Ақтөбедегі өнеркәсіптік-технологиялық саясат туралы қазақша реферат

    Экономиканың өнеркәсіп секторында 2006 жылға берілген негізгі міндеттер орындалды. Ол – біріншіден, облыстың жұмыс істеп отырған кәсіпорындарындағы өндірістік қуаттарды барынша жұмыспен қамту және сол арқылы өнеркәсіп өнімін шығару көмегін күрт арттыру, екіншіден, облысты индустриялық – инновациялық дамыту бағдарламасында белгіленген шараларды жүзеге асыру аясында экономиканы диверсификациялауға және жоғары қосымша құн мен өнім шығаруға бағытталған өңдеуші салада жаңа жоғары технологиялық өндірісті енгізу .

Соның нәтижесінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 2006 жылғымен салыстырғанда 163,9млрд. теңгеге артып , 476,4млрд. теңгеге жетті.

Өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жұмылдырылған күш осы секторда өнім өндіру көлемін 2006 жылғы деңгейден 23,3% арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өсім машина жасауға 4,3 есе , тамақ өнімдерін өндіруде – 21,1% , резина  және  пластмасса  бұйымдарын  өндіруде –­­­­­    31,9 %   ,  ағаш  өңдеу  және  ағаштан  бұйым  жасауда –  74,8 %  болды.

Бұл –  өңдеуші  өнеркәсіпке  инвестицияның  озық  қарқынмен  өсуінің  нәтижесі.  Егер  2006  жылы  өнеркәсіпте  тұтастай  алғанда  инвестицияның көлемі 1,4 есеге өскен болса, ол  өңдеуші салада 5,6 есе болды. 2006 жылдың ішінде облыс экономикасына неғұрлым маңызды өндірістік және инфроқұрылымдық нысандар іске қосылды. Өнімнің жаңа түрлерін шығаруға бағдарланған озат технология трансфертімен инновациялық сипаттағы 30жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде республикада қайталанбайтындары да бар.Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға және бір тізбекте қосымша құнның жаңа шегін енгізуге бағытталған бірқатар ірі инвестициялық жоболарды іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасын тапты.

«Ақтөбе мыс компаниясы»  АҚ Октябрьдің 50 жылдығы атындағы кен орнынан мыс кенін өндіру және байыту жөніндегі кен байыту комбинатының  құрылысын жүргізуде .

Жыл бойы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік даму институттарымен бірлесе жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Олар бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістерді енгізуді қамтамасыз етеді.

Облыстың жалпы құны 839,5 млн. АҚШ доллары болатын 30 перспективалық жобадан тұратын тізімі бекітіледі.Оларды жүзеге асыру 2007 жыл және одан кейінгі жылдарға жоспарланған.

Сонымен қатар облыстың экономикасы тұрақты дамуына және өнеркәсіп пен инвестициялық салада көрсеткіштердің өсуі оңды қарқын алуда .

Алда Қазақстанның бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруге дайындығы аясында отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыруға маңыз бере отырып , облыста кәсіпорындарды сапа мен қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық ГЕСО сериялы 9000 және 14000 стандартына жеделдетіп көшіру жөніндегі белсенді жұмыстар жүргізілді.  Жыл қорытындылары бойынша ГЕСО халықаралық стандартына сәйкестікке Ақтөбе облысының  29 кәсіпорны сертификатталды, 7 кәсіпорын соны енгізуге жақын .

Ақтөбе облысы кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметі айтарлықтай жандана түсті. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының аумағында Ресей Федерациясындағы әріптестердің қатысуымен 104 біріккен кәсіпорын жұмыс жасайды
Тағы рефераттар