Акциздердің бюджет кірісіндегі орны туралы қазақша реферат 

Бюджеттің кірістері орталықтанған ақша қорын құру кезінде болатын мемлекеттің кәсіпорындарымен, ұйымдармен және халықпен болатын экономикалық қатынастарынан тұрады. Бұл экономикалық қатынастардың формасы болып, мемлекеттік бюджетке түсетін кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың әр түрлі төлемдері? ал олардың заттай материалдық енуі, бюджеттік қорда жиналатын ақша қаражаттары. Бюджеттік кірістер, қор жағынан, ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі қатысушылары арасындағы қоғамдық өнім құнын бөлу –нәтижесі,екінші жағынан — мемлекет қолында жинақталған құнды әрі қарай бөлудің обьектісі, яғни аймақтық салалық және мақсаттық негіздегі бюджеттік қорларды құру үшін құнды жұмсау болып табылады .

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты, бюджеттің кірістері заңды және жеке тұлғалардың салықтық және салықтық емес төлемдерінен тұрады. Бюджеттің кіріс көздері ішінде ерекше орынның бірі акциз салығына тиесілі.

Загрузка...

Акциздердің 2002-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет кіріс ішіндегі орны бірінші кестеде көрсетілген.

Кесте 1

Акциздердің 2002—2004 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсуі

Атауы

 

2002 2002 2003 2003 2004 2004
Нақты (млн тг) Үлес салмағы (%) Нақты (млн тг) Үлес салмағы (%) Нақты (млн тг) Үлес салмағы (%)
Табыстар

Барлығы

394773 100 544673 100 605676 100
Акциздер 18956

 

4,8 24774 4,5 29561 4,9

Кесте 1 көрсетіліп отырғандай, акциздердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірісіндегі үлес салмағы 2000 жылы — 4,8 %, 2003 жылы — 4,5 % және 2004 жылы 4,9 % құрады. 2003 жылы акциздердің нақты түсімі 2002 жылмен салыстырғанда 5818 млн теңгеге өскенімен де, үлес салмағы 0,3 % түскен.

Акциз салығы үлес салмағының 2003 жылы 0,3 % түсуіне алкоголь өнімдері және бензин мен дизель отындары бойынша акциз алымдарының орындалмауы әсер етті. Мұны екінші кестенің мәліметтері дәлелдейді.

Кесте 2

Түсу болжамы орындалмаған акцизделінетін тауарлар

Акцизделетін тауарлар 2004 2004 2004 2004 2003 нақты Өсу қарқыны, %
Жоспар (млн тг) Нақты    (млн тг) Ауытқуы (млн тг) Орындалуы  (%)
Алкоголь өніміне акциз 9901,2

 

7546,9

 

-20354,3

 

76,2 6902  
Бензин мен дизель отына акциз 7608,9 6332,5 -1276,3 83 7741,3 82

Акциз салығының бензин мен дизель отыны бойынша бюджетке түсу жоспарының орындалмауы акциз ставкасының төмендеуіне байланысты.

Сонымен қатар мұнай өңдеуші компаниялар көбінесе өз өнімдерін экспортқа шығарады. Экспорт акциз салығымен алынбайтындықтан мемлекетіміздің бюджеті қаражаттан айырылды .

Сонымен, акциз салығы кез келген жанама салық сияқты тауардың бағасына қосылады, сондықтанда үстеме құн ретінде тағайындалып тұтынушыдан төленеді. Бұл салық, әрқашанда тауар бағасының өсуімен бірге өсіп отырады, сөйтіп бюджеттің тұрақты, әрі тиімді қаражат көзі болып табылады.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар