Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Кәсіпорын экономикасы, қаржылық менеджмент’ бөлімінің мұрағаты

Менеджмент жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту кезіндегі үдерістік ықпал

Шығыстар мен кірістерді түрлендіруге арналған ресурстар қолданылатын кез келген қызмет немесе қызметтер кешені үдеріс ретінде қарастырылады.

Нәтижелі түрде функциялау үшін ұйымдар өзара байланысты және өзара әрекеттесуші бірнеше үдерістерді анықтап, басқаруы тиіс. Көбінесе бір үдерістің шығысы келесінің тікелей кірісі болып табылады. Ұйыммен қолданылатын үдерістердің жүйелік сәйкестендіруі мен менеджменті «үдерістік ықпал» ретінде саналуы мүмкін.  Толығырақ »

Қазақстанда құрылған шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуы

Қазақстанда құрылған шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды. Ал, кәсіпкерліктің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек.

Жалпы   шағын және орта бизнес экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Толығырақ »

Қазақстан Республикасында Шағын және Орта бизнесті мемлекеттік қолдау және оның дамуы

Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Осыған байланысты бизнес  бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы тиіс. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында елімізде жеке бизнесті қолдауға арнай тарау(4тарау) арналған. Осы заңда анықталған төмендегідей бағыттар мен жолдарды атап көрсетуге болады. Толығырақ »

Арнаулы салық режимдері

Салық кодексіне сәйкес арнаулы салық режимдерін шағын кәсіпкерліктің субъектілері, шаруа (фермер) қожалықтары, заңды тұлғалар  — ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар қолдана алады. Толығырақ »

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін оңайлату

Шаруашылық тетіктегі өзгерістермен және нарықтық институттардың нақты жұмыс істеуімен байланыссыз бухгалтерлік есепке алудағы өзгерістерді жеделдету экономикадағы қаржылық ақпараттың сапасын төмендетуге, ХҚЕС-тың беделін түсіруге, сондай-ақ қаржылық тәртіптің әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ХҚЕС-қа көшу барлық ұйымдарға қатысты, бірақ бұл ретте неғұрлым сарабдалдық ұстаным қажет. Кешенділігіне және әдістемелік күрделілігіне байланысты ХҚЕС іс жүзінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жарамсыз. Толығырақ »

Қазақстанда бизнестің дамуының үрдістері

«Кәсіпкер» ұғымына анықтама беруден әңгімені бастаудың  мәні бар. Ұлыбритания заңнамасы бойынша «өз еңбегінің мазмұны мен тәртібін дербес анықтайтын адам» кәсіпкер деп есептеледі.

Белгілі бір себептерден бүгінгі таңда кейбіреулер кәсіпкерлер болады, басқалары  оларға жұмысқа жеке еңбек шартын жасасу кезінде дербес саудаласып, оның талаптарын егжей-тегжейлі талдай отырып жалданады. Бірақ олардың бәріне өз қызметінде басшылыққа ала алатындай білім керек. Алайда кеңестерге өтпес бұрын, Қазақстанда кәсіпкерліктің  қалай дамығаны туралы  қысқаша сөз етейік. Толығырақ »

Кәсіпкерлік қызметтің белгілері мен прициптері

ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 10-б. 1-т.-на сәйкес «Кәсiпкерлiк — меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады».   Толығырақ »

Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады. Толығырақ »

Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы

Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасында, таяу және алыс шетелде орын алған тарихи маңызы зор түбегейлі өзгерістер тұсында төзімділік мәселесін, әсіресе мемле кеттің саясатын жүзеге асыруға жауапты  буын өкілдерінің – яғни мемлекет тік қызметшілердің төзімділігі мәселесін зерттеу қисынды қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады.

Бүгін күні елімізде 140 этнос пен 40-тан астам конфессия өкілдері тұрады. Толығырақ »

Мемлекеттік қызметші төзімділігін дамыту жолдары мен жетілдіру басымдылықтары

Қазіргі уақытта, Қазақстанның бәсекеге аса қабілетті  50 елдер қатарына кіруге қатысты міндет қойылған кезде мемлекеттік қызметшінің төзімділігін арттыру — мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселеге айналды. Өйткені мемлекет бәсекеге қабілетті болуы үшін оның құрамындағы әрбір мекеме, әрбір ұйым, ал өз кезегінде әрбір сол мекемеде қызмет ететін маманның іс-әрекеті мен қызметі де бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ал маманның бәсекеге қабілетті болуы өз кезегінде кез келген салада сапалы қызмет етуге байланысты. Және де мемлекеттік саясатты тікелей жүзеге асыратын тұлғалар — мемлекеттік қызметшілер болғандығына байланысты мемлекеттік қызметшілердің төзімділігін арттыру мәселесі — мемлекеттік маңызы бар мәселелер қатарында десек артық айтқан болмас едік. Толығырақ »