МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ……….3
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік …….5
1.2 Ақша қаражаттарының баламалары……..7
1.3 Валюта жүйесінің типтері , даму кезеңдері……..9
II КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ…15
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі..15
2.2Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі….20
2.3 Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу…24
2.4 Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары…..27
ҚОРЫТЫНДЫ………32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………34

КІРІСПЕ

Ақшаның рөлін айқын түсінуден басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан жәй аталмаған.

Ақша — жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көштІ.

Ақша – бұл жалпыға ортақ эквивалент және ерекше тауар болып табылады. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтерінен көрінеді: төлем құралы, айналым құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша және т.б.Ақша  ағымы – қаржылық   жыл  ішінде  банктің  табатын  және

Ақша қаражаты деп – бұл субъектінің кассадағы және банктегі барлық ақшасын айтамыз.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және бухгалтерлік есеп шоттары болып бөлінеді.

Бухгалтерлік есеп шоттары – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады;Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның        оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Әр коммерциялық ұйымның негізгі мақмсаты пайда табу. Кіріс  кірген  кезде  шығынды  санамайды  капиталдың  кіріс  арқылы  олардың  ақшалай  қосылғандығын  керісінше  амортизациялық  санау  жүйесі  жүреді,  ақшалай  ағымға   тиіспейді Осы   айтылғандар  курстық  жұмыстың  өзектілігін  көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты – бұл ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасын толығымен ашу, яғни ақша – қаражаты деген не, оның ағымдағы банктік шотында қозғалысы және Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды  жүзеге асырудағы әдістерін, кәсіпорындарында қандай нысандар бойынша ақшасыз есеп айырысу жүзеге асатынын, валюта жүйесінің даму кезеңдерін, кассадағы ұлттық валютаның есебінің қозғалысын, жалпы ақша – қаражаттардың қозғалысының ерекшеліктерін қарастыру және толығымен меңгеруді қалыптастыру.

Курстық жұмыстың  міндеттері:

 — ақша қаражаттары туралы түсінікті толығымен ашу;

—  ақша қаражаттарының баламаларының ерекшеліктері:

— валюта жүйесінің типтері , даму кезеңдері;

— кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі

— ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының  есебі

— банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу

— Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары.

Курстық  жұмыстың  құрылымы  кіріспеден,  екі  бөлімнен,  қорытындыдан  және  қолданылған  әдебиеттер  тізімінен  тұрады.  Зерттеудің теориялық негізіне отандық басқа да ғылыми жұмыстар және алынған статистикалық есептер көмектесті.

курстық жұмыс / 34 бет


Тағы рефераттар