Қазіргі уақытта, Қазақстанның бәсекеге аса қабілетті  50 елдер қатарына кіруге қатысты міндет қойылған кезде мемлекеттік қызметшінің төзімділігін арттыру — мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселеге айналды. Өйткені мемлекет бәсекеге қабілетті болуы үшін оның құрамындағы әрбір мекеме, әрбір ұйым, ал өз кезегінде әрбір сол мекемеде қызмет ететін маманның іс-әрекеті мен қызметі де бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ал маманның бәсекеге қабілетті болуы өз кезегінде кез келген салада сапалы қызмет етуге байланысты. Және де мемлекеттік саясатты тікелей жүзеге асыратын тұлғалар — мемлекеттік қызметшілер болғандығына байланысты мемлекеттік қызметшілердің төзімділігін арттыру мәселесі — мемлекеттік маңызы бар мәселелер қатарында десек артық айтқан болмас едік.

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан тәуелсіздікке ие болған кездердің бірінші жылдарында әзірленген Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту стратегиясында Қазақстан Республикасының қазіргі уақытқа сай нарықтық экономикасы, тұрақты саяси жүйесі, ашық әрі толенрантты қоғамы бар мемлекет ретіндегі оң имиджін қалыптастыруды Қазақстанның ұзақ мерзімді басымдықтары ретінде белгілеген.

Қазіргі кезде мемлекеттік қызметшінің төзімділігін арттыруға, оның оң имиджін қалыптастыруға бағытталған жұмыс кез келген ұйымда жаппай жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, кез келген деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қайты даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстары ның тақырыптар тізіміне конфессияларылық келісім және діни экстремизмге қарсы тұру, конфессияаралық қарым — қатынастардың теоретикалық — әдістемелік негіздері, этносаралық қарым — қатынастарды басқару, т.т. тақырыптар енгізілген.  Және де бүкіл Қазақстан аумағында қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің төзімділігін арттыру мәселесі мемлекеттік деңгейдегі мәселелер қатарында [33, 42 б.].

Мемлекеттік қызметшілердің төзімділігін қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін факторлардың үш тобын атап өтуге болады.

Біріншіден, мемлекеттік қызметшілердің төзімділігін қалыптастыруға жалпы әлеуметтік және кәсіби контекст ықпал етеді. Қоғам, оның кез келген саласы кәсіптенген мамандарда төзімділік көріністеріне деген қажеттілігі  қаншалықты деңгейде бар екендігінің, аталған көріністерге баға беріп, қызмет субъектісін төзімділік көріністеріне ынтылындыра алуының маңызы зор.

Екіншіден, кез келген саланың қызметкеріне белгілі бір талаптар қалыптасуына негіз болатын тиісті нормалардың, төзімділік эталондарының бар болуының және аталған нормалардың түзетілуінің ролі зор.

Үшіншіден, мемлекеттік қызметші тұлғасының бағытталынуы, оның себептерінің, құндылықтарының бағдары, сатылылығы, сондай-ақ мемлекет тік қызметшіде төзімді өзара әрекеттесу саласындағы білімдер мен дағдылар жүйесінің қалыптасқандығы  төзімділікті қалыптастыру мен дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазіргі кезде төзімді өзара әрекеттесу саласында біліктілікті арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыру өзекті мәселелер қатарында. Қызмет барысында туындайтын және кәсіби өзара әрекеттесу барысындағы мемлекеттік қызметшілердің төзімділік деңгейіне ықпал ететін психологиялық құбылыстарды есепке алу тиімді.

Әрбір мемлекеттік қызметшінің, сондай –ақ әрбір ұжымның төзімділігі көптеген жағдайларда басшы қаншалықты деңгейде әрбір нақты мемлекеттік қызметшінің қызметінде көрініс табатын төзімділікке деген жеке қозғамдама стратегиясы мен төзімділікке деген топтық қозғамдама стратегиясын жүзеге асыра алатындыққа да байланысты.

Функциялар мен рольдерді дұрыс бөліп тарату, төзімді мінез – құлық үшін жеке жауапкершілікті қамтамасыз ету мен төзімді өзара әрекеттесу  саласында жеке және ұжымдық төзімділік деңгейін тиімді бағалай алу маңызды болып табылады. Осындайда мемлекеттік қызметшінің төзімді  іс – қимылға деген  жеке қозғамдамасының құрамдас бөліктері келесідей: жауапкершілікті бөліп тарату, шешілетін міндеттердің көлемі мен сипат тамасы, оларды шешу уақыты бойынша жауапкершілік көлемін анықтау, жеке тұғаның өзін — өзі бағалау деңгейін арттыру жөніндегі жұмыс. Төзімділікке деген қозғамдама жеке ерекшеліктер мен жеке тұлғаның өзекті психикалық жағдайын есепке алып нақтыланады. Әрбір мемлекеттік қызметшіні төзімді болуға ынталандыратын және төзімді мінез – құлықтан қанағаттану шылықа жетуге ықпал ететін жағдай жасау үшін төзімділік көріністері үнемі жұрт алдында танымал болуы, төзімділік қағидаттарын ұстанатын мемлекеттік қызметші өзінің дұрыс істейтіндігін сезіну маңызды, сонымен қатар интолерантты, яғни төзімді емес мінез – құлықтарға жол бермеу керек.

Кәсіби және жеке қарым қатынастарда төзімділіктің жоғары деңгейіне жету мемлекеттік қызметшілерде психологиялық біліктілік қаншалықты дең гейде қалыптасқандығына да байланысты.

Психологиялық біліктілік тұлғааралық және топаралық өзара әрекет тесу заңдарын білуден, осы білімдерді жүзеге асыру дағдыларынан, жеке мәдениеттен (өзара әрекеттесу барысында өзін өзі түзете алу, өзін өзі бақы лай алу қабілеттілігі)  құралады.  Өзара әрекеттесу барысында төзімділікті қамтамасыз ететін факторлар: өзі мен басаларды объективті түрде бағалай алау қабілеті, фактілерді, оқиғаларды, заттарды объективті бағалай алу қабілеті, оларды қандай болса сондай түрінде көре алуы, басқаны тыңдай алу және басқаны ести алу қабілеті, басқа біреудің күйзелісін, өзекті мәселелерін түсіне білу [34, 35 б.].

Ұжымда қалыпты, төзімді өзара қарым – қатынастарды құру мемлекеттік қызметтің жалпы тиімділігін арттыру бағытындағы маңызды қадам болып табылады. Аталған міндет әсіресе қазіргі, әлемдік қауымдастықта кез келген әлеуметтік өзгерістер нәтижесінде қоғамның  жіктеліну қауіпті төңген жағдайда ерекше өзекті мәселеге айналған. Өзара түсінушілік, өзіңе ұқсас емес, басқа бір адамның көзқарасын қабылдауға байланысты өзекті мәселер кейде орын алатындығы жасырын емес.

Мемлекеттік қызметшінің кәсіби ортаның жағымсыз психологиялық әсерлеріне деген төзімділіктің тиімді деңгейін қамтамасыз ету құрамында оның жеке — психологиялық ерекшеліктері бар маманның сипаттама түрлерін біртіндеп дамыту, сонымен қатар қажетті білімді алу, интерсубъекттік кәсіби өзара қарым-қатынастың дағдылары мен ептіліктерін жоғары технология лық қарым — қатынасқа дейін дамыту арқылы жүзеге асырылады.

Уақыт, халықаралық тәжірибеге зерттеу жасау мен бәсекелі елді құру мақсаты біздің мемлекетіміздің алдында тұрған жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет және басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру ісі көбінесе мемлекетік қызметшінің кәсібилігіне байланысты болып табылатындығын көрсетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2730 Заң күші бар Жарлығы тәуелсіз Қазақстаның қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет жүйесін институттанды рудың бастауы болып мемлекеттік басқару жүйесінің кадрлық ұйытқысын сақтауға мүмкіндік берді және мемлекеттің маңызды институты ретінде мемлекеттік қызметтің дамуына негіз қалады.

Жарлықтың қабылдануы мемлекеттік қызмет қағидаттарын, мемлекеттік лауазымдардың сатылығын белгілеу жолымен мемлекеттік қызмет қатынастарын реттеуге, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін айқындауға және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізуге мүмкіндік берді.

1997 жылы мемлекеттік дамудың ұзақ мерзімді басымдығы ретінде кәсіби үкімет құруды айқындап берген «Қазақстан – 2030» стратегиясы мемлекеттік қызметті дамытудағы келесі кезеңі болды.

1999 жылы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) мемлекеттік қызметтің кәсіби және тиімді жүйесін және бірыңғай кадр саясатын қалыптастыруға бағытталған, өзекті қажеттіктерге сай келетін жаңа тәсілді айқындап берді.

Қазіргі кезде Заң және оны іске асыру үшін әзірленген тиісті нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік қызметке кіру, оны атқару және тоқтату мәселелерін реттейді.

Мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру мақсатында әрі осыған дейін Елбасының мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға қатысты ой-пікірлері мен пайымдауларының қисынды жалғасы ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымда масы қабылданды. Аталған құжатта мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ағым дағы ахуалға талдау ұсынылып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызме тінің жаңа моделін қалыптастырудың негізгі бағыттары мен оны іске асыру дың түйінді тетіктері  айқындалған.

Тұжырымдамада «Қазақстан – 2030» стратегиясында айқындалған мем лекеттік қызметті дамытудың басымдықтары: «кадрларды жалдау, даяр лау және жоғарылату жүйесін жақсарту»; «мемлекеттік қызмет – ұлтқа қызмет ету»; «мемлекеттік қызметтің жоғары абыройын қалыптастыру және қолдау» мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастыру негізіне алынған.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі бірінші кезекте «мемлекеттік қызмет» ұғымын жаңғыртуды көздейді, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің жаңа моделі оны кәсібилендірудің басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиімді кадр жұмысын жүргізуге бағдарланған [35, 57 б.].

Мемлекеттік қызметшінің төзімділігін жетілдіру басымдылықтарының бірі — мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызмет құндылықтары мен қағи даттарына және қоғамның үмітіне сай келетін белгілі бір мінез-құлық стилін қалыптастыру.

Жоғарыда аталған құжатта мемлекеттік қызметті жетілдіруі басымдық тары айқындалған. Атап айтқанда, олар келесідей:

  • мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу тәртібін жетілдіру және оның транспаренттілігін арттыру;
  • қазіргі кезде оқыту процесінің сапасын басқару жүйесін жаңғырту және мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу бағдарламаларына оқытудың инновациялық әдістерін енгізу қажеттілігі;
  • мемлекеттік қызметшілерге білім беру жүйесі практикалық маңызы бар және мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, кәсіби білім мен дағдыларды дамытуға бағытталыну;
  • мемлекеттік қызметшілерді оқыту жөніндегі жұмысты тиімді үйлестіру;
  • ·                  мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы мен түпкілікті нәтижелерін бағалауға бағдарлау арқылы жетілдіру және аттестаттау қорытынды  лары мен мансаптық өсудің өзара байланысын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру.

Төзімділік мәселесін екі жақты қарастыруға болады: ол жалпы және жеке төзімділік түрлері. Жалпы төзімділік мәселесі – ол ғаламдық аумақты белгілі бір мемлекеттің екінші мемлекетке қатысты төзімділік қағидаты болса, екінші түрі – ол түрлі кәсіп иелері болып табылатын адамдар арасындағы өзара төзімділік. Төзімділіктің қандай да болмасын нысанының бар немесе жоқ болуының салдарлары ортақ болады: төзімділік қатынасы орналмаған ортада берекесіздік, сабырсыздық, белгілі бір істі оңды орындамаушылық, атқаратын іске деген қызығушылықтың төмендеуі орын алады. Осындай нәтижелерге мүмкіндік туғызбау мақсатында қазіргі кезде қоғамда, мемлекетті басқару ісінде және жалпы қандай да болмасын қызмет түрінде төзімділік қағидатын енгізу үрдісі орын алады. Мысалы, мемлекеттік қызмет саласын алатын болсақ, жоға рыда аталған құжатта — Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасында атап өтілгендей, мемлекеттік қызмет шілердің кәсіби деңгейінің төмен болуы, бюрократия көріністері және мем лекеттік қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілердің болуы мем лекеттік қызмет имиджіне кері әсерін тигізуде және халық пен бизнестің мемлекеттік органдар жұмысына қанағаттанбау сынды кері көріністер орын алуда. Олардың себептердің басым бөлігі – мемлекеттік қызметші лерде өзара қарым – қатынас этикасы мен төзімділігін ұстанымын тиісті деңгейде қалыптаспағандығы. Сондықтан да, дәл қазіргі кезеңде мемле кеттік басқару жүйесі саласында да, қызметтің басқа да түрінде адамдар қызметінің басты алғышарты —  қарым-қатынас мәдениеті мен өзара қарым – қатынас барысындағы төзімділік мәселесін арттыру болуы тиіс [36, 34 б.].

Басқаның пікіріне, өмір салтына, дәстүрлерге, әдет — ғұрыптарына, сезімде ріне, идеяларына, құндылықтары мен жеке мағыналарына деген шыдамды лық ретінде түсінілетін төзімділік (толеранттылық) қоғамның демократиялан дырылуының белгісі болып табылады. Алайда төзімділік дегеніміз — туа біткен белгілі бьір топқа немесе белгілі бір тұлғаға тән қасиет емес, белгілі бір жеке және қоғамдық құндылықтардың жүзеге асырылуы мен құрастры луына бағытталған тұрақты негіздегі күш салу. Біздің елімізде төзімділік мәдениетінің қалыптасу үрдістері мемлекет тарапынан күрделі қолдауын талап етеді. Осыған байланысты бірінші кезектегі міндеттерінің бірі — мемлекеттік қызметшілерде төзімді сана мен төзімді өзара қарым — қатынас дағдыларын  қалыптастыру. Өйткені мемлекеттік қызметшілер өзінің қызмет тік бабы бойынша бейбітшілік ұстанымдарының делдалдары болып, бейбітті негізде қатар өмір сүріп, сындарлы өзара қарым — қатынасты жүзеге асыру тиіс. Аталған қағидаттарды іс жүзінде жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызмет шілер ескі көзқарастар мен қатааң қағидалардан арылып, тұлға аралық және топаралық өзара қарым — қатынастың ізгілік нормаларын игеріп, өзінің қызмет барысында өмір сүріп, қызмет ететін аймақтың дәстүрлерін ескеру керек.

Алайда қазіргі уақытта тәжірибе барысында белгілі бір қайшылықтар орын алады. олар келесідей:

  • қоғамның қоршаған ортаның сан алуан көріністерін сыни көзқараспен, ұтымды, сарабдалы қабылдайтын әлеуметтік жағдайларға бейімделген кадрларды талап етуі мен көптеген мемлекеттік қызметшілердің ақиқатты бірқалыпты, стереотипті белгілермен сипатталатын ақиқат ретінде қабылдауы.
  • мемлекеттік қызметшілердің кез келген қазақстандықтармен

өзара байланысқа, өзара қарым — қатынасқа енгізілгендігі мен оларды аталған өзара қарым — қатынастардың тиімділігін қамтамасыз ететін төзімділік деңгейінің жоқ болуы;

  • мемлекеттік қызметшілерде төзімді сана мен жеке қасиет ретіндегі төзімділікті қалыптастыру қажеттелігі мен ғылымда аталған үрдіс  тің психологиялық — акмеологиялық айқындаушыла рына қатысты мәселелердің жеткілікті деңгейде өңделмегенділігі;

«Төзімділік» ұғымы бір тараптан «өзара әрекеттесу» мен «қатынас» ұсымдарымен тығыз байланысты болса, екінші тараптан «төзімділік» ұғымы «ізгілік» пен «адамгершіліктің болашағы үшін жауапкершілік» деген түсініктермен өзара байланысты. Төзімділік дегеніміз басқаларды олар қандай болса, сондай кейпінде қабылдай алу, олармен келісім негізінде өзара әрекеттесіп, іріткі салушы жанжалды жағдайларды «басқа біреудің» көзқарасын түсіну мен қабылдап, шеше алу қасиеті. Төзімділіктің психология лық мәні келесідей: адамдар мен әлеуметтік топтар арасында саяси, экономи калық, ұлттық (этностық), конфессияаралық және басқа да қайшылықтар бар болуы мүмкін, тіпті жанжалдардың да пайда болуы мүмкін. Төзімділік өз кезегінде аталған жанжалдардың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығарып, немесе күш салуларсыз, жандалдың барлық тараптары үшін оңтайлы нәтиже лермен шеше алады.

Төзімділіктің психологиялық жағының қалыптасуы мен дамытылуына келесідей жеке сипаттамалар әсер етеді: сананың, және атап айтқанда ойлау қабілетінің үнқатысуға бағытталынуы, басқа адамға құрмет көрсету арқылы қарым қатынас білдірілетін қалыптасқан құндылықтар саласы.

Жеке тұлғаның мінез — құлқына қатысты төзімділік мінез — құлықтың, қызметтің, өзара қарым — қатынастың белгілі бір түрі болып табылады және де коммуникативтік төзімділік ретінде белгіленеді.

Мемлекеттік қызметшілердің төзімділігін арттырылуының өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері:

Жеке немесе топтық мінез — құлықты төзімді немесе төзімды іспеттес немесе төзімсіз деп бағалау үшін үш өлшемді пайдалану қажет және пайда лану жеткілікті; олар: белгілі бір жағдайға немесе адамдардың мінез — құлық тарына байланысты. Атап айтқанда адамдар немесе топтар арасындағы жан жалдың бар болуы немесе жоқ болуы және жанжалды күш салып немесе күш салусыз шешу арқылы сипатталады

Мемлекеттік қызметшілер төзімділігінің интегралды объективті өлшемі өз әріптестерімен және қазақстандықтардың кез келген санаттарымен сындарлы субъект — субъектті өзара қарым — қатынас. Аталған интегралды объективті өлшем келесі объективті көрсеткіштерде көрініс табады: өзара әрекеттесудің тиімділігі, өзара әрекеттесудің мақсаттары мен қаражатта рының, сонымен қатар өзара әректтесудің мақсаттары мен нәітижелерінің тепе теңділігі, өзара әрекеттесудің мақсаттары мен нәтижелерінің теңгерілуі, өзара әрекеттесудің психологиялық технологиялары қалыптасуының жоғары деңгейде болуы.

Мемлекеттік қызметшілер төзімділігінің субъективті өлшемдері: эмпатияның жоғары деңгейі; басқалардың құндылықтарын қабылдай алу қабілеті; жеке тұлғаға қатысты маңызы бар қозғамдамалардың қарым — қатынастың тиімді нысандарын іздестіруге қатысты қалыптастырылуы; өзара төзімді қарым — қатынасқа деген психологиялық дайын болуы; тәуелсіз ойлау, сыни пайымдау және моральді құндылықтарға негізделген ойлау ларды әзірлеу дағдыларының бар болуы, шиеленісті жағдайларда өзара әрекеттесу міндеттерін сындарлы түрде шеше алу қабілеті, басқаны қабылдауға деген қозғамдаманың түсінілуі, қалыптасқандығы және тікелей эмоционалды баға берілуі, өзін — өзі барабар бағалау; өзара әрекеттесудің субъект — объектті сипаттамасы; белгілі бір ахуалға қатысты эмоционалдық қарым — қатынас; жоғары деңгейдегі рефлексивті белсенділік; сыртқы жағдайлар мен сыртқы ахуалдарға тәуелді болмаушылық.

Мемлекеттік қызметшілер төзімділігінің деңгейі мемлекеттік қызметшілердің өз әріптестерімен және тұрғын халықтың кеңінен таралған топтар өкілдерімен өзара байланысты сипаттамалардың жиынтығы болып табылады. Аталған жиынтықтың құрамдас бөліктері: мемлекеттік қызметші лердің жынысы, жасы, мемлекеттік қызмет өтілі мен лауазымы.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі оны кәсібилендірудің басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиімді кадр жұмысын жүргізуге бағдарланған.

«Қазақстан – 2030» Стратегиясында көзделген үш тұғырлы мақсатқа сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжы рымдамасында мемлекеттік қызмет жүйесінде жаңа кадр тетіктерін қалып тастыру және қолданыстағыларын жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің жұмысын мемлекеттік қызметтерді тұты нушы ретінде халыққа бағдарлау, мемлекеттік қызметтің жоғары мәртебесі мен беделін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының этикалық нормаларын қалыптастыру мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың міндеттері болып айқындалады.

Тұжырымдамада мемлекеттік қызметті арттыру басымдылықтарының бірі ретінде Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының ережелері ескеріле отырып, біліктілігі жоғары мемлекеттік қызмет шілерді даярлау жөніндегі базалық білім беру орталығы ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәртебесін едәуір күшейту көзделген.

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың білік тілігін арттыру бағдарламаларының мазмұндық бөлігін сапалық тұрғыдан жаңғырту, оның ішінде қазіргі заманғы білім беру технологияларының және нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесі қағидаттарының негі зінде оқыту бағдарламаларын жаңарту маңызды шара болмақ.

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары анағұрлым икемді болады және мемле кеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесі жұмыс істеуінің озық әлемдік практикасын ескеретін болады.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерді шетелде даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ тиісті квота шеңберінде кәсіби тағылымдамадан өту олардың кәсіби дамуының жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және ынталандырудың қосымша тетігі болып табылады

Мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық стандарттары «мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық кодекстері» деген жалпы атауға ие болған арнайы нормативтік құқықтық актілерде қамтылған.

Нормативтік құқықтық актілерде бекітілген мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқаруы кезіндегі мінез-құлқының негізгі бағыттарын айқындауға арналған.

Осы стандарттар мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызмет құндылықтары мен қағидаттарына және қоғамның үмітіне сай келетін белгілі бір мінез-құлық стилін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде шет елдердің оң тәжірибесі негізінде әкімшілік этиканы басқарудың екі деңгейден тұратын жүйесі әзірле нетін болады.

Бірінші деңгейде мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлық стандарттарын айқындайтын нормативтік құқықтық акт әзірленеді.

Екінші деңгейде әрбір мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет шілері үшін мейлінше нақтыланған мінез-құлық қағидалары мен нормалары әзірленеді.

Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының ведомстволық қағидала рында нақты мемлекеттік органның қызметшісі өзінің лауазымдық  міндет терін атқару процесінде кездесетін, этикалық тұрғыдан алғанда көкейкесті мәселер жағдайлар толық сипатталады және осындай жағдайлардағы нақты мінез-құлық қағидалары көзделеді.

Әкімшілік этиканы басқару жүйесін қалыптастыру үшін «мемлекеттік қызмет этикасы» ұғымын және мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқы жөніндегі негізгі қағидаттарды заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет етіледі.

Мемлекеттік қызмет жүйесінде мүдделер қақтығысы мәселелері бойынша заңнамалық база да жетілдірілетін болады.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкер шілігін күшейту, оның ішінде осы органдардағы басшы адамдар  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған жағдайда оның орнынан түсуіне дейінгі тетік пысықталатын болады.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары мен ережелерін біртұтас құжатта біріктірген жөн, оның қолда нысы мемлекеттік қызметтің барлық түрлеріне, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттерін, оларға қолданылатын шектеулер мен әлеуметтік және құқықтық кепілдерді көздейтін мемлекеттік қызмет кодексінде қолданылатын болады [37, 86 б.].

Кейіннен осы кодекстің нормалары азаматтық қызметшілерге және қам тылуы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін адамдарға, сон дай-ақ мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдарда жұмыс істейтін адамдарға қолданылатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тәртіптік кеңестері қызметінің тиімділігі арттырылатын болады.

Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың мемле кеттік қызметке кіру фактілерінің жалпы алғанда азаматтардың мемлекеттік аппаратқа деген сеніміне теріс әсер ететінін атап өту керек.

Осыған байланысты, мұндай адамдардың мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігін заңнамалық деңгейде айқындаған жөн.

Осы шаралар мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды күшейтуге және халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Тағы рефераттар