Өнер дегеніміз – өмір шындығын көркем бейнелер арқылы жеткізетін адам іс-әрекеттерінің формасы. «Өнер алды – қызыл тіл» деген халық даналығы өнерпаз қауымның дәстүрлі ережесіне айналды.

Ерте дәуірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі ұзақ халқының бақсылық дәстүрінен ХІХ ғасырға дейін  көрініс туып келді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын,  әрі биші. Ол өзі тартып отырған  қобыз сарынына қосылып ән салады, би билейді. Сөйтіп бір өзі өнердің түрін қатар атқарады. Мұны өнердің біртұтастығы немесе синкреттік белгісі дейміз.

Уақыт өткен сайын өнер де дамып, жетіліп, жіктеліп отырған. Енді ән, би, өлең жеке-жеке өнер түрінде  қалыптасады. Оның бір ғана саласымен шұғылданатын орындаушы мамандар туады. Сөйтіп, өнердің әр саласы кәсіби сипатқа ие бола бастайды. Солардың бірі — музыка өнері. Мақалада осы саланың елімізде қалай қалыптасып, қалай дамып жатқандығы туралы мәселелер қарастырылған.  

Загрузка...

Кілт сөздер: мәдени-ағарту жұмысы, ұлттық интеллигенция, театр, көркем сурет, хореографиялық білім беру, декоративті-қолданбалы өнер, музыка тілі, қазақтың ұлттық бейнелеу өнері.

Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңінің өз үні, өз әуені, өз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез-келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Музыканың келесі бір қасиеті — әуезділігі, әсерлігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан  мүдірместен өтіп, біздің  заманымызға келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба  мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына  терең  әсер  ететін  әуезді саз ғана ел ауызына  ілігіп, ұзақ  мерзім өмір сүре алған.

Музыканың мәнін түсініп қабылдау үшін бұл өнер саласының өзіндік ерекшелігін  айқын аңғарып, табиғат құбылыстарын, өмір шындығын музыкалық дыбыстар қандай  жолмен бейнелейтініне ой жүгірткен жөн. Музыка тілі – басқа өнердің  салаларымен  салыстырғанда күрделі тіл. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі.

Музыка өнерінің ерекшелігі – сөз бен тіл жеткізіп айта алмайтын, адамның  жан  дүниесіндегі  құбылыстарды,  сезімді  дыбыс   арқылы  беруге мүмкіндік тудыруында. Музыка таза  эмоцияға  әсер ете отырып, адамның  қиялы мен  көңіл-күйіне  байланысты [1].

XX ғасырдың 20-шы жылынан бастап қалыптасу мен дамудың бастапқы сатысында мәдени-ағарту жұмысы мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерілді, оның негізгі бағыттары:

—  сауаттылық деңгейін көтеру және бұқараны ағарту мақсатындағы мәдени-ағартушылық жұмыс;

—  мектептің жалпы білім беру жүйесі арқылы оқушы жастарға музыкалық-эстетикалық, көркем тәрбие беру;

Жаңа қоғам құрылысы тек қана – жаңа экономикалық жүйе, саяси құрылыс, сапалы жаңа мәдениет типі және өнер мен мәдениеттің ерекше ережесі ғана емес, сонымен қатар өнер саласындағы білім беру жүйесінің мамандарын мамандандырудың даярлығы болжанған.

Кезінде колониалды болған аймақтағы мамандар мәселесін шешуде бұрынғы интеллигенцияны қайта тәрбиелеу жағы қаралмаған. Жалғыз ғана жол – халық ішінен қазақтың жаңа ұлттық интеллигенциясын құру болды. Әсіресе мәдениет пен өнер саласындағы жаңа ұлттық мамандарды қалыптастыру және құру өзекті мәселе болды.

Бұл жерде айта кетер бір жәйт, өзінің тұла бойы толған талант, туа біткен қасиеті бар Күләш Байсейітова, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев сынды әншілер мен Шара Жиенқұлова сияқты бишілердің ізін басатын, өнерін әрі қарай жалғастыратын ұрпақты халық арасынан тауып, өнерге баулып, дұрыс білім беретін белгілі бір жүйе қажет еді [2].

1930-жы жылдар кезеңінің мәнді оқиғалылығы – Қазақстандағы кәсіптік өнердің дамуына жағдайлар жасалып, алғашқы мәдениет және өнер саласында оқу орындарының ашылып, мәдениет және өнер саласының мемлекеттік саясаты нақты жүйелі сипатқа ие болды.

Осы кездің жағдайларында мәдениет пен өнер орта арнаулы оқу орындары жалпы орта білім беру жүйесі құрылуының ерекше маңызы болды.

Атап айтқанда 1930-шы жылдары театр, көркем сурет, хореографиялық білім беру даярлығы бойынша алғашқы училищелер, қазақ драма театрлары, қуыршақ студиясы, қазақ филармониясы, халық аспаптар оркестрі құрылып, жұмыс жасай бастады.

Қазақстан Республикасының өкіметі ұлттық кәсіби мамандар даярлаудың маңыздылығын түсінумен осы кезде мәдениет пен өнер саласында музыкалық, театрлық және көркемдік білімді, сондай-ақ өнер және кітапханашы-библиограф түрлері бойынша маманданатын мәдени-ағарту қызметкерлерін даярлауды қамтитын бірнеше артықшылық бағыттар бойынша мәдениет саласында мамандарды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыра бастайды.

Осымен қатар, Қазақ ССР халық ағарту комиссариаты ең таңдаулы қабілетті актерлерді орталық театралдық оқу орындарына жіберу туралы шешім қабылдады.

Ленинградтағы сахна өнері институтында 23, Мәскеу театр комбинатында 25, Мәскеу консерваториясының жұмысшы факультетінде 4 қазақстандық өнерпаз оқыды.

1929 ж. Қазақ драма театры Қызылордадан Алматыға көшірілді. Бұл театр ұжымының режиссерлік бастауында Ж.Шанин, К.Байсейітова, Қ.Жандарбеков, А.Исмаилов, А.Тоқпанов, Ш.Айманов, С.Естемесова, Ә.Мамбетов, т.б. тұрды.

Мұнда Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Х.Бөкеева, Қ.Бадыров, Ш.Жандарбекова, С.Майқанова, Е.Өмірзақов, К.Қармысов, С.Телғараев, т.б. тамаша актерлар өсіп-өнді.

Олар ССРО және ҚазССР-ң халық әртісі, Республикаға еңбегі сіңген өнер қайраткері, еңбегі сіңген әртіс деген мақтаулы атақтарға ие болды.

Ұлттық театрдың негіздемесі және табысты жұмысы, кәсіптік драма өнерінің пайда болуы сахна шеберлігі мектебінің құрылуы және тек актерды ғана емес, сонымен қатар көрерменге де көркем тәрбие беру халық музыка театрының құрылуына негіз болды.

1937 жылы музыкалық театр өз сахнасында бірнеше опералық қойылымдарды табысты жүзеге асырып, театрға Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театры деген атақ берілді.

Театр А.Үмбетбаев және Мүсілім және Ришат Абдуллиндер, Ш.Бейсекова, Б.Досымжанов, К.Кенжетаев сияқты атақты әншілерін, өнер саңлақтарын өсіріп шығарды.

Абай атындағы театрда көптеген жетекші әртістердің музыкалық-сахналық өнері гүлденіп, көркейді. Б.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы, В.Виликановтың «Қамбар және Назым», П.Чайковскийдің «Аққулар көлі» балеті және т.б. ең тамаша спектакльдер қойылды.

20-30 жылдары кәсіптік музыка өнерінің даму ерекшелігі – дәл сол кездегі алғашқы музыкалық мәдени мекемелердің, театрлардың және оқу орындарының құрылуы болып табылады.

1930-1940 жылдары музыкалық білім беруде түбегейлі өзгеріс белгіленді. Алғаш рет А.Жұбановтың “Әліп би” (Музыкалық әліппе) атты музыка бойынша оқу құралы жарық көрді. 1950 жылдан бастап білім беру жүйесінде белгілі биіктеу басталды. Бірқатар сапалы оқулықтар дидактикалық және әдістемелік еңбектер жарық көре бастады.

1932 жылы Алматыда фортепиано, шекті аспап, хорды дирижерлеу, ән, музыка теориясы мамандықтары бойынша мамандар даярлаудың күндізгі және сырттай оқу бойынша жүзеге асырылатын П.Чайковский атындағы музыкалық училище ашылды [3].

Қазақтар XX ғасырдың бас кезінде көшпелі өмірді сақтаған біраз халықтардың бірі. Халықтың тілінде және көркем шығармашылығында бұл көп ғасырлық ерекшеліктің ритмі осы күнге дейін жадында жақсы сақталған.

Эпос, фольклор, ән, музыка, би, декоративті-қолданбалы  және  бейнелеу өнері, қазақтың сәулет ескерткіштері – осылардың бәрі кеңістікке және уақытқа үнемі қозғалыс, ауысу және олардың өзіндік нәтижесінде туған ерекшелікті қатынас белгісін қалдырды.

Қазақтың халық биінің бастауы қазақ хореографиясының практиктері және зерттеушілері Ш.Жиенқұлованың, Л.Сарынованың, Д.Абированың еңбектерінде белгіленген. Олар би дәстүрінің ең алдымен қазақ халқының декоративті-қолданбалы өнерімен байланысты екенін анықтайды. Халық биін шығаруға өрнек ең үлкен, зор мағынаға ие болды.

Билеу өнері күрделі эволюциялық жол кешті. Әсемділіктің қарапайым, жәй түрінен біртіндеп бейнелі-жетік би формалары туды, сахна өнерінің күрделі жанрының бірі – балет спектаклінің шығуы елеулі кезең болды.

Балет өнерінің әр алуан түрі – бейнелеу өнерін, ән, драматургияны біріктірді. Олар балетте өзінен өзі жүзеге аспайды, олар хореографқа бағынышты. Бізде мамандандырылған, талантты хореографтарды даярлайтын, Алматы хореографиялық училищесінің үлкен мүмкіндігі және еңбегі бар. Оқу орнының даярлық базасы – ең күштілердің бірі, өйткені бұның бастауында Г.Уланова, А.Селезнев, т.б. тұрды.

Республиканың педагогикалық институтында көркем-кескін факультетінің ашылуы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру және табысты көркем білім беруге қолайлы мүмкіндік туғызды.

Болашақ бейнелеу өнері және көркем еңбек пәнінің мұғалімдерін даярлаудың басты мақсаты – қазақтың ұлттық бейнелеу өнері тәсілдерімен студенттерді көркем білімге даярлау және оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Бейнелеу өнерінің даму тарихы, еңбегі сіңген шеберлер шығармашылығы, Қазақстанның бейнелеу өнерінің қазіргі мәселелері, ерекшелігі, мазмұны Г.Сарықұлова, М.Ғабитова, С.Құмаровалардың еңбектерінде оқылады.

Алғашқы бесжылдықтың соңында Қазақстанда 20 театр, соның ішінде 7 қазақстандық, 5 театр студиясы, қазақ филармониясы және халық аспаптар оркестрі болды.

Соғыс салдарынан туған жаппай эвакуация және миграция процесі жағдайында Қазақстанда өнер мен білім саласында кәсіптік оқу орындарын маманмен қамтамасыз ету әрекеті едәуір жоғарылады, әр түрлі халықтардың мәдениеті өзара байи бастады. Әйтсе де реэвакуациядан соң орталық жоғары оқу орындарында, театр және мекемелерде, жоғары оқу орындарында білім берудің, мәдениет пен өнердің және ұлттық жүйесін құру мәселесі қайта шиеленісті. Осыған байланысты, 1947 жылы мәдениет пен өнер саласындағы жоғары оқу орындарының кәсіптік дамуында ресми мемлекеттік саясатқа қолдаудың жаңа бағыттары жарияланды.

1947 жылы қаулы шешімдерді жүзеге асыра отырып, 50-жылдары Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындары жанынан Республика үшін мәдени интеллигенциясы мамандарын даярлайтын музыкалық, көркемсурет-графика,  кітапхана  факультеттерін  ашты.  Алматыда  қазақтың

Қыздар педагогикалық институты жанынан екі факультет ашылды: музыкалық педагогикалық (1968 ж.), кітапханашылық (1956 ж.) факультеттер жұмыс істей бастады.

Тұтас алғанда мәдениет пен өнер саласындағы кәсіби білім берудің даму жылдамдығы бойынша 60-шы жылдардың бас кезіндегі басқа бағытты оқу орындары бойынша даму көрсеткішінің ұмтылысына орын беретінін атауға болады, мемлекеттік қолдаудың мақсатты саясатына орай мәдениет пен өнер саласында жеке ұлттық маманды даярлау мәселесі толық шешілді.

Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындары түлектерінің сапалы ұлттық құрамы едәуір жақсарғаны байқалды.

Қазақстан жайындағы мәдениет пен өнер саласындағы оқу орындарымен кәсіптік жеткілікті кең инфрақұрылымы ұмтылысының көрінуі 30-жылдардан бастап бір жоғары оқу орны — Мемлекеттік консерватория және 16 орта арнаулы оқу орны, олардың ішінде 8 музыкалық училище және 9 музыкалық мектеп пайда болып, тиімді жұмыс істей бастады. Тұтас алғанда республика өңірінде музыкалық мекемелер, мәдени оқу орындары, театр, өнер қайраткерлері мен шығармашылық одақтары көрнекті рөл атқара бастады [4].

Кәсіби білім беру теориясының өнер саласында Қазақстан мектептерінің қалыптасуы мен даму тарихына педагогика ғылымының көрнекті ғалымдары және республиканың тамаша мәдениет қайраткерлері Т.Жүргенов, Қ.Жұбанов, С.Көбеев, С.Мендешев, И.Сембаев, С.Сыдықов, Т.Тәжібаев және т.б. өздерінің мағыналы да мәнді үлестерін қосты.

Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің ерекшелігі Ә.Нұғманова, А.Ұзақбаева, П.Момынов, т.б. қазақстандық ғалымдар тарапынан зерттелінді. Қазіргі кезде мамандардың мәдениет пен өнер саласындағы кәсіби даярлығын  қазақстандық классикалық типтегі 16 жоғары оқу орыны жүзеге асыруда.

әдебиеттер 

1. Өтемісов Ж. Өнер әлемі. – Алматы: Эверо, 2007. -156  б.

2. Момынұлы П. Қазақ музыкасының қысқаша тарихы. – Алматы: Өнер. 2002. ІІ том. – 206 б.

3. Өтемісов Ж. Ұлттық өнер – тәрбие көзі. – Алматы: МерСал, 2005. – 84 б.

4. Қорқыт ата. Энциклопедиялық жинақ. – Алматы: Ғылым, 2000. – 112 б.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар