Ақша өзінің материалдық – заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Екінші ір қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның ролін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастады. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгілерінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналысқа түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін XVIII ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта да көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауларымен бірдей. Мысалы, фунт стерлинг, ливер, марка – «жарты фунт» деген ұйым. Ал фунт – қадақ -орыстың бұрынғы 409,5 грамдық өлшеміне тен екен. Киев Русьіндегі ақша өлшемі грифна күмістің фунты деген мағынаны білдірген, ал оның тең жартысы рубль деп аталған.

Металл ақшаның алғашқы түрі – құйма металл. Оның формасы да әр түрлі болған (шыбық, сым, табақша және т.б.). салмақты металл құймалары айырбаста алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан сауданың баяу жүруіне әкеп соқтырған.

Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгерген. Мысалы ертедегі Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы, одан кейін жолақша сызығы бар табақша, ең соңғысы екі жағында суретт салынған массасы бір немесе екі фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сөйтіп металл ақшалардың формасының неше түрі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне келуі тауар – ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.

Загрузка...

Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғарғы сатысында металдан монета түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты тауар сатушылардың арасынана көпестер бөлініп шығып, олар тауар айырбасына тек делдалдық кәсіппен щұғылданды. Сонымен монета деген заң жүзінде құрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын, массасын, типін, ремедикмын (заңды түрде бекітілгн нақты массасының іс-жүзіндегі массасынан ауытқуы), эмиссия ережесін бекітті. Монетаның бет жағын – аверс, сыртын – реверс, жиегін обрез деп атайды.

Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ  ақша болып бөлінеді. Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн монета соғуға жұмсалған металдың құнына тен ақшаны айтады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан бастап жалпы құн эквиваленті болады және ақшаның барлық қызметін атқарады. Толық құны жоқ ақша – монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдеоді атқару үшін майда монета түрінде қолданылады. Осы билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып салмағын, соған байланысты кұнвн жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталы стандарт кезінде де кембағалы металдардан соғылды. Олар алғашқыда күмістен, бертін келе және қазір металдар қоспасынан және аллюминийден соғылады.

Ақша айналысында майда ақшаның үлесі аз. Дегенмен майда ақшаны айналысқа түсіру мемлекетке пайдалы.ол пайда монетада көрсеиілген құнмен оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.

20- ғасырдың 70-жылдары алтынға деноминация(көрсеткіш ірілендіру) жүргізілді. Алғашқыда алтын елдің ішкі ақша айналымында айналыс және төлем құралы ретінде пайдаланылса, ал 1976  жылдан бастап ло дүниежүзілік ақша қызметін орындамайды. Алтынмемлекеттің ішкі айналымынан да, әлемдік нарықтан да қағаз және несие ақшаларымен ығыстырылды.

Әлемдiк тарихта ақша жүйесiнiң келесi типтерi болған:

  • Металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметiн атқарады,  ал несие ақшалар металға айырбасталады;
  • Несие және қағаз ақша айналысы,  мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылады және қазынаға айналды.

Металдық айналысқа байланысты аталып өткен екi ақша жүйесi – биметализм  және монометализмге тән.

Биметаллизм – бұл ақша жүйесiнде жалпы құндық эквивалент ролiн  заңды түрде екi металл атқарады. Алтын және күмiс монеталар кең көлемде соғылысып, еркiн айналысқа түстi, биметаллизмнiң үш түрi бар:

  • Қатар жүретін валюта жүйесi,  алтын және күмiс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекiтiлдi;
  • Қос валюталық  жүйесi,  бұл қатынасты мемлекет анықтады;
  • “Қосалқы”  валюта жүйесi , яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға ерік берілді.

Биметализм XVI-XVII ғғ. кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметіне қарама-қайшылық тудырады. Дегенмен 1865 жылы Франция, Бельгия, Швейцарияда және Италияда биметализмді сақтап қалу мақсатында өзара келісім жүргізе бастады.       Нәтижесінде латын монеталық одағы конференциясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны бес франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасы  1/15,5  шамаға тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алмен мен күмістің нарықтық құнына сай келемейді.

Биметализм жүйесі өскелең капиталситік шаруашылықтың талабын  қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді, жалпыға бірдей құн өлшеі ретінде тек бір ғана тауар жүреді.  Ондай тауар не алытн , не күміс. Оған қоса XIX аяқ шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің арақатынасы 1/20 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды.

Нәтижесінде жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөтіп, биметализм ақша жүйесінің орнына монометализм жүйесі келді.

Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын (алтын немесе күміс) ақша жүйесi.

Күміс монометализмі Ресейде 1843-1852 жж. Индияда 1852-1893 жж. қызмет етті.

Алтын монометализмі алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде XVII ғ. Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғ. аяғына қарай енгізілді.

Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:

Алтын монета стандарты,  оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы болып табылады. Бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталдың сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

  • Алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарады;
  • Алтын монеталарды құюға рұқсат етілді, яғни елдің монета сарайында;
  • Толық ұнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз алтын монетаға ауыстырылды;
  • Алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруғаболатын болатын.

Алтын монета стандартының қызмет етуі орталық банктерде, олардың айналысын қамтамасыз ететіндей мөлшерде алтын қорының болуын және оның монета айналысының резерві ретінде қызмет етуін талап етеді.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар