Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты туралы қазақша реферат

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорнның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің  өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады», деп жазған.

Загрузка...

Профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.»

Жоғарыда берілген анықтамада қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұғымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін біріңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорының сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куаландыруы тиіс.

Біздің көзқарасымыз бойынша сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытыл өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады деген сұраққа жауап береді. Қаржы ресурстарының жағдайы нарық талаптарына сай болуы және кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлемқабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаржының болмауына, ал көп болуы – дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдалылығы тиімділікті зерттеу;
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін(кемуін) және ағымды міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • қаржы-есептік және   несие ережесін сақтау;
  • кәсіпорын активтері мен оның міндеттемелерінің құрлымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігі және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және өлшеу қабілеттлігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табысының  салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгйінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
  • кәсіпорынның іскерлік белсендігін анқтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау;

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коомерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрылымына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдалануына есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасындағы тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметтің жетістігі, көбінесе оның өндірістік –сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұраптылымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсер тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсіуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының  болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процессінің тоқтауына әкліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процессінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісіше шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе, өз кезеңіндегі өойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Абдильдина «Экономика предприятия»
  2. М.С.Абрютина, А.В.Грачев «Анализ финансово-экономической деятельности предприятия» 2-издание, Москва-2000г.
  3. Бисенгазиев «Кәсіпкерлік негіздері» , АЛМАТЫ,2003 ж.
  4. М.И.Баканова и А.Д.Шеремет «Экономичкеский анализ» Москва: «Финансы и статистика» 2001г.
  5. Ф.К.Беа, Э.Дихтла, М.Швайтцера «Экономика предприятия». Москва: Инфра-2002г.
  6. В.Я.Горфинкель, В.Я.Швандар «Экономика предприятия»
  7. Г.У. Джолдасбаева «Кәсіпорын экономикасы»,2003ж.
  8. Дүйсенбаев  «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»
  9. Н.П.Любишун,   «Анализ финансово-экономической деятельности предприятия» ,2004ж.
.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар