Өкінішке қарай, соңғы уақытта маскүнемдікке салынатын жасөспірімдер саны артып келеді. Ал біз өз басымыздың мәселелерін күйттеп жүргенде, балаларымыздың барын есімізден шығарып аламыз. Ал қараусыз қалған бала зиянды нәрселерге әуес болып кетеді.

Жасөспірім ішімдік зиянсыз екен деп ойлағанда, оны ерте бастан тата бастайды. Сондықтан осы кеселді алдын-алу үшін алдымен балаларға түсіндіру шараларын өткізу керек. Әңгімелесу барысында мынадай сөздерді қолданбау керек: «сен оған әлі кішкентайсың», «үлкен болғанда, ішесің». Осындай сөздерден кейін балада мәселенің күрделі еместігі туралы түсінік пайда болады. Ал кейін ата-аналарға осы кеселмен күресуге тура келеді. Алайда жалғыз адам ол мәселені шеше алайды.

Жасөспірімдер арасындағы маскүнемдікке қарсы ескерту отбасында көрініс табады. Балалар мен жасөспірімдерге ішімдіктің зияны туралы айтқанда, өзіңіз де оның зиянын білуіңіз шарт. Ішімдік қанға араласқанда, адамның мінез-құлқы жүріс-тұрысы өзгеріп, оның салдарынан агрессияға бой алдырып, қылмыс жасауы мүмкін.  Сол уақытта эмоционалдық аума – жылау, ызалану, мұңаю мен өз мүмкіндігін асыра көтермелейтін көтеріңкі көңіл-күй пайда болады. Мас адамның бұлшық етінің қимылы мен реакция жылдамдығы төмендейді.

Уақыт өте келе ішімдік ағзадағы күрделі дене және психологиялық ауытқушылықтарға себепкер болады. Ішімдікті қолданған баланың көңілі ауып, нәтижесінде оқуы нашарлайды. Ішімдік бауырға зиянын тигізіп, оның қызметі әлсірейді. Ең жаманы – жасөспірім өзінің психологиялық мәселелерін — қорқынышты, өз-өзіне деген сенімсіздікті ішімдік арқылы шешуге тырысады, соның салдарынан ішімдікке тәуелді болады. Ішімдік адамның тұлға ретіндегі қалыптасуын тоқтатады. Кейбір жасөспірімдер ішімдік ішіп, біраз уақыттан кейін осы әдеттен арылады. Алайда көпшілігі оны тоқтата алмайды.

Ішімдікке салынудың себептері әрқилы. Мысалы: қызба және ашуланшақ балалардың ата-аналарымен сенімді қарым-қатынас орната алмауы. Ата-аналар мен мұғалімдерге ескертетін жайт: отбасында ішімдік қолданатын, депрессияға түскен, қорқақ, ұялшақ, өз-өзіне деген сенімсіз, өз құрбыларымен тіл табыса алмайтын немесе керісінше қызба мінезді балаларға аса ықыласпен қарау керек. Осындай балалар ішімдік, темекі, нашаға әуес болады.

Ата-аналар жасөспірімнің мінез-құлқына аса мән беруі керек. Егер мінезі мен көңіл-күйі өзгерсе, үлгерімі нашарласа, онымен сөйлесуіңіз керек. Ішімдікті қолдана ма – осыны анықтап алу шарт. Сұрақтарыңызға мардымды жауап ала алмағаныңызбен, тоқтамаңыз.

Балаға деген сенімсіздік оның ашуын келтіреді: «Сен маған сенбейсің», «Сен мені аңдисың» деп айтуы да мүмкін. Осындай жағдайда отбасылық дәрігеріңізге барып көрінуіңіз керек. Дәрігер баланы қарап шығады (көп жағдайда бала қаны құрамында ферменттер болады). Егер баланың ішімдік ішетіні анықталса, онда нарколог және психолог көмегіне жүгіну керек.

Емдеу арнайы стационарларда жүргізіледі. Алдымен бала ағзасынан зиянды заттар шығарылып, одан соң медициналық ем көрсетіледі. Наркологтар психологтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау керек. Балаларға қоса, ата-аналарға да психологтың көмегі қажет болатын жағдайлар кездеседі.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.zhas.kz – «Репродуктивтік денсаулық және
салауатты өмір сүру» сайты;

2) www.doctor.kz — «Doctor.kz» медициналық порталы;

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «маскүнемдік зардаптары», «алкоголизм және балалар» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар