Қазақстанның бүкіл Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуі туралы қазақша реферат

Арнайы www.Bigox.kz сайты үшін

                  Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады. Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады. Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін актуальдылығы өсе түседі. ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін несімен жағымды болады? Біріншіден, басты Қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтардың кеңеюіне байланысты болашақтағы өсу перспективалары өсе түседі. Екіншіден, республика әлемдік нарыққа өз кіруін жеңілдетіп, ДСҰ-ның мүшелерінің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан өндірушілері Уругвай раундында қабылданған міндеттемелер деңгейінде өз қызметтері мен тауарларын экспорттауға мүмкіндік алады. Бірақ ДСҰ-на кіруде Қазақстандағы тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе отандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестігі жайындағы мәселені өте қиын етеді. Бұл курыстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру. Курыстық жұмыстың бірінші бөлімінде ДСҰ-ның пайда болу тарихы мен оның пайда болуына әкелген негізгі келісім сөздер раундтары қарастырылған. Екінші бөлімде Дүниежүзілік сауда ұйымының жалпы қағидаларына, оның құрылымына, СТЖК мен ДСҰ-ның айырмашылығы мен оған кірудің артықшылықтарына көңіл бөлінген. Сонымен қатар басқа елдердің осы ұйымға кіру тәжірибелері, оның ішінде Қытай, постоциалистік мемлекеттердің мысалдары келтірілген. Үшінші бөлімде Қазақстанның ДСҰ-на кірудің ерекшеліктері мен тенденциялары талданған. Мұнда ДСҰ-на кірудің мақсаттары, жалпы артықшылықтары, өзіне алатын міндеттемелері, нәтижелері, және әр түрлі салаларға әсерлері қарастырылған.

Загрузка...

ДСҰ пайда болу тарихы

    СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы

СТЖК- халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін шешумен айналысатын, қазіргі кезде Бүкіләлемдік банк және Халықаралық валюталық қор атымен танымал «Бреттонвудтық» ұйымдармен қатар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін уакытша пайда болған.

СТЖК құрамына алғаш мүше ретінде енген жиырма үш мемлекет БҰҰ- ң жаңа арнайы ұйымы- Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) уставы бойынша келісімге келген елу елдің құрамына кірді. Бұл уставта тек халықаралық сауда нормаларын дамыту мақсаты ғана көзделген жоқ, сонымен қатар жұмысбастылық, шикізат тауарлары бойынша келісімдер, кәсіби тәжірибені, халықаралық инвестициялар мен қызметтерді шектеу сияқгы мәселелер туралы ережелер болған.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін протекционистік шаралардың әсерінен арылып, сауданы либеризациялау мақсатында 1946 жылы СТЖК- ң негізін калаған 23 «келісімге келуші мемлекеттердің» арасында тарифтер бойынша келісім сөздері басталды. Келісім сөздердің бірінші раундынын нәтижесі- 45000 тариф бойынша 10 миллиард АҚШ доллары көлемінде, немесе әлемдік сауда көлемінің бестен бірі бөлігіндегі кемітулер. Бұл кемітулердің соммасы ХСҰ Уставына кейбір сауда ережелердің енгізілуімен нақтыланады делінген. Бұл тарифтік кемітулер мен ережелердін жиынтығы Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім атына ие болып, 1948 жылдың қаңтарында күшіне енген.

ХСҰ уставы 1948 жылдың наурызында Гаванада өткен БҰҰ Конференциясында толық негізделгеніне карамастан. оның ұлттық заң шығарушы мүшелерімен ратификациялануы мүмкін болмай шықты. АҚШ-ң басшылығы 1950 жылы Гаванада кабылданған уставты конгресстің ратификациясына ұсынбайтынын ресми түрде пайымдағаннан кейін, ХСҰ өз қызметін тоқтатты. СТЖК өзінің уақытша сипатына қарамастан. ДСҰ пайда болғанына дейін халықаралық сауданы реттеуші жалғыз құрал болып қалды.

СТЖК-ң қүқықтық мәтіні 1948 жылдан бері 47 жыл бойы өзгермегенімен, шектелген мүшелер санымен келісімге келу, және тарифтерді азайтуға шаралар қолданылған. «Сауда келімсім сөздері раундтарының» жиынтықтары арқылы көптеген алға басушылықтарға қол жеткізілді.Сауда келісім сөздерінің раундтары- бумалық келісімдер арқылы алға басушылыққа жол ашу.  СТЖК бастауымен жүргізілген көпжақты сауда келісімсөздері немесе «сауда келісім сөздерінің раундтары» нәтижесінде халықаралықсауданы либеризациялауға қол жеткізілді, олардың ішінде ең ұзағы және ақырғысы Уругвайлық раунд болды.

Сауда келісім сөздерінін раундтары үзакка созылганымен, сауда келісімсөздеріне кешенді негіз қалайды. Жеке мәселелер бойынша жүргізілетін келісімсөздерге қарағанда, раундтардың бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, раундарға қатысушылар көптеген мәселер топтарын қарастыру мүмкіндігіне ие болады. Екіншіден, ішкі саясат тұрғысынан қарағанда жағымсыз кемітулерді бумаларда болатын экономикалық және саяси артықшылықтар есебінен қабылдау оңайырақ болады. Үшіншіден, дамушы мемлекеттердің келісімсөздер раундары шеңберінде, басты екі сауда мемлекеттері арасында жүргізілетін келісімсөздерге қарағанда, көпжақты жүйеге әсер ету мүмкіндігі артады. Ақырғысы, саяси түрғыдан «сезімтал» салалардың жалпы реформасы ғаламдық бума шеңберінде мүмкін болады, бұған мысал ретінде Уругвайлық раунд нәтижесінде қол жеткізілген ауылшаруашылық өнімдермен сауда реформасы мысал бола алады.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар