Елдегі туристік кластер мен инфрақұрылымды дамыту, туристік кадрларды дайындап, серпінді жобаларды іске асыру және еліміздің туристік имиджін қалыптастыру болашағынан зор үміт күттіретін мақсаттар.Туризмнің дамуына саяси имидждің де ықпалы зор. Қазір еліміз көптеген халықаралық беделді ұйымдардың бас қосатын жеріне айналған. Мәселен, елімізде өткізілетін Азиядағы ынтымақтастық және өзара сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммиттері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиындары, Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезі, Еуразиялық медиа- Қазақстанды дүниежүзіне паш етеді.

«Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында еліміз халықаралық туристік биржалар мен көрмелерге қатысуда. Мәселен былтыр Берлинде өткен «ITB 2007» әлемдік көрмесіндегі қазақстандық экспозицияның табысын ерекше атап өтуге болады. Біздің брэнд Азия, Австралия және Мұхит елдері арасындағы үздік атанды»,- Спорт және туризм министрі Темірхан Досмұхамбетов. Қазақстан экспозициясы Шанхайда өткен «WTF 2007» жәрмеңкесінде де бірінші орын алды. Ақпан айында Қазақстан Мадридте өткен әлемдегі ең ірі FITUR халықаралық туристік көрмеге қатысты.

Биыл Қазақстан ірі 9 халықаралық көрмеге қатыспақ. 2001 жылдан бері еліміз Берлин, Мәскеу, Лондон, Мадрид қалаларында, сондай-ақ, Кореяның Сеул қаласында өткен “КОТFА” көрмесі мен Жапонияның астанасы Токио қаласында өткен “SАТА” атты халықаралық көрмелерден тыс қалған жоқ.

Загрузка...

Еліміздің туристік мүмкіндіктерін шетелге насихаттау барысында жыл сайын Алматының төрінде «КІТF», ал Елордада «Астана — Leasure» атты халықаралық көрме мен Шығыс Қазақстан облысында «Белуха» халықаралық туристік фестивалі өткізіліп тұрады. «KITF» жәрмеңкесінің деңгейі артып келеді. Бұған 2007 жылы 33 елден 450 компанияның қатысқаны дәлел.

Бүгінде әлемнің жетекші ақпарат алпауыттары ВВС, СNN, Euro News телеарналарында Қазақстанның көрікті табиғаты, халқы, мәдениеті туралы бейнероликтер көрсетілуде. Бұл туристік мүмкіндіктерімізді насихаттайтын тиімді жол.

Біздің кең байтақ еліміз әлем елдері бойынша көлемі жағынан 9-орында тұрақтап тұр. Соған қарамастан биыл Қазақстан туризм саласында 68- орыннан 71-ге төмендеп кетті. Сырттан келетін туристердің саны 2000 жылғы көрсеткішпен қалып келеді. Басты себебі-ұйымдастырушылық кедергілер.

Мамандардың дерегіне сүйенсек, дүниежүзі бойынша жалпы туризмнің 60 пайызын іскерлік туризм құрайды екен. Қазақстанның әлемдік геосаясаттағы салмағы елдегі туризмнің осы бір саласын дамытуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Яғни, еліміз біздің елден өзіне экономикалық серіктес іздеп келуші компаниялар арқылы да ақша табуына болады.

Іскерлік туризмнің әлем бойынша жылдық айналымы 700 млрд. доллар. Еуропа мен Америка сияқты дамыған елдер әріптес іздеген бизнесмендердің есебінен- ақ қомақты қаржы тауып отыр. Біз отандық туризмді дамытуда әлі күнге Қырғызстанмен терезе теңестіре алмай отырмыз. Мәселен бүгінгі таңда өз отандастырымыз Бурабайдан гөрі Ыстықкөлге барғанды тәуір көреді.

P.S. Мемлекеттік бағдарлама бойынша Спорт және туризм министрлігінің бастамалары құптарлық. Алайда, бұл жоғарыда айтылған мемлекеттік бас жоспарлар іске асқанша отандастарымыз жат жұрттардың экономикасына үлес қосары анық. Заман талабына сай инфрақұрылым мен туристік қызмет көрсету, туристік кластерлер, ең бастысы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпей Қазақстанның көрікті жерлерін жарнамалап туристерді тарту бос бекершілік. Оның үстіне Бүкіләлемдік туризм ұйымы Бас Ассамблеясының 18-сессиясы 2009 жылы Астанада өтеді. Аталмыш жиынды жоғары деңгейде өткізу үшін аталмыш мемлекеттік басты жоспарлар нәтиже беруге тиіс. Өйткені, сессияға қатысушы елдер алдында туризм саласындағы жетістіктерімізді көрсете алатындай жағдайды қалыптастыруға тиіспіз. Туримзді брэндке айналдыру үшін ақсап жатқан туризм саласының кемшін тұстарын жеделдетіп түзеу қажет.

Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар