Инвестициялық қызмет және инвестициялардың тиімділігін бағалау туралы қазақша реферат

Қазақстандағы ең басты стратегиялық міндеттердің бірі әрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін тікелей және қоржындық  инвестицияларды тарту болып келеді.

Мемлекеттік және жеке инвестициялардың экономикаға тартылған ағымдағы көлемі осы заманғы экономиканың жылдам өсіп отырған:

—         қайтарым уақыты ( Т қай )

—         инвестициялардың рентабельдігі ( ИР ), табыс индексі ( ТИ )

Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау үшін, қарызды толық өтеу уақыты және инвестицияның жалпы көлеміндегі инвестициялық жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді.

Қарызды толық өтеу уақыты , инвестициялық жобаны іске асыруда несие және қарызға алған қаражаттар болған жағдайда ғана анықталады.

Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз. Инвестиция тиімділігін арттыруға былай қол жеткіземіз.

—         инвестицияның техникалық құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;

—         Жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке үлесінің артуы;

—         жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту;

Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогресс болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындалмақ: машина, станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы детальдарды  дәл өңдеу және т.б. Сондай-ақ пайдалы тиімділігінің басты элементі  еңбек қауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңғайлылығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады.

Кәсіпорын мен фирма тәжірибесінде жаңа техниканы таңдау мүмкіндігі жоғарыда көрсетілген көрсеткіштермен ғана шектелмейді, онда өндірілген өнімнің бағасы , өзіндік құны бойынша да жағдайлар ескеріледі.Осындай кезде экономикалық тиімділікті есептеу үшін мынадай көрсеткішті қолданады:

— жаңа техника үшін күрделі қаржыны (инвестиция) қайтарым мерзімі . Егер қайтарым мерзімі біркелкі болса, онда бұл кездесалыстырмалы вариант тәсілі көрсетілген шығындар бойынша қолданады. Сондай-ақ күрделі қаржы тиімділігіне білімді, ғылыми зерттеуді, оқуды инвестициялау арқылы қол жеткізеді.

Бүгінгі инвестиция ең жаңа өндіріс құрал-жабдығының , ең жаңа ғылым мен техниканың негізінде еңбек өнімділігінің артуына негіз болады. Сондықтан да бүгін өндірілген нәрсенің көп бөлігін  сақтап , инвестицияласақ , онда біздердің ертең тұтынатын мүмкіндіктеріміз мол болмақ.
Тағы рефераттар