Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі туралы қазақша реферат

Стандартты әзірлеу алдында дайындық жұмыстарымен қатар мемлекеттік стандарттың өкілетті мекемесіне өтінім келтіреді. Қажетті жағдайда стандартты ынталы түрде әзірлеуге болады. Алайда жұмысты қабаттастырмас үшін стандартты әзірлеу туралы мәлімет мемстандартқа жіберілуі тиіс.

Өтінішті ҚР аумағында орналасқан мемлекеттік басқару ұйымдары, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, басқа да заңды және жеке тұлғалар бере алады.

Өтінішті  даярлау және қарау, мемлекеттік стандарттау жұмыстарының жоспарын әзірлеу ҚР СТ 1.7 сәйкес атқарылады. Өтінішке стандарт әзірлеудің қажеттілігі мен себептері жазылады, сонымен қатар өтінішке стандарттың жобасы немесе стандарт әзірлеудің техникалық тапсырмасы қосымшаланады.

Техникалық тапсырмада стандартты әзірлеу кезеңдері мен олардың орындалу мерзімі; стандарттың бөлімдері және стандарттауға белгіленген объектінің негізгі сипаттары мен көрсеткіштері; стандартпен бірге берілетін құжаттардың тізімі; стандарттың жобасын қарау немесе ұйғару үшін жіберетін мемлекеттік басқару ұйымдары мен мекемелердің тізімі; нормаларды үйлестірілуі тиіс халықаралыққа сәйкес стандарттар тізімі, тапсырушының басқа да талаптары жазылады.

Мемлекет қажеттілігі үшін әзірленетін стандарттар ҚР-ның  « Мемлекеттік сатып алу туралы»  заңы бойынша конкурстық негізде дайындалады.

ТК (әзірлеуші мекеме)  стандарт жобасын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырғанда, жобасын әзірлеуге қатысатын мүдделі жақтардың өкілдерінен құралатын жұмыс тобының құрамын анықтайды. Бұл топқа алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық ұйымдар мен жоғары оқу орындары енгізілуі керек.

Бекітілген бағдарлама, жоспар және келісімдерге сәйкес жұмыстың атқарылу мерзімін стандартты әзірлеу кезеңдерімен жеке-жеке анықталады.
Тағы рефераттар