Педагогикалың зерттеулердің негізгі белгілері мыналар:

1.Мәселенің болуы, яғни шешім қажет ететін және оған арнайы ғылыми-зерттеулер жүргізбей дұрыс жауап бере алмайтын белсенді және маңызды мәселелердің болуы.

2.Дәлелді немесе тексеруді қажет ететін, шешімі нақты емес мәселенің болуы.

Загрузка...

3.Ғылыми гипотеза арқылы, яғни оның, қисынды, қайшылықсыз құрастырылған ұғымдармен мәселенің шешімін табу.

4.Осы болжамды тексеруге белгіленген ғылыми тәжірибені дайындау және өткізу.

5.Тәжірибе мен анықталған нәтижелерді, зерттеу жүргізуге дейінгі мәліметтермен нақты математикалық өңдеулі қолданып салыстыру.

Мысалы, оқытудың кейбір жаңа технологияларының ғылыми тексерісін қарастыратын педагогикалың зерттеулер. Дәстүрлі оқыту технологиясы арқылы балалар берілген оқу ақпараттарын толық қабылдамағанын ескеріп, ұстаз оқыту технологиясын жақсарту, жетілдіру шешіміне келеді.

Одан әрі ғылыми болжам қалпында оқытудың жаңа технологиясы алға шығарылады да, осы болжамның дұрыстығын тексеру мақсатында тәжірибе ұйымдастырылады және өткізіледі. Бұл төжірибенің мәні  берілген болжамға дәлелдеме жасау, яғни ұсынылған жаңа немесе өзгерген оқыту технологиясы, бұрын қолданыста болғандарға қарағанда нақты нәтиже беретінін көрсете білу. Тәжірибедегі бұл болжамның дұрыстығы оқытудың жаңа технологиясын педагогикалық қызметте одан әрі енгізуге қажетті негіз болып табылады.

.
Загрузка...

Тағы рефераттар