Жер ресурстарының сапалық жағдайына тоқталсақ Оңтүстік  Қазақстан  облысында агроклиматтық ықпал ерекше байқалады.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарын аридтік ландшафттар құрайды, мұндай ландшафт антропогендік қысымдарға шыдамсыз, өзіндік қалыптасуға, қайта қалпына келуге әлсіз икемделген. Суармалы егіншілік кезінде ландшафттың кейбір компонентерінің түбірлі өзгерісі   заттардың эволюциялық қалыртасқан айналасымен бұзады.

Ирригациялық эрозия, яғни су эрозиясы үлкен шығынға алып келеді:  топырақтың беткі қабатының жуылуы гектарына ондаған, кейде жүздеген тоннаға жетуі мүмкін. А.М.Иорганскийдің және т.б. анықтамасы бойынша қардың еруінен пайда болған эрозияға қарағанда бұл эрозияның шығыны 40-42%- ға жоғары болады, шығын болған су жер бетіне жақын орналасқан жер асты суының деңгейінің көтерілуіне алып келеді. Бұл жағдай топырақтың тұздануына, рельеф қабатарында тұзды көлдердің пайда болуына алып келеді. Топырақтың тұздануы ладшафттың ландшафттық экологиялық тепе-теңдігін шұғыл төмендетеді. Осының нәтижесінде өнімділігі жоғары жерлердің көлемінің қысқарғанын байқауға болады.

1990 – 1999 ж. арасында Республикадағы ауылшаруашылық жерлерінің саны 2 есеге қысқарды. (223.1 млн. га-дан 139 млн. га-ға қысқарды), жайылымды жерлер 1,5 есе (35,6-дан 21,8 млн. га-ға дейін) қысқарды, ал пайдаланылмай бос жатқан жерлердің көлемі 10 есеге дейін (0,8 га – 10,2 га-ға дейін) көбейді.

Жер балансының 1988 жылғы мәліметі бойынша Республикада 481,1 мың га жайылым жерлер бар. 24148,8 млн. га жер топырақ эрозиясына ұшыраған және 194,5 мың га жер топырақ эрозиясына ұшыраған. Шымкент экология және биоресурстар басқармасының мәліметі бойынша барлық егістік жердің 1\3  і жел эрозиясына ұшыраған.

Топырақтың тұздануы агроландшафттың өнімділігіне тікелей әсер етеді. Республикадағы тұзды жерлердің көлемі 33,8млн га немесе барлық ауылшаруашылық жерлердің 15,2% -н құрайды. Тұздалған жерлердің көлемі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарынан кейінгі 4-ші орынды иемденеді. (2,2 млн га) Су эрозиясына (әр түрлі деңгейде) ұшыраған жерлердің көлемі Оңтүстік Қазақстанда 0,9 млн. га.

Оңтүстік Қазақстан облысында 4 ірі егін шаруашылығымен айналысуға қолайлы массив бар: Қызылқұм  — 726 км², Арыс – Түркістан – 910 км², Шәуілдір – 450 км², Келес – 1180 км² және Жалаңаш жазық  — 1712² км, жалпы көлемі 4978 км².

Қазақстандағы суармалы жер азайып барады, бар болғаны 1,0 млн. га ғана. Осы суармалы жерлерден алынған өнімнің  құны республика бойынша алынған жалпы өнімнің 25%  -н құрайды, яғни 6 га тәлімі егістен алынатын өнімді бір гектар суармалы егістен алуға болады екен. Рас, суармалы жерлерді игеру арзанға түспейді, каналдар қазып, жердің мелиорациялық жағдайын жақсартуға аз қаржы жұмсалмайды.

Алайда, мұндай  шығындар ол жерлерді игергеннен кейін бірнеше жылдарда ақ  өтелері сөзсіз. Біздің жағдайда мақта егу үшін жұмсалатын қаржы 3 жылда, қант, кұріш егуге жұмсалатын қаржы 5-7 жылда, ал көкөніс пен мал азықтық егістерге жұмсалған қаржы 2-3 жылда өтеледі екен. (Садықұлов Д.С. 1971)

Суармалы жердің тағы бір артықшылығы: бір жылда екі өнім алуға мүмкіндік береді. Мәселен, тез пісетін  астық дақылдардан кейін немесе жазда пісетін картопты жинап алғаннан кейін вегатативтік уақыт Оңтүстік Қазақстан облысында 90 – 110 күнге дейін созылады. Бұл уақыт ішінде аңыздыққа тез пісетін тары немесе сүрлем жүгері сияқты дақылдарды егуге болады, былайша

айтқанда суармалы егістердің экономикалық тиімділігі мол. Бірден ешқандай өнім бермейтін, тіпті жайылымға жарамайтын шөлді жерлер суарылса, ол табиғаттың қолайсыз құбылыстарына тәуелсіз болып, түрақты әрі мол өнім береді, жұмсалған шығын көп ұзамай есесімен қайтарылады. Екіншіден, суармалы егіншілік аймақтарында күн шұғыласын көп қажет ететін, халық шаруашылығына өте керек техникалық дақылдар —  мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, бау – бақшалар, дәрілік шөптер өсіп, мол өнімдер береді.

Сондықтан,  мемлекетіміз бұрынғы Одақ құрамында жерді кең көлемде мелиорациялауды қолға алды. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар өріс алуда. Жерді суарғанда жер бедеріне, топырақтың құрамы мен физикалық қасиеттеріне, топырақтың төсеніш қабаттары мен жер асты суларының құрамы  мен тереңдігіне т.б. қарай қолданатын арнайы ережелер, шаралар бар. Бұл шараларды дұрыс қолданбайынша, көп қаржы жұмсап игерген жерлердің тез арада сорланып немесе батпақтанып, істен шығып қалуы ықтимал.

Нақты мәліметтерге қарағанда, оңтүстіктегі суармалы егіншілік дамыған облыстардың 40% — дан астам жерінің мелиорациялық жағдайы нашар, сорлануға бейім. Топырақтың сорлануы мен батпақтануы ең алдымен ол  жердің табиғи жерлеріне тығыз байланысты.  Мәселен, кейбір жерлерді қалай суарса да сорланып батпақтанбайды, ал кейбір жерлер суару барысында жіберілген болмашы қатеден тез істен шығады. Осыларды ескере отырып, енді суармалы аймақтарымыздың табиғи жағдайларына қысқаша тоқталып өтсек.

Белгілі ғалым, академик В.М.Боровский (1967ж) оңтүстіктегі суармалы егістікке игерген жерлерде қолдануға қажетті  ирригациялық, шаруашылық жұмыстардың әр түрлі болатынына қарап негізгі 3 мелиоративтік алқапқа бөледі.

Бірінші алқап – тау етегі мен бөктеріндегі көлбеу тегістіктер. Топырақ беткі қабаты сары –сазды, ұнтақталған  майда жыныстардан, төменгі қабаты ұнтақталмаған ірі жыныстар, қиыршық тастар  мен құмдардан түрады. Таудан алыстаған сайын жыныстардың  ірілігі бірте – бірте кеміп ұнтақтала бастайды. Жер асты сулары тереңде жатады. Кей жерде аздап кермектеу болғанмен суы негізінен тұщы. Жер беті және жер асты қабаттары таудан  төмен қарай еңісті келгендіктен жер асты суларының ағымы жақсы. Тереңде жатқан мұндай сулар топырақ қабаттарына ешқандай әсерін тигізбейді. Бұл аймақтағы топырақ сұр және қарақоңыр  түсті келеді. Құрамында тұз аз немесе мүлде болмайды. Суарған кезде жердің сорлану, батпақтану қаупі жоқ. Дегенмен топырақ қабаттарының суды мол өткізгіштік ерекшелігіне байланысты арық – атыздар мен каналдарда су жерге көп сіңіп, шығын болады. Мұндай жағдай тау етегіндегі көптеген ирригациялық жүйелерде   орын алған. Мысалы: Қаратау етегіндегі Арыс – Түркістан каналының 50 км- ден 110 километрге дейінгі арнасы ірі, тасты қабаттарға ойылып түсіп, судың жер астына сіңуі өте көп мөлшерге жетіп отыр. Жерге сіңген су сол атырапты сорландырып, батпақтандырмағанмен, жер астына ағып келіп, төмен жатқан территориялардың  мелиоративтік жағдайын нашарлатады. Мысалы, Арыс – Түркістан каналында сіңген су канал бойымен төмен жатқан жүздеген гектар жерді сорландырып жібереді. Жер асты суының көтерілгені соншалық, Түркістан қаласының біраз жерін су басып, батпақтандырады. Мұндай күйге бұл аймақтағы біраз елді мекендер де ұшырады, жолдар бұзылады. Бұл жағдайлар қазір қалпына келтіріліп жатыр.

Кесте 1

Оңтүстік  Қазақстан  облысы  елді мекен жерлерінің құрамы. 

Жер категориясының атауы

Жер пайдаланушылардың саны

Жалпы ауданы

Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер

Каналдар астындағы

Жолдар, көшелер, алаңдар астындағы

Сабақтардың астындағы

Құрылыс астындағы

Су астындағы

Дровесно кустар

Пр.угодин

Қалалар мен поселке-лер

20

45,4

24,2

0,1

6,8

0,3

3,3

0,1

3,2

7,4

Оның ішінде жеке шаруашылық жүргізу-ге арналған азаматтар-дың иелігіндегі жер-лер

25513

3,8

3,4

0,3

0,4

Тұрғын үй құрылысы-на арналған

59519

12,2

7,3

0,2

0,2

0,4

0,3

3,7

Ауыл елді мекендер

838

609,3

546,9

1,9

11,1

0,5

8,7

1,8

0,4

38

Оның ішінде жеке шаруашылық жүргізу-ге арналған азаматтар-дың иелігіндегі жер-лер

203803

33,3

32,5

0,7

0,1

Тұрғын үй құрылысы-на арналған жер

4881

0,6

0,4

0,1

0,7

Барлық елді мекен жерлері

858

654,7

571,1

2,0

17,9

0,8

12,0

1,9

3,6

45,4

Бұл алқапты суландыру кезіндегі негізгі шара – судың жер астына сіңіп, шығын болуына қарсы күресу.Ол үшін арық – атыздар, каналдар бойында судың жерге сіңуін кемітетін әр түрлі шараларды қарастыру керек. Яғни топырақтың суды бойына ұстап тұру ерекшелігіне байланысты мөлшерлеп беру керек.

Екінші алқап – жоғарғы алқаптан төмен жататын тау етегіндегі сазды жер. Бұл аймақта пролювиалды – делювиалды жыныстардан құралған. Биік таудан алыстаған  сайын жыныстардың  механикалық құрамы ауырлап, ірі қиыршық тастардың орнына майда, ұнтақталған тастар кездеседі.

Майда ұнтақталған топырақ қабаттардың нашар су өткізетініне байланысты жер асты  суының ағыны бәсеңдеп жер бетіне жақындайды. Кей жерлерде майда бұлақтар жер бетіне шығып жатады. Сондықтан оны жергілікті халық “қарасулы аймақ” деп те атайды. Суы негізінен тұщы. Жер асты суы жақын болғандықтан, топырақтары шалғынды сұр, шалғынды – сазды, шалғынды – батпақты және батпақты. Сазды аймақтың төменгі шетіне аздап құрамында натрий катионы бар сортанданған топырақтар да кездеседі.

Бұл алқаптың шалғынды топырақтарының 05, — 0,1 м. тереңдігінде көбінесе өте қатты карбонатты қабат кездеседі. Ол өсімдік тамырларының таралуына, судың сіңуіне көп зиян келтіреді. Мұндай қатты қабатты Орта Азияда “арзық” немесе “шоқ” деп атайды. Ол жерлерді жыртып, егін еккенде жер асты суының жақын жатуына және механикалық құрамының майда болуына байланысты, арық пен каналдардағы судың жерге сіңіп, шығын болуы көп болмайды. Топырақ бетіне жақын жатқан бұл суларды өсімдіктер пайдалана алады. Сондықтан бұл аймақты суарғанда судың есептегі мөлшерден кем беру қажет. Өйткені, өсімдік жетіспеген ылғалды жер асты суынан алады.

Ал, аздап кездесетін батпақтанған топырақтарды құрғату  үшін керіздер қазу қажет. Топырақта кездесетін біршама сорланған топырақтарды жуып шайып, мелиоративтік жағдайын жақсарту керек. Жер асты суының топырақ бетіне көп көтеріліп кетпеуі үшін оның деңгейін ылғи қадағалап отырған жөн.

Үшінші алқап – сазды жерлерден  төмен жатқан шөлді жер. Бұлар негізінен қазіргі немесе ертедегі өзендердің, уақытша таудан аққан су ағаштарының пайда болған шөгінділері, еңістігі шамалы тегістіктер.  Топырақ қабаттары әр түрлі болып келеді. Оның жоғарғы бетінде ұнтақталған майда топырақтар, астында көбінесе құмды қабаттар кездеседі. Жер асты  сулары бұл алқапта әр түрлі тереңдікте: өзен, көлдерге жақын жерлерде су жер бетіне жақын, ал олардан алыс жерлерде терең жатады. Жер асты суының табиғи ағымы тіпті жоқтың қасы. Бұл алқаптың топырағы әр түрлі. Су жайылымы кететін жерлерде аллювиалды шалғынды, шалғынды – батпақты және батпақты топырақтар болса, шөлді жерлерде тақыр түсті және сұр құба топырақтар мен тақырлар, құмды массивтер кездеседі. Топырақтарының көп бөлігі сұрланған.

Соңғы кезеңдерде игерілген және келешекте игерілетін   жерлердің басым көбі осы алқапта орналасқан. Бұл алқапты суарған кезде жер асты суы барлық жерде бірдей тез жоғары көтеріліп, топырақ сорлана бастайды. Себебі, мұнда судың шығыны тым көп. Бұл маңдағы егістікті суарғанда топырақтың сорлану қаупін бодырмау  үшін суды есептегі мөлшерден 20-30% артық беру керек. Сонда топырақ құрамындағы тұздар жойылып, жер асты суына қосылады. Кейін бұл шайынды суларды арнайы қазылған қашыртқылар арқылы бұл аймақтан алыстатып жіберу керек. Бұл алқап мелиоративтік жағынан өте ауыр алқап. Сондықтан ауыр  техникалық, ирригациялық жұмыстарда жіберілген сәл ғана қате топырақты сорландырып, істен шығарады. Коллекторлы — керізді су қашыртқыларының мүлтіксіз жұмыс істеуіне айрықша назар аударылуы қажет.

Осындай қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін көптеген ирригациялық, инженерлік, мелиоративтік шараларды дер кезінде қолдану қажет. Мелиорация жағдайын жақсартатын шаралардың бірі – жердің бетін жаппай тегістеу.

Каналдармен арықтардағы судың жерге  сіңіп ысырап болуына қарсы күресі, жер асты суының жоғары көтерілу, шапшаңдығын бәсеңдетеді. Ол үшін каналдар мен арықтардың табандары мен бүйірлерін су өткізбейтін бетон плиталармен немесе латоктармен қаптау керек. Ал, кейбір жағдайда арықтардың суды сіңіруін азайту үшін майда ұнтақталған балшық бентонит сепкен жөн.

Судың босқа ысырап болып, жер астына сіңіп кетпеуі үшін топырақтың физикалық қабілеттеріне сүйене отырып, оны тәртіппен мөлшерлеп қана беру керек. Мелиорациялық жағдайы қолайсыз аудандарда қаншалықты суды үнемдеп, жердің астына көп жібермеу әрекеттерін істегенімізбен, 5-6 жылдың ішінде жер асты суы жоғары көтеріліп, топырақ сорлана бастауы, ал кейбір ойпатты жерлердің батпаққа айналып кетуі  ықтимал. Сондықтан  мелиорациялық жағдайы нашар алқаптарда топырақты сорланудан, батпақтанудан сақтайтын негізгі әдіс инженерлік жолмен қазылған терең коллекторлы – керізді жүйелер арқылы жер асты суының ағымын жасау. Суармалы алқаптардың мелиорациялық жағдайының қолайсыздығына қарамастан, соңғы жылдарға дейін коллекторлы – керіз жүйелерін қазу жұмысы жөнді шешілмей келеді. Осының салдарынан Оңтүстік Қазақстан облыстарының көптеген суармалы жерлері сорланып,істен шықты. Егіншіліктің жылжымалы жүйесі, яғни бір жер сорланып  істен шықса, оны тастап, екінші жерге егін егу практикасы көбірек орын алып келді. Тек кейінгі жылдарда ғана бұл олқылық игеріліп, мемлекеттік көлемде жерлердің жағдайын жақсарту мақсатымен коллекторлы – керізді жүйелер қолға алынды. Мелиорациялық жағдайы нашар алқаптарды игеру үшін коллекторлы –керіз жүйелерді салу , каналдар қазу жұмыстарының жобасында көрсетілуі тиіс. Сонда ғана суармалы жерлердің сорлануынан құтыла аламыз. Ескертетін жағдай, ренішке орай суармалы егіншілік дамыған Оңтүстік облыстарымыздың жерлерінң мелиоративтік жағдайлары қазіргі талапқа  сай емес екендігі анық.

Міне, осы жағдайларды ескере отырып, мемлекет басшылары сырттан түсетін инвестиция қаржыларының біраз бөлігін осы суармалы жеріміздің мелиоративтік жағдайын жақсартуға жұмсау туралы қабылдаған шешімі құптарлық жай. Соңғы деректерге  қарағанда Қазақстанның суармалы жерлерінің 80% — н қазылған арық – атыздар қазіргі талапқа  сай инженерлік құрылыстар емес. Әңгіме, осы олқы жағдайды талапқа сай етіп жақсартуда болып отыр.
Тағы рефераттар