Балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адам туралы қазақша реферат

Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі барлық колектив қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі. Меңгерушіден  техникалық қызметкерлерге дейінгі барлық қызметкер әрбір баланың денсаулығын сақтауға және дене тәрбиесінің басқа да міндеттерін шешуге жәрдемдесуге міндетті.

Меңгеруші – дене тәрбиесі бойынша барлық ұйымдастыру жұмысына жауапты. Ол жұмыстың жалпы жоспарын жасап, қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді және балабақша қызметкерлерінің қызметін басқаруды жүзеге асырады.

Меңгеруші ойын алаңын, физкультура залын, топ бөлмелерін құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге міндетті: олар физкультуралық құрал-саймандары, ойыншықтар, атрибуттар; бөлмелердің ішіндегі, алаңдағы тазалық жағдайы, методикалық кабинет үшін әдебиеттерді, материалдарды таңдау.

Тәрбиешілердің жұмысын тексеріп, көмек көрсету мақсатында меңгеруші физкультура сабақтарына, ертеңгілік гимнастикаға, серуендеп жүргенде және дене тәрбиесінің басқа да ұйымдастыру түрлеріне бақылау жасайды. Бақылау жазбаларын қорытындылап отырып, ол жетістіктерін, кемшіліктерін көрсетіп, жұмысты жақсарту жөнінде практикалық кеңестер береді. Меңгеруші сонымен бірге  методикалық құжаттарды тексереді және тәрбиешілерге жоспар құруға, берілген есептерді талдап белгілеуге және т.б. көмектеседі.

Дене тәрбиесі бойынша теориялық және практикалық дайындықтың тиісті шамада болуы мектепке дейінгі мекемелердегі қызметкерлерге өз міндеттерін неғұрлым жетік атқаруларына және балаларға үлгі көрсетулеріне көмегін тигізеді.

Тәрбиеші-әдіскер – ірі балабақшада балалардың дене тәрбиесі бойынша тәрбиешілердің жұмысына тікелей басшылық жасайды. Тәрбиешілердің білімдерін жетілдіру, олардың жұмыстарын бақылау сияқты көрсетілген шаралардан басқа ол әдістемелік кабинетті қажетті әдебиеттермен, құжаттармен жабдықтауға көп көңіл бөледі: дене жаттығуларын бір жылға бөлінген жоспар-кестесін, апталық жоспар, физкультура сабақтарының, ертеңгілік гимнастиканың қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-конспектілері, физкультминуткалар, серуен, кешкі бос уақыттар, мерекелер және т.б.; денсаулық жағдайын есепке алу журналы, денесінің дамуы, дайындығы; дене жатттығуларының техникасы мен жүргізу әдісін бейнелейтін суреттері, фотографияларф бар альбомдар: физкультура алаңдарының макеттері, ата-аналар үшін материалдар.

Сонымен қатар әдісткер жұмыстың жақсы тәжірибелерін жинақтап, оны таратуға көп көңіл бөледі.

Балалармен дене тәрбиесі жұмыстарын тікелей тәрбиеші жүргізеді. Ол қажетті теориялық және практикалық дайындықта болуы керек. Тәрбиеші баланың жағдайын бет өзгерістеріне, терлеуіне, тыныс алысына, жүрек жұмысына, ынтасының өзгеруіне, қызығуына, белсенділігіне  тәртіптілігіне, сонымен қатар дене жаттығуларын  орындау сапасына қарап анықтауға үйрену керек.

Тәрбиеші бөлмеде және учаскеде гигиеналық жағдайлардың сақталуын, физкультура жабдықтарының, құрал-саймандардың сақталуы мен тазалығын қадағалап отыруға міндетті.

Бала бағушы дене тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Ол бөлмелердің, физкультура залының тазалығы мен ауасының тазаруын қадағалап отырады. Сәбилерге серуендеуге, дене шынықтыру сабағына барарда киінулеріне көмектеседі. Бала бағушы балаларға өз жұмысымен үлгі көрсете білсе, олардың тәрбиесі міндеттерін дұрыс шешулерінде атқаратын ролі зор.

Музыка жетекшісі тәрбиешімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар дене және музыка тәрбиесі жоспарларын өзара үйлестіре отырып, біріңғай дене жаттығуларын жасайды, сонымен қатар мерекелік бағдарламаларды, таңертеңгілік жаттығулардың кешендерін талқылайды.
Тағы рефераттар