Стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістері туралы қазақша реферат

Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың кәсіпті саналы түрде таңдау жасай білу мақсатында жүргізіледі. Бұл мақсатта кәсіп туралы ақпарат, кәсіптік жарамдылық, маңызды кәсіп түрлері, кәсіби мансап, қоршағандардың (ата-ана, жолдастар, таныстар, достар, әріптестер) өзара сыйластықты қарым-қатынасына негізделген адамның қажетті кәсіби қасиеттері туралы ақпарат беріледі. Аталмыш мәселенің шешімін табу мақсатында оқу-тәрбие қызметін ұйымдастырудың оқушылардың жас ерекшеліктеріне қатысты формалары мен әдістері қолданылады.

Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру — мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті басым болу қажет.

Стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, немқұрайлығын жойып сабақ дағдысын қалыптастырады, балалардың көңіл-күйін көтереді, оқушының бойында терең тиянақты білім қалыптастырады. Сондықтан стандартты емес сабақ түрлерін пайдалану, сабақ үрдісінде басты рөл атқарады.

И.П.Подвласованың анықтамасы бойынша : Стандартты емес сабақ дегеніміз — түрлендірілген сабақ түрі, өзінің құрылымы бар. Стандартты емес сабақты білімді тиянақтауда немесе жаңа сабақта өту кезінде пайдалануға болады. [16, 85 б]

Мұғалім алдындағы негізгі міндет — берілген тапсырманы оқушыға түсіндіріп, көрсетіп, жеткізіп беру емес, берілген жұмысты ұйымдасқан түрде жасауға, шешуге үйрету және кәсіптік бағдар беру. Кәсіптік бағдар беру сабағында стандартты емес сабақ өткен ыңғайлы, өйткені ол, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады, мамандық туралы түсінігі өзгереді, өзіндік іс-әрекетке бейімдейді және олардың бойында білім, білік дағдыларын қалыптастырады.

Негізінде бекіту және қайталау сабақтарында баланың сабаққа деген қызығушылығы төмен болады. Осыған байланысты сабақтарды стандартты емес сабақ ретінде берсе, сабақ өте қызықты болар еді. Стандартты емес сабақ беру барысында сабақты тиімді оқыту , мұғалім мен оқушыны шығармашылық қатынасқа жетелейді.

Стандартты емес сабақтың бір түрі — ойын сабақ. Сабақтың бұл түрі — баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой — өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады.

Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді. Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.

Стандартты емес сабақтың бірі — «Сауалнама» ойыны. «Сауалнама» сабағы — оқушыларға сұрақ қойып, жауап алумен ұштасады. Ойында кім көп жауап берсе сол жеңімпаз атанады. Сауалнаманы сабақтың басында ауызша есептеуге, сабақ ортасында сабақты меңгерген меңгермегенін анықтау үшін, сабақтың соңында оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында қолданамын. Жақсы ұйымдастырылған сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.

Сабақта қойылатын сұрақтар алдын ала қағазға жазылып қояды немесе тақтаға жазып , бетін жауып қоямыз. Сұраққа оқушылар бірден жауап береді. Оқушыларды бағалауда тек қана дұрыс жауаптар ғана есептелмейді, сонымен қатар жылдам жауапта есептеледі. Оқушылар жауапты кезекпен береді.

Ауызша жауап беруде «Үндемес» ойынын қолдануға болады. Әр оқушыда жауаптың дұрыс-бұрысын көрсетіп отыратын белгілер бар. Балалар осы белгі арқылы ғана жұмыс жасайды. Мұндай ойын оқушылардың тыныш отырып жауап беруіне және сабақты меңгерген меңгермегенін анықтауға болады. Егер оқушы жауаппен келіссе көк кеспені, келіспесе қызыл кеспені көтереді. [17, 78 б]

Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.

Стандартты емес сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:

— бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;

— бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, кәсіптік дамыту мәдениеттерін қою;

— тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;

— негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;

— сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;

— тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;

— сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;

— сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсақ, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;

— техникалық оқыту құралдарын тексеру;

— мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады;

— сабақта орындалатын өздік жұмыстардың көлемін және түрін анықтау;

— білім, іскерлік, дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу;

— білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін оқушылардың тізімін жасау. Білімді тексеру түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті тексеруді жоспарлау;

— үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеу, оны орындау әдістемесін табу;

— сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу;

— тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау;

— сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау.

Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу – нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру. [18, 142 б]

Барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушы қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмаларды өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні анық.

