Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Сақтандыру’ бөлімінің мұрағаты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТІН  ТАЛДАУ туралы қазақша реферат

Сақтандыру нарығының дамуына экономиканың барлық салалары және онда болып жатқан процестер елеулі түрде әсер етеді. Қазіргі кезеңде сарапшылар Қазақстандық сақтандыру нарығын ТМД елдері бойынша қарқынды дамып келе жатқандардың бірі ретінде бағалайды. Елімізде өткен жылдың соңғы айларына дейінгі мәлімет бойынша 35 компания іс жүйелепті. Осы сала нарығындағы қатынасышылар саны тұтас алғанда тұрақтандырылды деп ой тиюге болады. Толығырақ »

Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру

Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру туралы қазақша реферат

    Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдірудегі жүргізілген ізденістерге қарай мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

1. Инвестициялық портфель туралы теориялық көзқарастардың даму үдерісінен елдегі қаржы рыногының қандай да бір даму ерекшеліктерімен анықталатын инвестициялық портфель туралы кең ауқымды теориялық тұжырымдар қалыптасты. Қазіргі кезеңдегі экономикада бұл санаттар тек инвесторлардың қызмет ету аясымен шектеле отырып, тар мағынада қолданылады. Осыған байланысты, санаттардың таралу аймағын шектемей ауқымдату керек. Толығырақ »

Бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары мен дамыту перспективасы

Бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары мен дамыту перспективасы туралы қазақша реферат

     Бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары мен дамыту перспективасы:

— сақтандыру қызметін жетілдіру мен оны ары қарай дамыту перспективасына байланысты нұсқалар жүйесі айқындалды. Толығырақ »

Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі

Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық  қызметті жетілдіру механизмі туралы қазақша реферат

    Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау – сақтандыру компанияларының қаржы — шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау – сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады.

Сақтандыру операцияларынан кейінгі табыстың екінші басым көзі болып табылатын сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі әлі күнге дейін дамып-жетілмей келеді. Соған қарамастан, Қазақстандағы сақтандыру қызметі саласындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік және соның салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлуетті сақтанушылардың тәуекелден сақтанудың баламалы тәсілін таңдауы, сақтандырушының инвестициялық белесенділігінің даму мәселесі ең өзекті мәселелер қатарына жатқызады.

Сақтандырудың инвестициялық қызметінің толыққанды дамымауын бірнеше негізгі себептермен түсіндіруге болады.

Біріншіден, Қазақстанда қор рыногы әлі де дамымай отыр, ал сенімді қор құралдарының саны шектеулі. Кепілдемелік табыстылық пен өтімділікті тек ғана мемлекеттің борышқорлық міндеттемесі, табиғи монополиялар мен қаржылық институттардың бағалы қағаздары ғана қамтамасыз етеді.

Екіншіден, еліміздегі тұрақсыз инвестициялық жағдай туғызып отырған инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің жеткіліксіздігі көзге айқын көрініп отыр.

Үшіншіден, шетелдік сақтандыру компанияларымен салыстырсақ, қазақстандық сақтандыру ұйымдарында әлі күнге дейін инвестициялық қызмет саласында қажетті қомақты қаражат көлемі жоқ. Өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру және зейнетақыны сақтандырудың аз көлемі инвестициялық қызметтің жоғарылауына септігін тигізбей отыр.

Төртіншіден, осы салада білікті мамандар мен сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Мысалы, сақтандыру бизнесінің инвестициялық моделінің, инвестициялардың тиімділігін бағалау әдісінің болмауы, сондай- ақ сақтандыру компанияларының инвестициялық саясатын ашу механизміне қатысты ғылыми әдебиеттерде зерттеулердің аздығын және т.б. айтуға болады.

Қазіргі сақтандырудың инвестициялық рыногында қалыптасқан жағдай сақтандырудың жаңа міндетті түрлерін енгізудің тиімділігіне және өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру үдерісінің дамуына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Халықты әлеуметтік қорғау тиімділігіне қол жеткізіледі, бірақ бұл жаңа сақтандыру қызметінің түрлерін енгізуден келетін экономикалық тиімділігін күткен нәтижеден әлде қайда төмен болуы мүмкін. Басты себеп – ішкі және сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлерін төмендету механизмінің жоқтығымен сипатталатын сақтандыру компанияларының тиімсіз инвестициялық саясаты. Сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жеделдету мүмкіндігінің төмендігі сақтандыру маркетингінде сұранымның дамуы және өмірді ұзақ мерзімге сақтандыруды қанағаттандырудағы негізгі кедергі болып табылады.

Көпшілікке мәлім, өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру үдерісіндегі келісімшарт жасау кезінде сақтандыру компаниясы төленетін сақтандыру сыйақысына анықталған пайыздық есептеуді өз міндетіне алады. Инвестиция рыногындағы тұрақсыз жағдай өз міндеттемелерін орындамауға, қаржылық тұрақтылықтың төмендеуіне, тіпті сақтандыру компанияларының өтімділігінің жоғалуына әкеп соғады.

Сақтандыру компанияларының инвестициялары ішкі инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, өз елдерінің экономикалық дамуында инвестициялық мәні өте зор болып келеді.

Сақтандыру резервтері әр түрлі қаржылық құралдар мен инвестициялық жобаларға ұзақ мерзімге инвестициялау мақсатында орналастырылатындықтан сақтандыру компанияларының инвестицияларының бос ақша ресурстары сақтандыру резерві түрінде жұмыс капиталы ағынына трансформацияланып, капитал рыногында спекулятивтік ойынға жиі қатыспайды. Сондықтан, сақтандыру компанияларындағы портфельдік инвестициялаудың әдістемелік аспектілерін зерттеу көкейкесті болып табылады.

Сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін дамыту проблемалары екі бағытта қарастырылған. Бірінші жағынан, экономиканың инвестициялық және сақтандыру секторындағы мемлекеттің реттеуші рөлін нығайту бойынша шаралар. Екінші жағынан, сақтандыру ұйымдарының қаржылық менеджментін жетілдіру сақтандыруды инвестициялау тиімділігін дамытудың маңызды рөлін арттырады және сақтандырушылардың маркетингтік саясатын жаңғырту бағытында ұзақ мерзімді сақтық зейнетақы аннуитеттері сияқты, сақтандыру практикасына жаңа ұзақмерзімді сақтандыру қызметінің түрлерін әзірлеу және енгізу.

Сақтандыру компаниясы үшін табыс алудың негізгі көзі – сақтандыру қорлары қаражаттарының бір бөлігін коммерциялық мақсатта пайдалану арқылы жүргізілетін инвестициялық қызмет болып табылады. Сақтандыру қызметінің мақсаты үлкен әлеуметтік мәнге ие қызметтер көрсету, ал инвестициялық қызметтің мақсаты табыс табу болғандығына қарамастан, олар өзара етене байланыста. Бір жағынан, инвестициялық қызметтің қаржыландыру көзі сақтандыру резервтері болып табылса, екінші жағынан инвестициялық қызметтен түскен табыс сақтандыру операцияларын (сондай-ақ, шығындарды) қаржыландыруға бағытталуы мүмкін. Осы жерде, сақтандыру қызметінің маңызды бағыты инвестициялық портфельді басқару болып табылады.

Инвестициялық портфель деп – сақтандыру активтерінің инвестициялануы жүзеге асатын қаржылық құралдар жиынтығын атауға болады. Сақтандыру компаниясының инвестициялық портфелі ҚР ҚҚА-нің пруденциалдық нормативтеріне сәйкес келетін, халықаралық рейтинг агенттіктерінің (Standard&Poors, Moodys Investors Service, Fitch) жоғары дәрежесіне ие бағалы қағаздардан құралады.

Портфель – бұл жалпы мақсатқа жетудегі инвестициялық инструменттер

жиынтығы. Инвестициялық портфель ретінде жеке және заңды тұлғалардың

иелігіндегі бағалы қағаздар жиынтығы түсінеді.

Кез келген портфель өздігінен белгілі бір акциялар жиынтығынан, әр түрлі тәуекелден қорғалған және қамтамасыз етілген облигациялардан, сондай-ақ табысы тұрақты кепілдендірілген (яғни, негізгі қарыз сомасы бойынша немесе ағымдағы пайыздарды төлемеу бойынша тәуекел қаупі) бағалы қағаздардан тұрады.

Портфель – корпоративтік облигациялар , әр түрлі қамтамасыз ету мен тәуекел дәрежесіне байланысты облигациялар, сондай-ақ тұрақты табыспен кепілдендірілген, яғни негізгі сома және ағымдық түсімдер бойынша ең аз тәуекел қаупі бар қағаздар жиынтығы. Портфельдік инвестициялау қор рыногының әр түрлі секторларында инвестициялық қызметті жоспарлауға, бағалауға және қорытынды нәтижелерді бақылауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, түрі, қызмет ету мерзімі және өтімділігі әр түрлі бағалы қағаздарға жүргізілетін және біртұтас ретінде басқарылатын салымдары бағалы қағаздар потфелін қалыптастырады. Қор рыногының қалыптасқан практикасында инвестициялық портфель ретінде жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздардың басқарудың біртұтас объектісі ретінде көрініс табатын белгілі бір жиынтығы түсіндіріледі

Көбінесе әдебиеттерде “инвестициялық портфель” түсінігі “бағалы қағаздар портфелі” түсінігіне сай келеді делінген. Инвестициялар жалпы тура (нақты) және портфельді болып бөлінетіндігі белгілі. Портфельдік инвестициялар – бұл бағалы қағаздарға салымдар. Яғни, «портфельдік инвестициялар» және «инвестициялық портфель» түсініктері арасында өзіндік байланыс бар. Алайда, біздің ойымызша, бұл категориялардың шынайы мазмұнын ескерсек, «инвестициялық портфель» – «бағалы қағаздар портфеліне» қарағанда кеңірек ұғым. Инвестициялық портфель – бағалы қағаздардың, депозиттік салымдардың және инвестициялық жобаларды қаржыландыру қаражаттарының белгілі бір жиынтығы. Портфельді басқару өтімділік пен табыстылықтың арасындағы тепе-теңдікті қолдауды қарастырады.

Портфельдің өтеу мерзімдері бойынша құрылымы – жоспар бойынша өтеу мерзімі болашақта болатын бағалы қағаздардың жиынтығы. Негізгі төрт құрылым бар – қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, балансталған және «гантелтектес». Қысқа мерзімді портфельде өтеу мерзімі жақын арада болатын бағалы қағаздар ғана болады.

Сақтандыру компанияларының активтерін инвестициялық басқару тиімділігі тек қана жұмысқа қабілетті модельдердің іске асуымен мүмкін болады. Портфельдік инвестициялау инвесторларға бірнеше қосымша басымдықтар беретін активтерді әртараптандыруды көздейді Біріншіден, ұлттық рыноктағы мөлшермен салыстырғанда әлуетті мүмкін болатын инвестициялық инструменттердің саны ұлғаяды. Екіншіден, портфельдің әртараптандырылуы, есебінен «тәуекел-табыс» ара қатынасының тиімдірек болуына мүмкіндік береді, бұл бір елден көбірек эмитенттердің бағалы қағаздар портфеліне қосылу мүмкіндігін туғызады және бұл тек бір ғана елдің эмитенттерінің бағалы қағаздарын инвестициялаудан гөрі тиімдірек. Сондықтан да, инвестициялау кезінде портфельге қосу үшін әлуетті активтер спектрін кеңейту, берілген тәуекел үшін жоғарырақ табыстылыққа немесе берілген табыстылық үшін төменірек тәуекелге әкеледі.

Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру – бұл әр түрлі қаржылық инструменттер жиыны арасында нақты бір мерзімнің аяқталуымен олардың кері айырбастау және белгілі бір табыс (немесе шығын) алу мақсатында ақша қаражаттарының инвестицияланған сомасын үлестіру. Жұмыста бағалы қағаздар портфелін қалыптасыру үдерісі келтірілген. Бұл портфельдің қалыптасуына инвестордың мақсаттары және сол мақсаттар негізінде жасалынатын инвестициялық стратегия негіз болады.

Портфельдік инвестициялаудың негізгі мақсаты бағалы қағаздар жиынтығына жеке бағалы қағаз тарапынан алғанда мүмкін болмайтын және тек бағалы қағаздардың құрамдастыруы кезінде мүмкін болатын инвестициялық сипаттамалар беру арқылы инвестициялау жағдайларын жақсарту болып табылады.

Инвестициялық портфель жеткілікті түрде басқаруды қажет етеді. Оны басқару үшін қазіргі кездегі портфельді жаңартуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажет. Бұл — менеджерден (инвестордан) тек бағалы қағаз рыногын білуді, инвестициялық портфельге кіретін жеке бағалы қағаздардың табыстылығын, тәуекелін, өтімділігін есептеу бойынша белгілі бір біліктілікті ғана емес, сондай-ақ бүкіл портфельді басқара білуді талап ететін өте күрделі міндет. Сондай-ақ, менеджердің түйсігі, болжай алу, портфель үшін инвестициялардың қажетті жиынтығын таңдай білу сияқты қабілеті болу тиіс.

Біз портфельдік менеджментті күнделікті статистикалық, портфельдік және техникалық талдауды қажет ететін үзіліссіз өзгеріп отыратын көрсеткіштер жүйесі ретінде қарастыратын ғалымдардың пікірімен де келісеміз. Сонымен қатар, қаржы рыногының қазіргі кезеңінің дамуындағы тәуекел-менеджмент — басқару компанияларының бизнесінің дамуының қажетті негізі деген тұжырымға да қосыламыз. Соныме  қатар, портфельдік менеджменттің психологиялық теориясының дамуын қарастыратын кейбір авторлармен келіу қиын. Өйткені авторлар қор рыногындағы бар құбылыстарды шешім қабылдаудың психологиялық аспектілерімен түсіндіреді. Дегенмен, төмендегі пікірлермен келісуге болады: басқарушының психологиясы инвестициялық портфельдің пайда болуы мен оның жағдайына елеулі түрде әсер ете алады. Негізгі әсер қор рыногы мен негізгі эмитеттердің макроэкономикалық қоршаған ортасы болып табылады.

Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін басқаруды жетілдіруді қарастыра отырып, сақтандыру резервтерін инвестициялаудағы басымдылық бағыттарына, инвестициялық портфельдің экономика- математикалық моделін және Қазақстанның сақтандыру компаниясының инвестициялық қызметінің механизмін жетілдіру перспективаларына байланысты ұсыныстар берілді. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфельдері үшін негізгі проблема – табыстылықтың төмен деңгейі. Сонымен қатар, сақтандыру компанияларының инвестициялық портфельдерінің өсуі үшін жоғарғы табысты және өтімді қаржылық инструменттер қажет. ойымызды тұжырымдайтын болсақ – қазіргі кезде бағалы қағаздар рыногында инвестициялық инструменттердің тапшылығы байқалады, ол сақтандыру компаниялары және зейнетақы қорларының инвестициялық әлуетін тұрақты өсуге негіздейді.

Инвестициялық қызметтің практикасы көрсеткендей, инвестициялау мерзімінің ұзартылуы тәуекелдікті біраз төмендетеді. Қазақстандық қор рыногы әлі жас. Бірақ, әлемдік қор рыногының тарихы айғақтағандай, 30- 40 жыл қор рыногындағы кез-келген шығынның орнын толтыруға молынан жететін уақыт. Мысалы, ХХ-ғасырда акциядағы инвестиция бойынша табыс ақшалай қаражаттың басқа да салым түрлерінен әлдеқайда асып түсті. Сақтандыру компанияларының “ұзын” ақшалардың артықшылығын толықтай қолданудың керемет мүмкіндігі бар. Басқа институттарға қарағанда сақтандыру компанияларында инвестициялау мерзіміне шектелім қою жоқ.

Қор қаражаттарын инвестициялау кезінде тәуекелді азайтып, табыстылықты жоғарлатудың классикалық әдістерінің бірі бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру болып табылады. Әдетте, рыноктағы басқару үдерісінде жақсартылатын тәуекел табыс қатынасына негізделген инвестициялық сапа сатылады. Бұл портфель корпоративтік акциялардың, әр түрлі қамтамасыз етудің деңгейі мен тәуекелдіктері бар облигациялардың, мемлекет кепілдік беретін тіркелген табысы бар қағаздардың белгілі бір жиынтығы болып табылады.

Портфельді инвестициялаудың негізгі міндеті – инвестициялаудың шарттарын жақсарту, бағалы қағаздарға олардың жалғыз өзі тұрғанда еш нәтижеге жете алмайтындай, тек оларды жиынтық бағалы қағаздар ретінде қарастыру керек. Портфельді құру үдерісінде ғана осындай сипаттамасы бар жаңа инвестициялық сана пайда болады.

«Евразия» сақтандыру компаниясы

«Евразия» сақтандыру компаниясы туралы қазақша реферат

Компания 1995 жылы құрылды және белсенді жұмыс атқарған 14 жыл ішінде Қазақстан Республикасының ірі сақтандыру компаниясына айналды. Компанияның шынайылық пен сенімділікке негізделген бизнес жүргізу ұстанымдары Қазақстанның сақтандыру нарығында ең жоғарғы қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізуіне жол ашты. Толығырақ »

«Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы

«Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы туралы қазақша реферат

     Бұдан бұрын «Терра» СК» АҚ деп аталған «Cентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі «Сақтандыру Компаниясы») 1997 жылы Қазақстанда құрылған.

2005 жылғы 12 сәуірден бастап СЕНТРАС тобының құрамындағы компания Сақтандыру компаниясының негізгі акционері болды. Толығырақ »

Сақтандыру компаниялары

Сақтандыру компаниялары туралы қазақша реферат

Сақтандыру компаниясы– азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Дамыған Батыс елдерiндегi қазiргi таңдағы сақтандыру нарығының даму деңгейi сақтандыру iсiн монополизациялауды күшейтедi. Осыған байланысты оны төрт түрлi ұйымдастырушылық формасына бөлуге болады. Толығырақ »

Сақтандыру секторын дамыту жөніндегі шаралар

Сақтандыру секторын дамыту жөніндегі шаралар туралы қазақша реферат

 2010 жылы сақтандыру делдалдарының қызметін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады, атап айтқанда, сақтандыру ұйымы сақтандыру агенті ретінде қызмет атқаруға тілек білдірген жеке тұлғаларды оқыту жөніндегі талаптарды белгілейтін болады, оқытудың барынша төмен бағдарламасын білу жөнінде сынақ емтихандары өткізіліп, сақтандыру агенттерінің құқықтары мен міндеттері заңнамалық негізде бекітіледі, сондай-ақ сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақыларын шектеу жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Толығырақ »

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы туралы қазақша реферат

     2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 41  сақтандыру ұйымы (оның ішінде 7 – өмірді сақтандыру бойынша), 13 сақтандыру брокері және 63 актуарий лицензияланған қызметін жүзеге асырды. Есепті күнге қарай 32 сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушылар болып табылады. 2010 жылдың 1-ші тоқсанында нарық жандана бастады. Көлемі арта түсіп, 2008 жылғы рекордтық көрсеткіштерге дейін жетті. Өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда жан басына шаққандағы сыйлықақылар өсімі 66% болды, ал компаниялардың жиынтық активтері ең көп маңызға ие болып, осы уақыт ішінде 328 млрд. теңге болды. Толығырақ »

Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері

Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері туралы қазақша реферат

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде  қалыптасады. Толығырақ »