Гвиан таулы қыраты мен ойпаты туралы қазақша реферат

Биіктігі 2700 м-ге дейін жететін Гвиан таулы қыратының үлкен шоңғалына Льянос Ориноко мен амазония ойыстары аралығы Оңтүстік Америкалық платформаның Солтүстік антиклизин қалыптастырады. Бұл шоңғал Атлантика пассатымен бірге жыл бойы, әсересе көктемде және қыста келетін ылғалды ұстап қалады, ал жазда бұл жерге экваториалдық ауа массалары келеді. Ыстық ылғалды климат жағалаудағы шайылу мен кебу процестерін бұл жердегі мезозой құм жамылғысын бұзып, кристалдық негіздегі пенеплен қатты бөлшектенген, көптеген лықсымалар мен жаңа көтерілімдер тудыратын өзендер бұл жердегі қатты тау жыныстарына терең кесіп кете алмай, көптеген сарқырамалар мен шоңғалдар қалыптасады. Тау қыратының ежелгі тау жыныстарында темір рудаларының ірі кендері бар. Серра Иматака жотасы-Эль Пао тау-кен ішінде 1,3 млрд. тоннаға жетеді. Сонымен қатар бұл жерде алмас пен алтынның (Эль Кальяо), қуатты үгілу қыртысында бокситтер және марганец  қоры кездеседі, боксит өңірінің (1/3 бөлігін суринам мен Британ Гвианасы өндіреді). Ал марганец кендері Серраду-Навиуда Оңтүстік Жарты шардағы ең үлкен болып есептеледі, мұндағы қорлардың көлемі, 25 млн тоннаға дейін, ал кейбір мәлемттер бойынша 80 млн тоннаға дейін жетеді.

Тау қыратының сол бөлігі субэкваторлық муссондық ормандар зонасында жатыр. Өсімдік топырақ жамылғысының қалыптасуында беткейлер мен литология экспозициясының рөлі маңызды.

Атлант мұхитына тікелей жақын 2-50с.е. аралығында орналасқан шығыс бөлігіне жылына 2000-3500 мм дейін жететін ең көп жауын-шашын түседі. Дәл осы жерде шөгінділер жамылғысы түгелімен шайылып, беткейін толқынданған пенепленмен тегістелген кристалдық жоталар жауып жатыр. Олар  деңгейі 900 – 1300 м биіктікке дейін жетеді және олар жалпақ аңғарлар-депрессиялар( мыс., Риу-Бранку-Эссекибоның жоғарғы жақтары) мен эрозиядан туындаған қазаншұңқырлармен аралас келеді. Тау жыныстары өзендер жағалауынды жылдық жауын-шашынның мөлшерінің түсуі күзде аз және көктем мен қыста көп жауын-шашын алып келеді.

Қысқы жауын-шашын маусымы Азор антициклонымен келетін ылғалдылық пассатына байланысты. Көктемде жауын-шашында экваторлық ауалардағы ылғалдылық әсерін күшейтеді,  сондықтан көктем ең көп жауын-шашын   әкелетін мезгіл болып есептеледі. Жылдың ортасына қарай оңтүстік пассаттардың әсері күшейпі, олар күзге таман көбейе түседі, сол кезде жауын-шашын  мөлшері  азайып, күрт төмендейді. (Каенде қыркүйек, қазан айларында 64 мм-ге дейін жауын-шашын  түссе, сәуір мен мамыр айларында 1032 мм-ге дейін көтеріледі).

Жауын-шашынның түсуі топырақ пен өсімдік жамылғысын әртүрлілігі, беткейлер мен олардың алдында жатқан жазықтар құрғақ болып келеді. Мұндай жерлерде қызық-құмдақ немесе құмтасты-сазды   латериттік құмды топырақтар қалыптасады. Мұндай жерде көбінесе әлсіз чаппарро (curatella) ағаштары сияқты бұталық сирек орманды жерлер кездеседі, ал жел өтіндегі беткейлер күлгін латериттік топырақпен жабылып, мәңгілік жасыл ормандар қаулап өседі, олардың құрамы Амазон гиллеясына жақын болып келеді.

Гвиан ойпатында осыған ұқсас климат жағдайлары бар. Орташа айлық температураның амплитудасы (26-280 С) жоқтың қасы, жауын-шашынның мөлшері 3000 мм-ден жоғары, күзде өте  төмен. Таулы қыраттың жағалық ойпатпен байланысы бірнеше   аласа сарқырама арқылы өтеді. Ол сарқырамалар кристалдық жазық таудан түсетін өзендерді құрайды. Ойпаттарда олар жайылып жазылады да, аутдан әкелінген аллювиаллі шөгінді қалдырады. Сонымен қатар ойпат Гвиан ағысымен келетін тасындылармен толыға түседі. Жағалық валдар ұсақ өзеннің сағасынан қысып, өзеннің жайылуына және ойпаттың батпақты болуына алып келеді. Жағалық валдар пен кокос пальмаларының арғы жағында кебінді шөптердің батпақты ну жыныстары жатыр. Бұл жерлердің көбісі өңделіп, күріш, қант қамысы мен какао егіледі. Ойпаттың ішкі өлкелері ежелгі құмтас терассаның қалыптасуына байланысты құрғақ саваннаға айналады.

Таулы қыраттың орталық бөлігі мұхиттан алыс және биік жазықтарда жатыр. Бұл жерлерде құмды жамылғының қалдықтары жақсы сақталған. Ауа-райы құрғақ және ылғалды мезгілдер жақсы анықталып, экспозициялардан ландшафтар құрылады, аса тәуелді болады. Таулы қыраттың оңтүстік өлкесі де өзінше ерекше болып табылады.  Батыс жағы эрозияға ұрынбаған құмтастар мен кристалдық негізге бейімделген топырақтар сақталған. Олар тіке қабырғалы және тегіс шыңдарды қалыптастырады (мысалы, Серро-Пакороимоның 2200-2300 м-ге жететін шалқайған оңтүстік қабырғасы бар). Құмдардың желге  ұшпай, төтеп беру қабілетінің күштілігі диабазалар мен кварциттердің үгілген түрлері өте ерекше. Шалқиған қызыл, қара немесе қызғылт қабырғаларды жасыл ормандар жауып тұруы өте керемет. Массивтердің жоғарғы белдеуінде төменгі температура мен күшті желге байланысты өсімдіктер нашар өседі. Олар көбінесе қисайып өскен, мәңгі жасыл кішкене бұта күйінде болады..

Кеуекті шытынаған құмтастарылғалдың көп көлемін сіңіріп алып, тау басынан құлатып, сарқырамаларға су беретін көптеген өзендерге бастау болады. Бұл сарқырмалардың биіктігі 1 км-ге дейін жетеді (Мыс., дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель 1054 м-ге жетеді). Құмтас қырқалар мен массивтер көбінесе гидрографиялық тораптар рөлін атқарады. Құмдардың төменгі қабатын тесіп шығатын өзендердің тереңдігі 100 м-ге дейін жететін шатқалдарды қалыптастырады. Кристалдық тау жыныстарында өзендерді тесіп шығуы қиындап, олар көбінесе шоңғалдар мен сарқырамалар болып қала береді.

Солтүстік шығыс пассаттың “құрғақ көлеңкесінде” қалған жазық жерлер саванналармен жабылады. Ашық және төбешіктері көп аймақтарда адам аяғы баспаған ылғалды субэкваторлық ормандар жауып жатыр. Ол ормандардың негізгі тұрғындары, тропилер, маймылдар, құмырсқалар,, емгіштер және басқа да Гили жануарлары.

Пенепленнің төменгі (300-400 м) солтүстік бөлігі енді құмды емес кристалдық шыңдармен көтеріледі (1800 м-ге дейін). өзендер аңғарлары 10-15 км-ге дейін жетеді. Ал өзен арналары 2-3 км-ге дейін жетеді. Олардың сатыланған тау жынысты кескіні Оринокоға құлағанға дейін сақталады. өзеннің жайылып ағуы көбенесе жазда болады. Қысқы құрғақ мезгілде 3-4 ай бойы таулы қыраттың солтүстігінде маусымды, ылғалды аралас орманның өсуіне алып келеді.

Солтүстік ендік пен экваторлық 20 с.е.аралығында ормандар таулы қыраттың батыс бөлігі жыл бойы экваториалдық ауа массаларының әсерінде болады. Бұл жердегі жауын-шашын   мөлшері жылына 3000 мм-ге дейін жетеді. Бұл жердің батыс аудандарда да тегіс плато күйінде құмтас жайылымдары сақталып қалған. Олар жеке массивтерге тілімденген шығысқа таман денудациялық лықсымалық табанды қалыптастырады. Плато шыңының беткейінде су ағысы жоқтың қасы. Оның есесіне массивтің биік беткейінен Какеты Риднегру және Ориноко өзендеріне қосылатын көптеген су ағсытары түседі. Олар 2-ші дәрежелі шайындыны әкеліп, кристалдық фундаментті аршиды да тығыз тау жыныстарының қалдықтарын қалдырады. Ал шығысына қарай (120-200 м биіктікте) және төменде 3-ші толық кристалдық табан жатыр. Климаттың экваториалдық түрі мен аласа биіктіктер мен Гилей ормандары мен қуатты күлгін латериттік топырақтың қалыптасуына алып келеді. Барлық мұндай алып орманды саты өте нашар дәрежеде зерттеліп, игерілген.

Тек құрылымы мен морфологиясы “Гвиандық сипатқа” тән таулы қыраттың батыс бөлігі Ориноко- Риу-Негру ойпатына түседі.

110-140 м биіктікте жатқан ойпаттың алдында “қантты бастар” тәрізді алыстатылған гранитті немесе 700 м абсолюттік биіктікке жететін диабозды шыңдар көтеріледі. Олар қарқынды химиялық үгілу мен энергиялық беткейдің шайылуы нәтижесінде қалыптасқан. Бұл ойпау ойысының жастығы су желілерінің реттелмейтіндігімен сипатталады: өзендердің біткен және бітпеген ұштасуы (мыс.,  Касикьяренің тарамдануы),  батпақтану төмендіктері арасындағы кедергі жүйелері және тағы сол сияқтылар.
Тағы рефераттар