Жоспарлау фирманың нарықта жұмыс жасауы үшін өте қажет. Бизнес – жоспарды жсаудың бірнеше түрі бар. Олардың арасында өзара байланыстары көп, дегенмен ерекшеліктері де бар. Бірінші орында кәсіпкердің жеке мақсаттары қойылады. Осыдан кейін кәсіпорынның ішкі және сыртқы мақсаттарын зерттей келе, негізгі мақсат анықталады. Осыдан кейін стратегияға көшеміз. Ол мақсатқа жеті жолын бірнеше кезеңге бөледі. Мақсатқа жетудің әрбір кезеңінде белгілі бір дұрыстауларды енгізу дұрыс. Осылайша жедел жоспар жасалады. Жедел жоспар және тенденция арқасында ұзақ мерзімді жоспар жасалынады.

Жоспардың ойы әрқашан оның міндетті түрде негізінің бодуына және мәнділігіне тексеріледі.Осы мақсатта оны жеке стратагиялық жүйеге негіздейді: тауар-нарық; НИОКР (научно-исследовательские и опытно-конструкторские работы), қаржылық жағдай.

Бизнес –жоспарды құру бұл тек қана бизнес заңдылықтары мен арнайы ережелерді ұстау ғана емес, ол шығармашылық процесс. Бизнес – жоспар әр түрлі әдіспен ұйымдасытырылып, құрылуы мүмкін:

—     Белгілі бір тәжірибесі бар кәсіпкермен;

—     Жобаны жүзеге асыратын кәсіпкердің тобымен;

—     Нақты бір төлем үшін арнайы мамандандырылған топпен.

Бизнес – жоспардың жағымды дамуы үшін, нарықтағы кәсіпорынның өз үлесін табу керек. Бұл орын өте кішкентай болуы мүмкін. Бірақ осы орыннан ауқымды орынға ауысуға бизнес – жоспардың көмегі зор.

Жоспар – қызметке және оны орныдауға бағыт болып табылады. Ол ойлар мен мақсаттарды, кәсіпорынды басқарудың және қызмет нәтижесін болжаудың тиімділігн арттырады. Кәсіпорынның қызмет жағдайының өзгеруіне байланысты жоспар да өзгеріліп, толықтырылуы мүмкін.

Бизнес – жоспардың нарықтың жаңа жағдайларын байланысты өзгеріліп отырылуы кәсіпорынның қызметінің тиімді түрде атқарылуына мүмкіндік береді.

Әр бизнес-жоспардың өзіндік ерекшелігі болады, яғни барлық жағдайларға бірдей «стандартты» бизнес-жоспар болмайды.

Бизнес-жоспар коммерциялық кәсіпорынның барлық негізгі аспектілерін қамтитын құжат, ол алда тұрған мүмкін болатын проблемаларды талдайды, осы проблемаларды шешу тәсілдерін анықтайды.

Сонымен, бизнес-жоспар — бұл бизнестегі қол жеткізуді көздеген мақсаттың   қағаз   жүзіндегі   жазылған   моделі   және   осы   алға   қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық ресурстарды тиімді пайдалануға жағдай жасайтын кұрал.

Жақсы құрылған бизнес-жоспар — жоспарланған іс-әрекеттерінің схемасы. Ол бизнестің болашақ жай-күйін айқындауға көмектеседі. Алға қойылған мақсаттарды белгілеуден бастап, ол мақсатттарға қол жеткізуге қажетті барлық ресурстар мен кезеңдерді қамтиды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1   Горемыкин В.А., Богомолов А.Ю. Бизнес – план: методика разработки. 45 реальных образцов бизнес – плана. – М.:«Ось-89», 2002 г.

2  Бизнес – план инвестиционного проекта Под ред. Иванниковой И.А.-М.: Экспертное бюро», 1997 г.

3   Грибалев Н.П., Игнатьева И.П. Бизнес – план. Практическое руководство по составлению.СПБ: Белл, 1994 г.

4           Экономика  предприятия  / Под  ред.О.И. Волкова,М.: ИНФРА- M- 2005г.

5                      В.П.Буров; В.А.Морошкин; О.К.Новиков. «Бизнес-план». Москва, 1999г.

6  «Бизнес-план» Под редакцией проф. Р.Г.Маниловского. Москва, «Финансы и статистика», 1996г.

7  «Пособие по составлению бизнес-плана».ERNST&YOUNG.Москва, 1995г.

8   Есімжанова С.Р. «Маркетинг»оқу құралы Алматы. «Экономика» 2003 ж.

466 бет.

9 Котлер Ф. «Маркетинг негіздері» Профессор М. Ізбасардың жалпы редакциялауымен ағылшын тілінен тәржімеленген Алматы. «Жазушы» 2000 ж. 552 бет.

10  Рудая Е.А. «Основы бренд — менеджмента»  Москва. «Аспект Пресс»

2006 ж. 256 бет.

11 Назарбаев Н.Ә.  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2007ж .

12  Вестник КазНПУ. Серия экономическая. №3(55) 2006 ж.

13  www. becker. kz

14  «Беккер және К» ЖШС-нің есеп беру деректері мен тарихы

15  «Беккер және К» ЖШС-нің есеп беру деректері мен балансы

16  Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2008ж.
Тағы рефераттар