МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ… 3
1 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА АЛЫМ-САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ НОРМАЛАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ…… 6
1.1 Қазақ әдет құқығы бойынша алым-салық ұғымы…. 6
1.2 Алым-салық қатынастарының негізгі даму кезеңдері .. 14
1.3 Қазақ әдет құқығындағы алым-салық нормаларының орны…19

2 ҚАЗАҚ ӘДЕТ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША АЛЫМ-САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ…. 30
2.1 Әдет құқығындағы алым-салықтардың жіктелуінің негіздері…… 30
2.2 Хандық билікті қамтамасыз етуге бағытталған алым-салықтар… 36
2.3 Сот саласындағы алымдар мен төлемдер… 44

Загрузка...

ҚОРЫТЫНДЫ……60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…. 63

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы өзінің дамуының жаңа бір бағытына көшуде. Бұл бағыт Қазақстанның экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуына меңзейтін, жаңа белестерді бағындыруға бағытталған талпыныстар бағыты болып табылады. Еліміз қазір өзінің алдына әлемдегі дамыған елу елдің қатарына көтерілу міндетін алға қойып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арнаған әр жылғы Жолдауында, еліміздің гүлденуі мен дамуын негізгі бағыт ретінде ала отыра, нақты шешімі бар міндеттерді жүктейді. Ел Президенті соңғы Жолдауында: “Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет.

Қолданыстағы Салық кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170-тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар.

Үкіметтің жаңа Салық кодексін әзірлеуі қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауға тиіс.

Жаңа Кодекс салық қызметтерінің оның нормаларын өзқалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек” [1, 7 б.], — деп таяуда алар асуларды межеледі. Мұндай асқақ міндеттерді тарихи тамыры берік, өзінің өткен сындарлы жолын құрметтейтін мемлекеттер ғана жеткілікті деңгейде шеше алуы мүмкін. Қазақстан Республикасының тарихи танымы мол, үлкен мәдениеттерді бойына тоғыстырған ел екендігін ескеретін болсақ, тарихи сабақтастықтан аттау, елімізді дұрыс жолдан адастыруға да әкеліп соқтыруы мүмкін. Қазақ халқының жүріп өткен жолында, халық санасында әлі сарқылмай сақталып келе жатқан үлгі тұтар жәдігерлер баршылық. Оның қатарына адами сипаты басым, нәрі мол дәстүрлі қазақ құқығын жатқыза аламыз. Еліміздің Президенті “Тарих толқынында” атты еңбегінде: “Ең алдымен, қазақ өз тағдырының тізгінін  өзгеге ұстатқан кезден бастап әдет-ғұрып құқығының жүйесі күйреуге ұшыраған. Он тоғызыншы ғасырдың өзінде-ақ далалық әдет-ғұрып құқығын әкімшілік және сот реформалары іс жүзінде ауыздықтап үлгерді. Ал жиырмасыншы ғасыр болса, дәстүрлі даланың қарым-қатынасын реттеп отыратын осынау тиімді тетікті қолдануға ешқандай саңылау қалдырмады” [2, 33 б.], — деп қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесінің уақыт тудырған құрсаудың бұғауында қалып, кең тыныстай дами алмағандығын ашты да болса, мойындауға мәжбүр болады. Әрине, бұл айтылып отырған ой қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесінің қазіргі жай-күйін, мүмкіндігін дөп басқандай.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған күнннен бастап қылша үзілген тарихи сабақтастықты қайта жалғауды қолға алған болатын. Бұл бағытта ел басының ұйытқы болуымен бірнеше шаралар да жүзеге асты.

Осындай үлкен мемлекеттік деңгейдегі атқарылып жақтан іс-шараның қатарына мәдени мұра бағдарламасы жатады. Бұл бағдарламаның негізінде, өткен тарихымыздың көптеген ақтаңдық беттері толтырылып жатыр. Бұл бағыттағы іс-шаралар өзінің жалғасын болашақта да таба бермек. Сондай  көңіл бөлетін бағыттардың бірі, қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесіндегі жеке-жеке құрылымдық институттар мен нормаларды зерделеп, оны өз деңгейінде халыққа таныту болып табылады.

Әрине, дәстүрлі қазақ құқығы жүйесінің белді институттары осы уақытқа дейін жекелеген зерттеулерге арқау болды. Ал қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық нормалары жүйесі жеке дара алынып, зерде сүзгісінен өте қойған жоқ. Көшпелі қоғам, оның ішінде дәстүрлі қазақ қоғамын өзіндік даму бағыты бар әдет құқығына сүйенеді. Көшпелі қазақ қоғамының қалыпты жұмыс атқаруын қамтамасыз етіп отырған әдет құқығының маңызды бір бөлігі алым-салық нормалары жүйесі екендігі қазіргі кезеңде тайға таңба басқандай ақиқат екендігі көрініп тұр.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарының табиғатын ашуға байланысты әрі, оның ерекшеліктерін сипаттайтын кішігірім ұсыныстар мен ұстанымдарды кездестіруге болады.
Дәстүрлі қазақ құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарына байланысты нормалардың сипатталу деңгейін бірнеше кезеңдерге бөліп көрсетуге болады.

Қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарын зерделеудің бірінші кезеңі Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттер мен құқықтық жүйелердің қалыптасу, даму уақыт аралығындағы алым-салық қатынастарының қалыптасуының негізгі бағыттарын айқындауға байланысты тұжырымдардың орнығып айқындалуы. Қазақ хандығына дейінгі көшпелі далада өмір сүрген мемлекеттік құрылымдар мен саяси ұйымдар өміріндегі алым-салық нормаларының ерекшеліктері Э. Хара-Даван, Д’ Оссон К., М.О. Иванин, Н.Н. Крадиннің, Т.С. Жумагамбетовтың, Ә. Дәулетханның, Е. Әбілдің, З. Қинаятұлының, Е.А. Поноженконың, Ж. Омаридің, Г.А. Федоров-Давыдовтың, Қ. Салғараұлының, Б.Е. Көмековтың, Б.А. Ахмедовтың т.б. еңбектерінде қарастырылған болатын.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы, оның құқықтық жүйесіндегі алым-салық нормаларының зерттелуінің тағы бір үлкен кезеңі қазақ хандығы дәуіріндегі алым-салық қатынастарына байланысты айтылған ой-пікірмен тікелей байланысты. Бұл кезең аралығындағы алым-салық қатынастарының өрбуін өзінің еңбектерінде: С.З. Зиманов, С.С. Сартаев, Ғ.С. Сапарғалиев, Т.М. Култелеев, Г.Б. Шакаев, Ө. Өмірзақов, М. Құл-Мұхамед, Т. Омарбеков, З.Ж. Кенжалиев, Н. Өсерұлы, С. Өзбекұлы, Қ.Ә. Жиренчин, Ж.С. Әлдибеков талдап саралаған болатын.

Сонымен қатар, патша чиновниктері мен саяхатшылары қазақ даласындағы әдет құқығы жүйесіндегі салық нормаларының ерекшеліктерін талдап, оған қатысты құқықтық ұстанымдарды өз жазбаларында сөз еткенін жақсы білеміз. Олардың қатарына: Д. Андрені, Л.Ф. Баллюзекті, А.И. Левшинді, Н. Гродековты, В.В. Радловты, П.Е. Маковецкийді т.б. жатқызуға болады.

Диплом жұмысының объектісі. Диплом жұмысының негізгі объектісін дәстүрлі қазақ қоғамындағы қоғамдық қатынастардың құқықтық-нормативтік табиғаты және астары құрайды.

Диплом жұмысының пәні. Диплом жұмысының нақты пәнін қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастары, оның басты құрамдас нормативті бөліктері — түтін салығы, тұяқ салығы (жасақ), зекет және соғым алымы және соларға байланысты орын алған билік шешімдер жүйесі құрайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Гегізгі мақсаты — дәстүрлі әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарының мәні мен маңызын ашу, оның құрамдас бөліктерін анықтау, олардың қазақ қоғамындағы атқарған қызметтерін зерделеу, алым-салық қатынастарынан туындайтын міндеттерді бұзғаны үшін тартылатын жауапкершіліктің негіздерін айқындау болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
—    қазақ әдет құқығы бойынша алым-салық ұғымын, оның негізгі даму кезеңдерін ашып көрсету;
—    алым-салық жинау механизмі, әдісі және органдарының жүйесін ашу;
—    алым-салықтық құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету механизмін айқындау;

Диплом жұмысының әдістері және әдістемесі. Дипломдық жұмысты жазу барысында алым-салық қатынастарын зерттеген ғалымдардың еңбектері, материалдар мен құжаттар жинақтары, баспасөз материалдары пайдаланылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Орталық мұрағатының, Қазақстан Республикасы Орталық кітапханасының сирек қорлары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әдебиет және өнер институтының сирек қорларындағы деректер пайдаланылды.
Жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ және арнайы танымдық әдістер: диалектикалық, жинақтау, тарихи, салыстырмалы, функционалды т.б. қолданылды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ әдет құқығындағы алым-салық қатынастары, оған кіретін нормалар жүйесі, оның қоғамдағы атқаратын қызметі, арнайы қаралып, зерттелініп отыр. Сонымен қатар, қазақ әдет құқығындағы алым-салықтың  басты түрлері — түтін салығы, тұяқ салығы (жасақ), зекет және соғым алымы және соларға байланысты орын алған билік шешімдер жүйесі жеке-жеке ой елегінен өткізіліп, маңызы ашылып көрсетілді.

Диплом жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысының нәтижелерінің теориялық маңызы дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастарына байланысты  саяси-құқықтық ойды,  теориялық тұжырымдарды толықтырумен көрініс табады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде қол жеткен теориялық түйіндер мен ұсыныстарды заң шығару үрдісінде, құқықтық реформаны жүзеге асыру кезіндегі тарихи-құқықтық тәжірибеге сүйенуде басшылыққа алуға болады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертацияның алдына қойған міндеттері оның мақсатына сәйкес келеді және логикалық біртұтастықпен үндесіп жатыр. Кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 67 бет

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар