Германияға қарсы екінші майданның ашылуы туралы қазақша реферат

Екінші майданның ашылуының нақтылы келісілген мерзімі ақыры шешілген сияқты еді. Бірақ батыс державалары бұл жолы да өз міндетін орындамады. 1942 жылы өтті, 1943 жылы бітті, 1943 жылы қарашаның аяғында  Тегеран конференциясы ашылғанда бұрынғысынша Францияда екінші майданның қашан ашылатындығы беймәлім еді. Сондықтан Тегеран кездесуінің күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылаумен қатар, Совет үкіметі екінші майдан жөніндегі мәселеге де нақтылы жауап алуға ұмтылуы да табиғи нәрсе еді.

Тегеран конференциясының бірінші жалпы мәжілісінде Европада екінші майданды ашу туралы мәселе қойылды. Тегеран конференциясында Британ премьері У. Черчилль мен АҚШ президентінің біріккен штабы «Оверлорд» операциясы 1944 жылғы май айында белгіленді деп жарияланды. Ол оңтүстік Франциядағы десанттың көмегімен жүргізілмек, бұл қосалқы операцияның күші сол кездегі қолда болатын десанттық құралдардың мөлшеріне байланысты болады деп шешілді. Ал Англия тек десанттық операциялар басталғанға дейін КСРО немістерге күшті соққы әзірлейтінін мәлімдеді.1 Тегеран конференциясында солтүстік Францияда екінші майдан ашу проблемасын талқылау осылайша аяқталды.

Ағылшындар мен американдар берген уәде созыла түсіп, «Оверлорд» операциясы майда емес, 1944 жылы 6 маусымда басталды. Гитлершілдерді батысқа қарай үсті-үстіне тықсыра түсіп, Германияның территориясына жақындаған совет әскерлерінің ойдағыдай қимылы болмаса, мұны бұдан да гөрі ұзақ мерзімді кешеуілдетуге тура келер еді. Ағылшындар мен американдықтар кешігіп қалудан қорқып, ақыры басып кіруге мәжбүр болды. «Оверлорд» туралы мәселе шешілгеннен кейін конференцияға қатысушылар қол қойған келісімді қатаң құпия сақтау проблемасына едәуір көңіл бөле бастады. Сонымен бірге екінші майданды ашуға керекті стратегиялық және тактикалық жоспары жасалып, дұшпанды радионың көмегімен шатастыру, бес-сегіз мыңға дейін танкілер, екі мың самолет макеттері жасалып, жалған аэродромдар жасалу ұсынылып, Тегеранда қабылданған шешімдерді білетін адамдар тобы шектеулі болуы, хабар-ошардың шетке шығып кету мүмкіндігін болдырмауды көздеген қосымша шаралар белгіленді. Осыған қарамастан, Тегеран конференциясының аса маңызды шешімдерін жаудан құпия сақтау қолдан келмеді.

Еуропада екінші майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі Совет делегациясының ұсынысы бойынша жетілдірілді. Черчилль екінші майданды Балқан түбегі арқылы жүргізуді жақтады.1 Ол ағылшын және американ қарулы күштерін Совет армиясынан бұрынырақ оңтүстік-шығыс және орталық Еуропаға жайғастырып, еуропа халықтарын билеп-төстеуді көздеді. Бұл жоспардың осал жақтарына тоқталып, В.И. Сталин екінші майданды Франция территориясынан ашудың дұрыстығын дәлелдеді.

Тегеран конференциясының 28 қарашадағы бірінші жалпы мәжілісінде Түркияны одақтастар жағында соғысқа итермелеу жөнінде У.Черчилль мәселе көтерді. Британ премьерінің пікірі бойынша Түркияның соғысқа кіруі Дарданелл мен Босфор арқылы қатынас жолын ашуға, сөйтіп Совет Одағына Қара теңіз арқылы қатынас жолын ашуға жабдықтарды жіберуге мүмкіндік туып, оңтүстік порттарда жүк түсіру тұрақты түрде жүзеге асырылады деп сендірді.

