Кез-келген бала, соның ішінде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар. Ортадан жырақ қалған балаларда ондай қажеттілік одан да жоғары және де олардың кейбіреуі медициналық қызметкер мен педагогтың назарын үнемі қажет етеді. Медициналық сауықтыру ауру, жарақат, жарымжан болудың салдарын шешуге немесе жеңілдетуге бағытталған диагностикалық, емдік және сауықтыру іс-шараларының жиынтығын қарастырады.

Мүгедек балалардың уақытша немесе тұрақты мекендеуін арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер бар. Ол жерге интеллектісі сақталған, сүйену-жылжу аппаратының қызметі бұзылған, тұрақты түрде басқа бір адамның көмегіне және медициналық қызметке зәру 4 пен 18 жас аралығындағы төмендегідей сырқатпен ауыратын мүгедек балалар орналасуы мүмкін:

ü    әртүрлі этиологиядағы мидың сал ауруы;

Загрузка...

ü    полиомиелит салдарынан кейінгі қалыпқа келтіру және резидуальді кезең;

ü    сүйену-жылжу аппаратының әртүрлі туа және кейін пайда болған деформациялары;

ü    артрогриппозом;

ü    хондродистрофией;

ü    тұқым қуалайтын дегенеративті және жүйке-бұлшық ет аурулары.

Мүгедек баланы  сауықтыру орталығына  орналастыру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барып, келесі құжаттарды тапсырыңыз:

1. Баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) белгіленген үлгідегі  өтініші.

2. Өкілетті органның (медициналық мекеменің) мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеге әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау жолдамасы:

1)               туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;

2)               СТН;

3)               ӘЖК;

4)               мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі;

5)               медициналық карта;

6)               психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысы;

7)               амбулаториялық картадан үзінді;

8)               жеке сауықтыру бағдарламасының көшірмесі.

Балаларды МӘМ-нен шығару:

ü    баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші;

ü    кәмелеттік жасқа толғанда;

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне қарайтын, оңалту орталықтары бар, онда әр түрлі аурулармен; тірек-қимыл және эндокринологиялық жүйелер ауруларымен ауыратын балаларды 20-27 күн аралығында оңалту курстарын өтеді.

Орталыққа орналасуға қажетті құжаттардың тізімі, оңалту шараларын өткізуге қарсы көрсеткіштер барлық аймақтардың емдеу органдарында бар.

Оңалту орталықтары жұмыстарын жеңілдету үшін балалардың келу кестесі құрастырылған, орын бөлу кезінде аймақтардан алдын-ала келетін өтініштер есептелген.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

2) «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» («Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесi»)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысы.

Пайдалы сілтемелер:

www.mz.gov.kz – Денсаулық сақтау министрлігінің сайты.

         Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мүгедек балаларды сауықтыру», «мүгедек балаларды сауықтыру орталықтары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

.
Загрузка...

Тағы рефераттар