Жер қатынастарын қайта құру кезiндегi қол жеткiзiлген негiзгi жетiстiктердiң бiрi – жердi пайдаланудың  төлемді пайдалану формасына өту.

Жер иеленушiлердiң алдында жердi капиталдың бiр бөлiгi ретiнде тиiмдi пайдалану мәселесi тұрды:

Жерге төлем енгiзуде келесiдей мақсаттар алға қойылады:

– жердi рационалды пайдаланудың экономикалық әдiстерiн жасау;

– жер иеленушiлердiң жердi тиiмдi пайдалануға және оны қорғауға деген қызығушылығын арттыру;

– бюджеттiң кiрiстерiн жердiң өнiмдiлiгiн арттыруды, қорғауды және территорияның әлеуметтiк-мәдени дамуына жұмсауды қалыптастыру.

Жерге төлем келесi негiзгi формаларда жүргiзiледi:

— жеке иелiкке сатылатын жердiң нормативтi құны;

– заңға қайшы келмейтiн азаматтық-құқықтық келiсiм шарттар нәтижесiнде жер иелену құқығы немесе жердiң келiсiлген бағасы;

–          жер салығы немесе арендалық құн.

Қазақстан  Республикасы үкiметi 1996 жылы 8 мамырда арнайы жарғы бойынша жеке иелiкке сатылатын немесе мемлекет тарапынан пайдаланылуға берiлген жерлердiң құнын бекiттi. Сол жылы ақшалай жеке меншiкке сатылатын немесе мемлекет тарапынан пайдаланылуға берiлетiн жер учаскелерiнiң құнын анықтау бекiтiлдi.

Ауылшаруашылық жерлерiн бағалауда ол жердiң сумен қамтамасыз етiлу жағдайы жердiң мелиорациялық жағдайы жер учаскесiнiң шаруашылық орталыққа қатысты орналасуы оның өткiзу нарығына алыс жақындығы ескерiледi. Мемлекет тарапынан жерге бекiтiлген төлем мөлшерi әрбiр әкiмшiлiк облыста әртүрлi, ол ауылшаруашылығына жарамды жерлердiң мөлшерiне, топырақтың типтерi мен типшелеріне назар аударылады.

Жердiң базалық құнының тербелiсi өте жоғары – гектарына 1,4 мың теңгеден (Маңғыстау облысының сұр-қоңыр топырағының жайылымдары) 350,4 мың теңгеге дейiн (Оңтүстік  Қазақстан- сұр топырақты егiстiк жерлерi).

Жер, сонымен қатар қалалар мен елдi-мекендердiң орналасу базисi, құрылыстың өнеркәсiп, байланыс, транспорт объектiсi.

Бұл жағдайда нормативтi құн жердi пайдалану мақсатына қарай құрылыс объектiсiнiң бағасына, ол объектiнiң кiрiсiне, орналасқан аумағына, инфрақұрылымына, қоршаған ортаның экологиялық жағдайына назар аударылады.

Үкiмет қалалар мен елдi-мекендердiң жерлерiнiң төлем құнын бекiтiп, оларды пайдалану нормаларын анықтап, жергiлiктi органдарға базалық құндарды 2 есе көтерiп түсiруге құқық берiлген.

Жердi объективтi бағаламай  жер қатынастарының дамуы мүмкiн емес. Әрбiр жер учаскесi бағаланауы керек, себебi жер қозғалмайтын мүлiк, екiншi жағынан ол бағасы өсiп отыратын капитал.

Зерттеулер көрсеткендей, жердi бағалау әртүрлi елде, мемлекеттiң әртүрлi даму сатысына қарай түрлi мақсатта жүргiзiледi.

Жоспарлы экономикада жер учаскелерi қозғалмайтын мүлiк ретiнде бағаланып, қоғамдағы кейбiр жеке тұлғалар үшiн ғана маңызға ие болды. Жер ресурстарын бөлу мемлекеттiк шенеунiктердiң қолында болды да, оны бағалаудың қажеттiлiгi болмады. Кеңес үкiметi уақытында басқа республикадағыдай Қазақстанда да жердi бағалау проблемасының орнында топырақты бонитеттеу, табиғи-ауылшаруашылық, топырақтық-климаттық зоналау, жердi экономикалық бағалаудың әдiстемесiн жасау, ауылшаруашылық өнiмдерiнiң сатып алу құнын анықтау сияқты жұмыстар түрды.

Қорытынды. 

Біз қатаң бәсекеге әзір  түрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға қатыса алады, қатысуға тиіс те. Өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кіруімізге жәрдемдеседі, әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық – геграфиялық жағдайларымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.

Жер ресурстарын тиімді, орынды пайдалану ел экономикасын көтерудегі ең маңызды көрсеткіш. Алайда, экономиканы көтереміз деп жерді орнысыз айдалану үлкен, шешілуі қиын мәселелерді де туғызатынын есте ұстайық.

Иелі жер – киелі жер. Ендігі негізгі мәселе мекен етіп отырған жеріміздің тазалығы одан дұрыс өнім алу өзімізге байланысты екені даусыз. Қай жеріміз егіншілікке жарамды, қай жеріміз мал шаруашылығына қажет, шаруашылыққа пайдаланбай табиғи күйінде сақталатын жеріміз қайсы осыны білу, оны адам баласының игілігі үшін дұрыс пайдалана білу, оны ұрпағымызға дұрыс жеткізу де біздің парызымыз. Сонда бұл игілікті істі неден бастау  керек деген заңды сұрақ туады.

Біздің ойымызша, ең алдымен республикамыздың экологиясы бұзылған жерлерді қалпына келтіру, құрғақ, шөлді жерді суландыру, сортаң жерлерді мелиорациялау тағы басқа шаралардан бастау керек.
Тағы рефераттар