Ағылшын үкіметінің генералдары Түркияның соғысқа кіруі одақтастарға үлкен артықшылықтар әпереді және Румыния мен Болгарияның соғыстан шығу мүмкіндігі тұрғысынан үлкен маңызға ие болады, бұған қоса Түркияда одақтастардың авиабазасын жасау немістердің маңызды объектілеріне, атап айтқанда олардың Румыниядағы мұнай көздеріне шабуыл жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп шешті. Егер Түркия соғысқа кіру жайлы соғысты қабылдамаса, мұның Түркия үшін елеулі салдарлары болатынын және Босфор мен Дарданелл қақындағы оның правосына әсер ететіндігін ескертті.2 Ақыры 1945 жылы 23 ақпанда Түркия Германия және Жапонияға соғыс жариялады. Бұл кезде Болгария, Румыния, Югославия азат етілген еді де, майдан түрік шекараларынан мың километрге қашықтап кеткен болатын. АҚШ пен Ұлыбританияның өтініштеріне байланысты Совет Одағы Еуропадағы соғыс бітісімен империалистік Жапонияға қарсы соғысатынын білдірді.  Рузвельт Германияны бір-біріне тәуелсіз бес мемлекетке бөлшектеу туралы мәселе көтерді. Черчилль бұл ұсынысты қабылдап, Австрия, Венгрия және Оңтүстік Германияның кейбір аудандарын қамтитын «Дунай федерациясын« құру жөніндегі жоспарды қолдады.  КСРО өкілдері бұл ұсыныстарды сынап, неміс халқының мүддесіне қайшы келетін Германияны бөлшектеу мәселесін қабылдатпады.  Тегеран конференциясы Иранның тәуелсіздігін, суверенитетін және территориялық тұтастығын сақтау керек екендігін ескертті. Германияны бөлшектеуде бірінші Пруссияны қалған Германиядан оқшаулау, екіншісі Германияның оңтүстік провинцияларын – Баварияны, Баденді, Вютембергті, Палатинаны Саардан Саксонияға дейін бөліп тастау ұсынылды.  Өз кезегінде В.И.Сталин  оны Дунай мемлекеттерінің құрудың қажеті жоқ, Венгрия мен Австрия бір-бірінен бөлек өмір сүруге тиісті деп толықтырды. Сөйтіп, Тегеран конференциясында соғыс аяқталған соң, Германияны бөлшектей отырып, оның XX ғасырда қайта бас көтеру мүмкіндігін болдырмау көзделді.  АҚШ президенті Ф. Рузвельт Германия туралы мәселені зерттеу үшін арнаулы құрылым тағайындап, оны Лондон комиссиясына беру жөнінде ұсыныс білдірді.

Сондай-ақ Тегеран конференциясында Польша мәселесі қаралды. Онда КСРО мен Польшаның арасындағы 1939 жылғы шекараны қалдыру, яғни Германияның біраз бөлігін Польшаға, ал Польшаның шекарасы шығыста «Керзон сызығымен», батысында Одер өзені бойымен өту жобаланды. Польшаны Германия есебінен қанағаттандыру (жерінің біраз бөлігін алу) туралы Черчилльдің пікірі тыңдалған соң, Сталин Украинаның жері Украинаға, Белоруссияның жері Белоруссияға берілуі жөн екендігін Львов проблемасын шешу жөніндегі жоспарын карта бойынша нақтылай көрсетіп дәлелдеп шықты.

Үш ел соғыстан кейін бейбітшілік орнату жайында бірлесіп әрекет етуге уағдаласты. Сөйтіп Польша мемлекетінің жері мен халқы Польшаның құрамына Шығыс Пруссия мен Оппельнск провинсиясына қоса отырып, Керзон линиясы мен Одер өзені деп аталатындардың арасында орналасуға тиіс деп шешілді.  Шекараны түркілікті жүргізу, мұқият зерттеуді және кейбір пункттерде халықтың мүмкін боларлық қоныс аударуын керек етеді деп, нақтылай түсті.  Тегеран конференциясында қабылданған шешімдер соғыс бітісімен батыс елдердің реакцияшыл топтары бұл келісімдерді бұзуы, халықаралық жағдайды шиеленістіруге әкеліп соқты.

Тегеран конференциясында қабылданған үш державаның қабылдаған декларациясының алғашқы мәтіні мынадай мазмұнда жазылды: «Біздер: АҚШ президенті, Ұлыбританияның премьер-министрі және Совет Одағының премьері соңғы төрт күннің ішінде (28/11-1/12-43) Біздің Одақтасымыз — Иранның астанасында кездесу өткізіп, ортақ саясатымызды тұжырымдап белгіледік. Соғысқа қатысты әскери келіссөзде герман қарулы күштерін жою жөнінде жасаған жоспарларға келістік. Шығыстан, батыстан, оңтүстіктен қолданылатын операциялардың көлемі мен мерзімі жайында толық келісімге келдік.

Құрғақтағы герман армиясын, олардың теңіздегі сүңгуір қайықтарын құртуға әрі әуеден олардың соғыс заводтарын талқандауымызға дүниежүзінде бізге ешқандай күш бөгет бола алмайды. Біздің шабуылымыз аяусыз әрі өрши түсетін болады.  Ф.Д.Рузвельт, В.И.Сталин, У.Черчилль Тегеранда 1943 жылы 1 желтоқсанда қол қойылды». Соғыстың барысында басқа шешімдермен бірге Югославия партизандарына жан-жақты көмек көрсету туралы келісімге қол жетті.

Сөйтіп, Тегеран конференциясында Германия мемлекетімен арадағы соғысты аяқтау үшін жүргізілетін соғыс қимылдары мен оның жерін бөлшектеу , шекарасын белгілеу мәселелері талқыланды.
Тағы рефераттар