Бейнелеу өнері шеберлерінің идеялық мазмұны шығғармаларының халыққа әсемдік тәрбие беру мүмкіндіктерімен қатар мектеп оқушыларына да саяси идеялық тәрбие беретін мүмкіндіктері мол. Бейнелеу өнерінің мұндай мүмкіндіктерін тәрбие сағатында пайдаланудың ұтымды жақтары бар. Бейнелеу өнері туралы тәрбие сағатында сынып жетекшісі бейбітшілік туралы оқушыларға жалпы түсініктер берумен қатар жеке шығармалардың идеялық мазмұнына талдаулар жасайды, тәрбие жұмысының мазмұнын бейбітшілік туралы деректі әңгімелермен толықтырып отырады.

Бейнелеу өнерінің міндеттерінің бірі – халықтың прогрессивті істерін өнеге тұтып, бүгінгі замандастың образын жасау, өмірдің көкейкесті мәселелеріне дер кезінде үн қосып отыру болып табылады. Бейбітшілікті сақтау қазіргі заманның басты талабына айналып отыр. Жер жүзі халықтарының тыныштығы үшін бүкіл прогресшіл адамзат күресуде. Бейбітшілік жолындағы күресте Қазақстанның атқарып жатқан игі істері өте мол. Соның бір жарқын көрінісі ел Президенті Н.Назарбаев әлемдегі ұлт өкілдеріне бейбітшілік туралы мәлімдемесі. Бұл мәлімдемені дүние жүзінің прогрессившіл халықтары қолдап отыр. Мұндай әңгімеден соң мұғалім бейнелеу өнеріндегі бейбітшілік идеяларының көрініс сипатына тоқталады.

Бейбітшілік тақырыбы бейнелеу өнерінің барлық түрлері бойынша шығармашылық ізденетін суретшілердің сүйікті тақырыбы болып келді және бола бермек. Бейбітшілік тақырыбына жазылған шығармалардын мазмұны-табиғат әсемдігі мен байлығын сақтау, жас ұрпақтың болашағы үшін зұлым-дық пен соғысқа қарсы күрес көріністері болып келеді. Қазақ бейнелеу өнері халықтардың өзара түсінісуіне және жақындауына жәрдемдеседі, империализмге реакция мен соғысқа қарсы күреске белсене қатысады.

Загрузка...

Бейнелеуөнерінде саяси мәнге, мазмұнға бай тарихи жанрна жазылған туындылар, пейзаждар мен плакаттар өте көп. Олардың кейбірі бейбітшілік қадырын, соғыстың көріністерін бейнелеуімен ескс түсіре, кейбір суретшілер картинадағы кейіпкерлердің ой сезімдерін ашып көрсету арқылы бақытты балалық шақты, ел тыныштығын, бейбіт еңбекті өнер тілінде жырға қосады.

Мектеп оқушыларының өнерге, Отанға деген шынайы патриоттық сезімдерін оятуға бейнелеу өнері зор үлес қосады. Бейбітшілік тақырыбына жазылғанөнер туындыларының көркемдік ерекшеліктерінбалаға түсінікті етіп әңгімелеу, жас өспірімнің дүниетанымын дамытып эстетикалық талғамының артуына жәрдемдеседі.

Біз тәрбие сағатында реалистік бағытты ұстаған әлемге әйгілі бейбітшілік жыршысы П. Пикассоның Р. Гуттузонның алдыңғы қатарлы қазақ суретшілерінің шығармалары туралы кең түрде әңгіме қозғалады. П. Пкассоның пейзаждары мен «Герника» атты шығармасы бейбітшілікті жырлап, соғыстың ауыр азабын паш етеді. Өнер туындысы символдық бей-нелер арқылы зұлымдық пен жамандық атаулыны әшкерелеп, өмірдегі әсемдікті сүйсінуге шақырады. Италияның белгілі реалист суретшісі Ренато Гуттузоның шығармалары соғысқұмарларға қарсылық көрсетеді. Бұл картинаның бірінші планында Гитлердің жиркенішті бейнесі тұр. Сурет фонындағы фашистердің адамдарды азаптауы, асуы, газбен тұншықтырып жазалауы сияқты көріністер бейнесі арқылы суретші зұлымдыққа қарсы өз сезімін білдіреді. Р. Гуттузо осы картинаны жазғаны үшін фашизмді жақтаушылардың қудалауына түсті, азап шекті бірақ оған төтеп берді.

Бейбітшілік тақырыбына қалам тартқан орыс суретшісі В. Каракашевтың «Әлемге тыныштық» атты плакатындағы қарапайым көріністермен «күннің көзін қара түнек баспасын, әлемде бейбітшілік болсын» деген ойды білдіреді» Суретші Ю. Ивановтың «Әлемнің иесі еңбек болады» дейтін триптих плакатындағы бейнелер бейбітшілікке өз еңбегіміз-бен үлес қосуымыз керек, — деген ой салады.

Бейбітшілік үшін күреске қазақ суретшілері де өз үлестерін шығармашылық еңбектерімен қосқан. Суретшілер М. Аманжоловтың «Қайырлы таң» туындысы мен Б. Табиевтің «Менің ауылымның адамдары» атты сериялық шығармалары бейбіт өмір қадірін түсінуге жетелейді. Бүгінгі күнгі әрбір қазақ азаматының бейбітшілікті бейбіт еңбегімен нығайту керек екендігін меңзейді.

Сабақта бейбітшілік жолындағы күрес пен еңбектің сипатына тоқталып өту орынды. Сондықтан біз мысал ретінде «Чимкентшина» — өндірістік бірлестігінің өнімдері еліміздің түкпір түкпіріне таратылатындығына тоқталдық, өнімнің көпшілігінің ауыл шаруашылық машиналарын жасауға қолданылатыны айттылды. Техника көмегімен өсірілген астықтың күні ертең дастарханымызға нан болып қайта оралатындығын түсіндірдік. Ал нан дегеніміз — өмірдің өзегі, бейбітшілік бастауы.

Кескіндеме шеберлері Т. Тоғысбаевтың «Бейбітшілік әні», Б. Бисенбинованың «Мәңгі таң» пейзажы мен А. Тимофеевтің «Бейбітшілік туралы сөз» атты графикасынан әлемдегі тыныштық мәңгі болсын, бейбіт өмір жалғаса берсін деген көркем ойлар айқын сезіледі. Кескіндемеші К. Молдашевтің «Қазақстан, Дала және уақыт» триптихына кіретін «Ақ дала» туындысында бейбіт өмір мен еңбектің салтанатын көркем қаламның нәзік бояуларымен сипаттайды.

Суретші Х. Абаевтің «Еқбек – молшылық! Еңбек – бақыт!» атты екі форматтан тұратын триптихында еңбек адамдарының шаттық өмірін және әлемдегі бейбітшіліктің салтанатын көрсетіп, керермендерді көркем ойдың өрісіне жетелейді. График-суретші.К. Каметовтың «Балалық шақты еске түсі-руінде» біздің заманымыздың бақытты балаларының өмірі, әсерлі суреттелген, тартымды көріністердің композициялық жүйесі ұтымды табылған.

Американ соғысқұмарларының 1945 жылы Хиросима қаласына атом бомбасын тастағаны тарихтан бізге мәлім. Бұл жауыздықтың зардабын жапон халқы әлі күнге дейін шегуде. Басқа елдердің суретшілерімен қатар қазақ суретшісі Н. Нурмухаммедов те бұл көріністі бейнелегендердің бірі. Сабақта суретшінің «Хиросимо» картинасының мазмұнын оқушыларға таныстыру барысында соғысқұмарлардың іс әрекеті жайлы көрнекті түрде өмір көріністерін әңгімелейміз.

Суретші Б. Тулкеевтің «Көктем күні» туындысында ана образы жасалған. Шығармадағы кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ашьп көрсете отырып, суретші жер жүзіндегі аналардың бейбіт өмірге құштарлығы мен жас ұрпаққа деген аналардың сүйіспеншілік сезімдерін көрермендерге әсерлі жеткізеді.

Бейнелеу өнеріндегі сатира жанры бейбітшілік үшін күрестің батыл да өткір құралы. Сатиралық графика тілі бейбітшілікті жақтап, соғысқұмарларды сұрқия кейіпкерлер түрінде көрсетеді. Мұндай тақырып бойынша әңгіме өткізу барысында «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» ғазеттерінің беттерінде жарияланған соғыскұмарларды айыптайтын карика-туралық суреттерді пайдаланамыз. Графикалық шығармаларда бейбітшіліктің символдық белгісі ретінде жер шары, мен ақ көгершін бейнесі алынады. Мысалы, бейбітшілік жылының символы ретінде жер шары, оны қоршаған өсімдік жапырақтары және ақ көгершін бейнесі белгіленген. Ал соғысқұмарлар образы өнер тілінде қырып жоюға арналған қару жарақтар көрінісімен қоса көрсетіледі,

Әңгіме сабақта өнер шығармаларының мазмұнын аша түсу үшін бірнеше шығармаларды қатар салыстырып көрсету орынды. Сонымен қатар картиналардың әңгіме үстінде бояулар түстерінін, композициясының, орындалу техникасының  мазмұнымен байланысын ашып көрсетіледі.

Тәрбие сағатының соңында біз, еліміздің халықтары алапат соғыстардағы қиындықтарды жеңу арқасында бейбітшілікке қолы жетті, сондықтан бейбітшіліктің, қадірін түсініп-сақтай беру міндетіміз және абзал борышымыз–деген қорытынды жасадық.

Жалпы бейнелеу өнеріндегі бейбітшілік тақырыбы бойынша өткізілген тәрбие сағаты оқушыларға эстетикалық тәрбие берумен қатар патриоттық, отансүйгіштік тәрбие беру мәселелерін ұтымды шешуге болатындығын тәжірибе айқындап берді.

.
Загрузка...

Тағы рефераттар