Болат өндірудің конвертер әдісі туралы қазақша реферат. Конвертер деп іші отқа төзімді кірпішпен астарланған болат ретортаны айтады. Конвертерде болат алу әдісін 1854 – 1856 жылдары ағылшын Г.Бессемер бірінші болып қолданған. Бастапқыда бұл әдіс бойынша болат алғанда, конвертерге қүйылған сүйық шойынды астынан ауамен үрлеген. Ауадағы оттегімен әрекеттесіп, шойындағы көміртегі кремний, марганец т.б. қоспалар тотығып, бөлініп шығып шойын болатқа айналады.

Көміртегі, кремний, марганец т.б. қоспалар тотыққанда, қосымша көп жылу бөлініп шығады.Сондықтан бұл әдіс отынды қажет етпейді. Қазіргі заманды ауаның орнына техникалық оттегі қолданылады. Бұл әдіс оттегі отынды қажет етпейді. Қазіргі заманда ауаның орнына техникалық оттегі қолданылады. Бұл әдіс оттегіконвертерлік әдіс деп аталады. Зауыттардың көбінде түбі жабық (үрлейтән тесіктер жоқ) доломит немесе хром-магнезит кірпішімен астарлаған көлемі 250….400 тонналық конвертерлер қолданылады. Оттегі конвертерге сумен суытылатын вертикаль фурма арқылы беріледі. Фурма сұйық шойын деңгейінен 1200….2000 мм жоғары орналасқан. Яғни оттегі ескі әдістегідей шойын қабатынан өтпей, тек қана үстіңгі бетіне беріледі.

Загрузка...

Оттегі конвертерінің құрлысы мен жұмысы 2.2- суретте көрсетілген. Конвертердің жұмыс циклі оның ішіне металл сынықтарын, кейде темір рудасын салудан басталады. Сонан соң сұйық шойын құйылады. Металл конвертер көлемінің 1/5 бөлігін толтырғанда, фосфорлы байланыстыру үшін әк тас қосылады. Сонан соң конвертерге оттегі үрленеді. Оттегі ағысының механикалық әсерінен металл ваннасы араласады.

Шойын қоспаларының тотығуы күшейе түсуі нәтижесінде фурманың төменгі жағында температура 2400˚C-қа жетеді. Балқыған металдағы шойын қоспаларының оттегімен тотығуы мына реакциялар арқылы жүреді:

                                                                   Si + 2O =SiO              

Mn + O = MnO

                                                                 C + O = CO

Тотықтанудың бұл өнімдері қожға қосылып өтеді. Қоспалардың кейбір бөлігі металмен  қож шекараларында қождағы темір тотықтарымен тотықтанады:

Si + 2FeO = SO + 2Fe,

Mn + FeO = MnO + Fe,

C + FeO = CO + Fe

   Болаттың құрамындағы көміртегі тиісті мөлшерге жеткен кезде оттегімен үрлеу тоқтатылды.

Ол үшін электронды есептеу машинасын пайдаланып, автоматты бақылау жасайды. Одан кейін  конвертерді бұрып, дайын болатты шөмішке құйып алады. Оттегі конвертерінде жылдам тотығатын легірлеуші  элементердің шамасы 2….3%  аспайтын болаттар қорытылады. Легірлеуші элементтерді бөлек электр пештерінде ерітіп, шөмішке құйып қосады.

Оттегі конвертерінде қоспалардың тотықтануы өте жылт дам жүретіндіктен, болат алу технологиялық циклі 50….60  мин жүреді. Оның ішінде оттегімен үрлеу 18…..30 мин. Бір тонна болат өндіру үшін 50….60 м оттегі жұмсалады.

Болатты өндірудің әдістері

Болат өндірудің конвертер әдісі

Конвертер деп іші отқа төзімді кірпішпен астарланған болат ретортаны айтады. Конвертерде болат алу әдісін 1854 – 1856 жылдары ағылшын Г.Бессемер бірінші болып қолданған. Бастапқыда бұл әдіс бойынша болат алғанда, конвертерге қүйылған сүйық шойынды астынан ауамен үрлеген.

Болат өндірудің мартен әдісі

Мартен үдерісін 1865 жылы француз металлургтары Э. Мартен мен оның ұлы П. Мартен ұсынған. Мартен пеші жылынды және регенеративті пеш болып табылады. Оның балқыту кеңістігінде газ тәрізді отын немесе мазут жағылады.

Электр пештерінде болат өндіру

Балқытудың басқа агрегаттарымен салаыстырғанда, электр пештерінде балқытудың артықшылықтарына мыналар жатады.

  1. Жылдам қызып, 2000˚C-қа дейін жылудың тұрақты болуы.
  2. Тотықтанатын, бұрынғы қалпына келетін немесе бейтарап атмосфера және вакуум жасау мүмкіншілігі. Соның арқасында электр пештерінде мапасы жоғары және арнайы қасиеттері бар, зиянды қоспалары аз болаттар қорытуға болады. Металлургиялық электр пештері доғалы және индукциялы болып бөлінеді.

Балқыған болатты құйып алу тәсілдері

Балқыту пештерінде балқыған болатты шөміштерге құйып алып, көпір кранмен оны сом тьемір құятын жерге жеткізеді. Ол шөміштердің сыйымдылығы  5-250 т аралығында. Ірі балқыту пештерінде болат қорытқанда, шөміш сыйымдылығы 400 тоннаға дейін болады (диаметрі мен биіктігі 6 м-ге дейін).

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар