МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…..3

1 ТАБЫСТЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНДА ТАНЫЛУЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМНЫҢ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Табыстылық түсінігі, экономикалық мәні және нарықтағы орны…..6
1.2 Ұйымның есеп саясатында табыстар мен шығыстардың танылуы….13
1.3 Ұйымның технико-экономикалық сипаттамасы……22

2 ҰЙЫМДАҒЫ ТАБЫСТАР ЕСЕБІ
2.1 «Қарғалы Пансионаты» АҚ табыстар есебін ұйымдастырып жүргізу….35
2.2 Тауарларды сату мен қызмет көрсетуден түсетін табыстардың есебі…..42
2.3 Жалпы және таза табыстардың есебі…..50

3 ҰЙЫМНЫҢ ТАБЫСТАРЫН ТАЛДАУ
3.1 Есеп мәліметтері негізінде табыстылықтың анықталуы….57
3.2 Жалпы табыстардың талдауы ……..65
3.3 Маржиналдық табысты талдауы ….72
3.4 Таза табысты талдау және оны арттыру резервтерін анықтау….81

ҚОРЫТЫНДЫ…..88
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ….90
ҚОСЫМША БЕТТЕР

КІРІСПЕ 

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық ортаға тең құқықты серіктес ретінде кіру бухгалтерлік есеп принциптері мен қаржылық есептіліктің барлық пайдаланушыларға, әсіресе шетел инвесторларға түсінікті болуын талап етеді. Қазақстандық ұйымдарға ақша қаражаттарын сала отырып, шетел инвесторлар түсінуге қол жетімді есептілікті талап етеді. Осыдан, шетел және отандық мамандар бір-бірін түсіну үшін тек шетел тілге аударылып қоймай, әлемдік қоғаммен қабылданған тілде құрастырылуы керек. Бұл іскерлік байланыс тілі ретінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) танылады. ХҚЕС-на көшу барлық елдерге ортақ мәселе.

Қазақстан Республикасының 28 ақпан 2007 жылы №234-ІІІ қабылданған, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» заңы бойынша акционерлік қоғамдарды қаржылық есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілуін міндет етіп қойды. ХҚЕС-на ауысу бірінші кезектегі мәселе болып табылады. ХҚЕС-да  қаржылық есептілігін құрастырумен байланысты барлық  мәселелерді қамтыған.

Нарықтық экономика жағдайында ұйымның қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік мұқтаждықтарын қанағаттандыру және ұйымның өндірістік дамуы мақсатындағы ұйым үшін негіз болып табылатын, коммерциялық қызметтің мәні үлкен. Нарықтық қатынастардың пайда болуы мен дамуына байланысты табыстлықты өсіру, пайданы жоғарлату және шығындарды азайту кез-келген ұйымның қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Сондықтан, ХҚЕС-да табысқа арнайы стандарт арналған. Нарықтық экономиканың басты мәселелерінің бірі жеткілікті төлем қабілеттілік пен ұйым қызметінің жоғары табыстылық арасындағы тиімді балансты қолдау болып табылады. Табыстылық көрсеткіштері субъект шаруашылық қызметі барысында активтерге салынған әрбір теңгеден қанша пайда алатынын бағалауға мүмкіндік береді.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен табыстылығының көрсеткіштерін анықтай отырып, біріншіден, жекелеген қаржылық көздер баптарының консервациясын, ресурстарды жұмылдыруды және екіншіден, ұйымның нарықтағы жағдайын, бәсекеге қабілеттілігі мен оның табыстылығын бағалай аламыз.

Бұл мәселелерді шаруашылық субъектісі деңгейінде шешу үшін экономикалық талдауға үлкен рөл берілген. Экономикалық анализ шаруашылық субъектісінің ұзақ мерзімді активтер жөнінде стратегия түрін құрастыруға, шаруашылық субъектісінің даму стратегиясы мен тактикасын дамытуға, өндірісті тиімділігінің өсу резервтерін анықтауға және қызметінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді. Экономикалық талдаудың көздері ретінде бухгалтерлік есептің синтетикалық және аналитикалық берілгендері мен қаржылық есептілік падаланылады.

Бұрыннан белгілі категория – пайда, қазіргі заманғы мемлекеттік экономикалық даму шарттарында шаруашылық субъектілердің нақты тәуелсіздігінің құрылу жаңа мәніне ие болды. Нарықтық экономиканың басты қозғаушы күші ретінде ол мемлекеттің, меншік иелерінің және кәсіпрын қызметкерлерінің қызығушылықтарын қанағаттандырады.

Табыстардың шығындарға қарағанда артуы ұйымның қойған мақсаттарына жетудегі және қызметінің тиімділігін арттырудағы талпынысын көрсетеді. Ұйымдар құрылған кезде өздерінің алдарына ең жоғары дәрежедегі  табыс табу мақсатын қояды. Бұл кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.

Сонымен, пайда кәсіорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Пайда бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталынады.

Мемлекеттің экономикасы нарық қарынастарына негізделіп құрылған жағдайда пайданың мағынасы көп аспектілі түрде күшейе түседі. Ұйымның акционерлік, жалдық, жеке және тағы басқа меншік түрі қаржылық тәуелсіздікті алғаннан кейін, бюджетке салықты және тағы басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған табысты қандай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсау жөнінде шешімді өзі шешуге құқылы. Қазіргі жағдайларда табыс тұтынуға емес, ұйымның экономикалық өсімі мен бәсекелестікті қамтамасыз ететін инвестициялық, инновациялық мақсаттарға жұмсалады.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық нәтиже — пайданың рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. Егер ұйымдар табыс таппаса, экономиканың күйреуіне әкелетіндігі белгілі. Өйткені, пайда арқылы мемлекеттің бюджеті өсіп отырады; капиталдың айналымы өседі; өндіріс ұлғаяды; құрылтайшылар мен жұмысшылардың әлеуметтік және материалдық қажеттіліктері қанағаттандырылады; төлем қабілеттілік жоғарлайды.

Пайданың құрылуын тиімді және сапалы басқару –  ұйымда осы басқарудың сәйкес ұйымдастырушы-әдістемелік жүйесінің, пайданың құрылуының негізгі механизмдерін білу, оны талдаудың және жоспарлаудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалануы. Пайданың құрылуымен қатар, әр ұйымда пайданы бөлу тиімді басқару қамтамассыз етілуі керек. Сонымен бірге, бөлудің есепті кезеңдегі әр циклі бұл оның алдағы кезеңдегі жағымды жағдайлардың қамтамасыз етілуі мен ұйым дамуының стратегиялық мақсаттарын орындау.

Кәсіпкерлік қызметтің мақсаты ­– пайда табу ғана емес, оның шаруашылық қызметінің жоғары табыстылығын қамтамасыз ету. Абсолютті көрсеткіш –пайдаға қарағанда, табыстылық­ қатысты көрсеткіш және ұйымның табыстылық деңгейін көрсетеді.

Осылайша, диплом жазу үшін таңдалып алынған «Компанмяның табыстылғының есебі мен талдауы» тақырыбы бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Тәжиірбелік зерттеудің объектісі «Қарғалы Пансионаты» Акционерлік Қоғамы алынды. Қызметінің негізгі түрі санаторлық-курорттық қызмет көрсету.

Дипломдық жұмыстың мақсаты табыстардың есебі мен талдауын теориялық тұрғыдан зерттеп, «Қарғалы Пансионаты» Акционерлік Қоғамының мысалында табыстар есебі мен талдауын жүргізу болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді орындау керек:

— Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстар есебін қарастыру;

— «Қарғалы Пансионаты» АҚ-ның мысалында табыстар есебінің ұйымдастырылуын қарастыру;

— Табыстар есебінің толық көрсеткіштерін талдап, табыстылықты арттыратын факторларды анықтау және олдары іс жүзінде қолдану нәтижелерін зерттеу;

— «Қарғалы Пансионаты» АҚ-ның швруашылық қызметінің табыстылық деңгейң мен динамикасына талдау жасау;

— «Қарғалы Пансионаты» Акционерлік Қоғамының табыстылық көрсеткіштері бойынша тиісті қорытынды жасау;

«Компанмяның табыстылғының есебі мен талдауы»тақырыбында диплом жұмысын орындау үшін осы тақырыпқа қатысы бар барлық заңнамалық актілер, нормативтік-құқықтық нұсқаулар, отандық және шет елдік экономисттер мен ғалымдардың оқулықтары, оқу құралдары мен баспасөз материалдары қолданылды.

Диплом жұмысы құрылысы бойынша кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымша беттерден құралады. Жұмыс жалпы көлемі 95 бетте орындалған, оның ішінде 37 кесте, 7 сурет және 3 қосымша беттер  бар.

  Дипломдық жұмыс / 95 бет
Тағы рефераттар