Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:

— желілік операциялық жүйеден,

— желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.

Желілік операциялық жүйе(NOS, Nerwork Operating System)-желіге қосылғанәрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Олқелілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағвлап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауд(маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows NT, UNIX, Macintosh немесе  OS/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.

Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Осындай бір жұмыс станциясында  орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып ,керекті мәліметтер алушыларға жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады.Желілік  операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орнласады да,қалған бөліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.

Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап,ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін айқындап отырады.Бұған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу рөлін атқарып,каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп,желіні басқару функциясын жүзеге асырады.Кең тараған желілік операциялық жүйелерге   Windows NT Server,Novell Netware,Banyan Vines тәрізділер жатады.

   Желіні басқару программалық құралдары желіні қадағалау,басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады.Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын,желіні жеке иеленудің (TCO Total Cost og Ownership) жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын ала жүргізеді.

Желі администраторлары басқару жұмыс станциясы немесе World Wide Web қызметі арқылы трафиктегі заңдылықтарды қадағалай алады,осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді.Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып олардың әсерлерін азайтады және жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады.Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON және RMON2 сиқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары администраторларға желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.

Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі администраторы туындайтын қиындықтырдың алдын алып отырады.

Программалық құралдар бұған қоса  тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ өзгерулерден сақтайды.Желі администраторлары басқаруға арналған  жұмыс станциясы арқылы пароль орната алады,тұтынушылардың қандай құрылғыларды пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып тіркеп отырады.
Тағы рефераттар