге сомасында ашты, жылдық пайыздық мөлшерлеме 12%. Табу керек: бір айдағы сыйақы сомасы және негізгі сомасы, бухгалтерлік жазбада көрсету.

Клиентке қайтарылатын негізгі сома мен сыйақы.

(30000*30*12%/365)=296 (сыйақы)

30000+296=30296

  1. Депозит шотын ашқанда:

Дт-2203

Кт-2201

  1. Клиентке берілетін сыйақы сомасына:

Дт-5211

Кт-2720

Шығын-8330

3.ай соңында негізгі сома мен сыйақы сомасын бергенде:

Дт-2211

Кт-1001
Тағы рефераттар