Кәсіби бағдар беруге келесі құрамдастар енеді: кәсіби ағарту жұмысы, кәсіби қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту, кәсіби консультациялау, әлеуметтік-кәсіптік бейімдеу. Мектепте кәсіби бағдар беру сонымен қатар сыныптан тыс, жалпымектептік шаралар жүйесі бойынша да жүзеге асырылады. [19, 124 б]

Жалпымектептік шаралар:

— 12 жылдық оқытуға көшу кезеңінде технологиялар қажет етілуі проблемасы бойынша мәжіліс өткізу;

— Педтехнологиялар мүмкіндігін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізу;

— Ақпараттық семинар;

— «Қаланың кәсіптік картасы» кәсіптер каталогын құру;

— «Кәсіп және тұлға» оқырмандар конференциясы;

— Кәсіптік мерекелерге арналған тақырыптық газеттер шығару;

— «Кәсіптер әлемі» кәсіби бағдар беру ойыны;

— «Кәсіптер әлемі» тақырыбында жалпымектептік жиналыс өткізу (түрлі кәсіп иелерімен кездесу), құқықбұзушылық профилактикасы бойынша әңгіме-сұхбат өткізу типі бойынша;

— Қалалық кәсіптер жәрмеңкесіне, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына бару («ашық есік» күні шеңберінде);

— Мектеп кітапханасында «Кәсіптер әлемі» парағын ашу.

Еліміздің білім беру саласындағы түбірлі өзгерістер мектеп мұғалімдерінің, жалпы оқытушы қауымның шығармашылықпен жұмыс істеуіне үлкен жол ашуда. Олар өздерінің іс-тәжірибелерінде сабақтың көптеген тиімді түрлерін кеңінен пайдалануда.

Жоғарыда көрсетілген сабақтар тақырып ерекшелігі мен оның мазмұнына байланысты өткізіледі. Өйткені кез келген тақырып үштік сабақ, сот сабағын немесе концерт, әдеби монтаж және композициялық сабақтарын өткізуге лайық бола бермейді. Сабақ түрі сынып оқушыларының құрамына да тәуелді. Бұны да ескерген жөн. Оқушылардың білім деңгейі бірінші кезекте ескеріледі. Конференция, пікірталас (пікірсайыс), айтыс сабақтары диагностика жасалғаннан кейін барып өткізіледі.

Стандартты сабақтан стандартты емес сабақтың өзгешелігі, жалпы сабақтың дәстүрлі құрылымы сақталғанымен, оны жүргізу, өткізу түрлері өзгереді. Дегенмен, стандартты сабақ құрылымы стандартты емес сабақ түрлерінде толық сақтала бермейді. Дәріс, (қос) үштік сабақтарында оқушыларды бағалау кезеңі болмайды.

Практикалық, семинар сабақтарында жаңа материал өтілмейді. Ал қайталау мен білімді тексеру сабақтарында үйге тапсырма беру және оқушылар білімін бағалау кезеңдері ғана болады. Қайталау сабағы типіне жататын сабақ түрлерінің әрқайсысының арнайы құрылымы, ережесі, тәртібі болады.

Мысалға дебат сабағын алайық. Кәсіптік бағдар беруде стандартты емес сабағын дебат түрінде өткізу үшін төмендегідей талаптарды есте ұстау қажет:

— дебат сабағының айқын мақсаты болуы керек;

— дебат сабағында ойын тәртібін қатал сақтау керек;

— оқушылар дебат сабағы алдында тақырыпты толық меңгеруі тиіс;

— дебат сабағының тақырыбы талас туғызатындай болуы керек;

— оқушылар дебат сабағына толық қатысуы тиіс.

Бұл талаптар орындалмаған жағдайда дебат сабағы өз мәнінде өтпейді. Стандартты емес сабақтың бір түрі ретінде дебат сабағының білімділік мақсаты тақырып бойынша білім толықтыру, дамытушылық мақсаты оқушының ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету болатын болса, тәрбиелік мақсаты адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға үйрету болып табылады. Міндеті — тақырыпты толық меңгерту, оқушының қызығушылығын туғызу, алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету және мамандықтар туралы жалпы мағлұмат алу. өтеміз.

Сонымен сабақ түрлері өтілетін тақырып ерекшелігі, сынып оқушыларының құрамы, жас ерекшелігі, білім дәрежесі, сондай-ақ сабақ мақсатына байланысты.
Тағы рефераттар