Маржиналды табысқа анықтама беруіміз үшін, ең алдымен «директор костинг» жүйесіне тоқталуымыз қажет. «Директор — костинг» жүйесі ең алдымен АҚШ-та пайда болған. Оның негізгі тұжырымдары 1936 жылы И.Н.Гаррис атты американдық зерттеушінің статьясында жарық көрді. Нақты бұл жүйе 1953 жылы жүзеге асты. Ұлыбританияда бұл әдіс – «маржиналь-кост», Францияда – «маржиналды бухгалтерия» деген аттармен аталды. Бұл жүйенің негізі – шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлуде жатыр. 

«Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері есебі» атты бухгалтерлік есептің 3 стандартының мазмұны ҚР-да шығындар есебін ұйымдастыруда «директор костинг» жүйесі бойынша жүргізуге толық мүмкіндік береді. Бұл есепте тұрақты шығындар кезең шығындарына жатқызылған, олар өндірістік өзіндік құнға кірмейді және кәсіпорынның жалпы табысынан алынып тасталады.

«Директор костинг» жүйесін пайдалану белгілі қиындықтарға байланысты болып отыр. Белгілі бір кәсіпорын бойынша шығындарды тұрақты және өзгермеліге классификациялауға болмайды, ол қызметтің ауысып отыратын жағдайларына байланысты қарастырылып отыруы қажет. «Директор костинг» жүйесін пайдалану барысында калькуляциялау мен баға белгілеу үшін өнімнің толық өіндік құнын жүйеден тыс жолмен анықтауымыз қажет болады. Бұдан басқа, салық жүйесінің органдарымен қарым-қатынас күрделенеді, өйткені өндіріс шығындары және салық салынатын табыс есепті жолмен анықталады. Ал бір жағынан, шығындарды тұрақты және өзгермелі деп топтастыру есеп жүргізудің бақылау және аналитикалық мүмкіндіктерін күшейтеді, оптималды шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Шығындарды бөлудің кемшіліктері «директор костинг» жүйесінің аналитикалық жетістіктерімен жабылады, оның ішінде ең маңыздылары болып келесі жетістіктер саналады:

Загрузка...
  • шығарылатын өнім ассортиметі мен табысты оптимазациялау;
  • жаңа өнімге бағаны анықтау;
  • өндіріс тиімділігін бағалау;
  • қосымша тапсырыс қабылдау тиімділігін бағалау, жабдықты ауыстыру тиімділігін бағалау және т.б.

Маржиналды табыс дегеніміз – бұл өнім сату бойынша табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмашылық. Бір жағынан ол тұрақты шығындар мен негізгі қызмет бойынша табыс қосындысы болып табылады. Бұл жағдай көпсатылы есептерді құруға мүмкіндік туғызады.

2007-2008 жж. мәліметтер бойынша «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің негізгі қызметіне маржиналдық талдауды келесі кестеден көре аласыздар.

Кесте -1 «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің 2007-2008 жж. маржиналдық талдауды

Көрсеткіштер

2007

2008

Өсім 2007/08

Өсім 2008/07

1

Сатудан түскен табыс

54720234

43992178

80,4

-19,6

2

Переменные затраты

45944196

35457020

77,17

-22,83

3

Маржналдық табыс

8776038

8535158

97,25

-2,74

4

Кезең шығындары

8107243

8590229

105,95

+5,95

5

Таза табыс

668795

-55071

8,23

-91,76

Жоғарыдағы кесте бойынша «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС –тің 2007-2008 жылғы негізгі қызметіне жүргізген маржиналдық талдау қоытындысынан мынадай түйін жасауға болады:

  • 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда сатудан түскен табыс 10728056 теңгеге кеміген және де аржиналдық табыс 240 880 теңгеге кеміген.
  • Тұрақты шығындар 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда 482 986 теңгеге өскен. Себебі, әкімшілік шығындарға байланысты.
  • Таза табыс 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда -55071 теңгеге кеміді. Оның себебін келесі факторлық талдаудан көруге болады. Факторлық талдау жасау үшін келесі талдау үлгісі қолданылады:

ТТ = N – VC – FC   (1)

Мұндағы:

ТТ – таза табыс

N – сатудан түскен табыс

VC –

FC – кезең шығындары

Таза табыстың өзгеруіне факторлық талдау жасау үшін мынадай классикалық әдістер қолданылады: тізбектік қатарлар, абсолютті айырмашылық, салыстырмалы, итегралдық, логаритмдік.

Енді, осы әдістердің ішінен абсолютті айырма әдісін қолданамыз.

∆  ТТ N  = (N1 – N0) — VC0 –  FC0 = (43992178 – 54720234) – 45944196 – 8107243  = — 64779495

∆  ТТ   = (VC1 – VC0) – FC = 43992178 – (35457020 – 45944196) – 8107243 = +25397759

∆  ТТFC  =  N1 –  V1 –  (FC1 – FC0 =  43992178 – 35457020 – (8590229 – 8107243)  = 8052172

Факторлық талдау бойынша сатудан түскен түсімнің өзгеру әсерінен таза табыс 64779495 теңгеге кеміген. Ал, айнымалы шығынның өзгеру әсерінен таза табыс 25397759 теңгеге өскен. Сондай-ақ тұрақты шығынның өзгеру әсерінен таза табыс  8052172 теңгеге  кеміген. Қорыта келгенде таза табыс айналым шығынның әсерінен өскен. Себебі, айналым шығын 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда -10 487 176 теңгеге кеміген. Өйткені, әкімшілік шығындарға байланысты «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС –тігі құрылыс жұмыстарының ауқымын қысқартты және де айналым шығындарды үнемдеді. Тұрақты шығынның өсу әсерінен таза табыс кеміген.

.
Загрузка...

Тағы рефераттар