Мақсаты: Топырақтың ылғалдығын анықтаудың тәсілдерімен танысу.

Қажетті құралдар мен заттар: топырақтың үлгілері, алюминий немесе шыны бюкс, безбен, кептіргіш шкаф, қалақ, көздері 1 мм елеуіш, эксикатор.

1-тапсырма.

Загрузка...

Тапсырмаға түсінік. Топырақтың ауадағы су буының құрамындағы суды өз бойына тарту және сақтау қабілетінің мөлшері гигроскопиялық ылғалдылық деп аталады. Оның көлемі топырақтың құрылымдық және химиялық құрамы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты. Соңғысы неғұрлым жоғары, ал топырақ майда болса, соғұрлым гигроскопиялық ылғалдылық та жоғары болады. Ылғал топырыққа сіңе отырып, ондағы саңылаулардың бәрін толтырады. Топырақтың бойына сіңіре алатын судың ең көп мөлшері-топырақтың толық ылғал сіңіргіштігін құрайды. Өсімдіктер үшін ең қолайлы ылғалдылық топырақтың толық ылғал сіңіргіштігінің 60 % –не тең мөлшері болып табылады.

Топырақтағы су өзінің салмағы әсерінен төмен қарай жылжи бастайды.Су еркін ағып болғаннан кейін топырақ ұстап қалған ылғалдылықтың ең көп мөлшері топырақтың /сіңіргіштігі/ ылғалдылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш құрғақ топырақтың салмағына пайыз есебімен шаққанда: құмдақ топырақтар үшін — 12%, күлгін сазды топырақтар үшін -18%-ке, қара топырақтар үшін- 24% тең болады да оның одан әрі төмендеуі судың капиллярлар деп аталатын   саңылауларға орналасуына әкеп соғады. Судың бұл түрі капиллярлық су деп аталып, өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етудің тұрақты көзі болып табылады.
Капиллярлық судың мөлшері азайып, ол топырақ бөлшектері немесе майда түйірлері арасында ғана сақталып қалса, өсімдік қурай бастайды. Демек, топырақтағы судың бәрі де өсімдіктерге жете бермейді. Егер топырақтағы су  мөлшері егістік ылғалдылықтың (сіңіргіштіктің) 2/3 нәтижесінен азайса, өсімдік өсуін баяулата бастайды. Сондықтан егістік ылғалдылығын анықтау арқылы топырақтың сумен қанығу тәртібін реттеуге болады.

Жұмыс реті:

1.Мөлшері 10-15 г. топырақ үлгісін алдын-ала өлшенген бюкске салу;

2.Оны 1050С температурада 6 сағат бойы кептіргіш шкафта ұстау;

3.Сонан соң эксикаторда салқындатып барып өлшегеннен кейін, екі сағаттай       қайта кептіріп, қайта өлшеу;

4.Топырақтың ылғалдылығын төмендегі өрнек бойынша есептеу:

ЕЫ=   × 100, мұнда ЕЫ — егістік ылғалдылығы;

а-бос бюкстің салмағы, г;

в-топырақ салынған бюкстің кептіргенге дейінгі салмағы, г;

с-топырақ салынған бюкстің кептіргеннен кейінгі салмағы, г;

5.Жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыздар.

1. Мөлшері 10-15 г. Топырақ үлгісін алдын-ала өлшенген бюкске салу;.

2. Оны 1050С температурада 6 сағат бойы кептіргіш шкафта ұстау;

3. Сонан соң эксикаторда салқындатып барып өлшегеннен кейін, екі сағаттай       қайта кептіріп, қайта өлшеу;

.
Загрузка...

Тағы рефераттар