МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………3
1 БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙТАРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.1 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының түсінігі…….5
1.2 Несие қайтарылуын қамтамасыз етудің шетел тәжірибесі………..9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕСІН ҚАЙТАРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЫСАНДАРЫ («ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.1 Еуразиялық банктің несиеcін қайтарылуын қамтамасыз ету нысандарын талдау ……18
2.2 Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау — банктің несиесін қайтаруды қамтамасыз ету құралы ……34
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕСІН ҚАЙТАРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ДАМЫТУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының мәселелері мен оларды шешу жолдары…..47
ҚОРЫТЫНДЫ……..52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……….54
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2006-2008 жылдарға арналған Үкімет Бағдарламасында»: «Ақша – несие саясатының міндеті қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау – Үкіметтің басты міндеті», — деп аталып өтілгендей, ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, ақша-несие саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы шаралар мынадай бағытта жүзеге асырылатын болады: қаржы секторындағы, әсіресе, банк секторындағы одан әрі ырықтандыру және бәсекелестікті арттыру болып табылады.
Екінші деңгейлі банктердің қаржы нарығындағы алатын орны ерекше болып келеді. Коммерциялық банктер нарықтық экономика жағдайында клиенттермен несиелік қарым-қатынастарды құрастырғанда, көптеген қиын міндеттерді шешеді. Олардың барлығы да үлкен несиелендіру үрдісінде көрініс табады. Несиелендіру – бұл банктердің маңызды операциялардың бірі болып табылады. Ол субъектілердің несиелендіру үрдісіне көз қарастарын, несие берушілер мен қарыз алушылардың қарым-қатынастарын, қарыз алушылармен несиелерді пайдалануын, несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарын, борыштың пайда болуы сияқты мәселелерді қамтиды. Ұлттық табыс пен қоғамдық өнімді және өндіріс процесінде туындайтын несиелік қатынастардың мәні, банктік несиенің өндіріске және елдің экономикалық келешектің үздіксіз дамудың ынталандыруына белсеңді әрекет етуін дәлелдейді.
Сонымен бірге, банктердің республиканың инвестициондық процесіне қатысуына, қазіргі уақытта экономикадағы несие қайтарымдылығына қатысты мәселелердің сақталуына байланысты жол бермейді. Макроэкономикалық деңгейде саяси және әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері салдарынан, несиелік қатынастардың «дағдарыс» себептеріне несиелендіру тәртібінің жетілдірілмегендігін, елдің қаржы саласына жағымсыз әсер туғызған, банктердің негізсіз несиелердің ұсынғанын жатқызуға болады. Елдің тұрақты дамуы үшін және өндірістік секторларды банктік несиелендіруді кеңейту мақсатында мезгілінде несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету мәселелерін шешу өте маңызды және өзекті болып табылады. Қарыз алушыларға несиені бере отырып, банктер өздерін қауіпқе төдіреді. Осыған орай банктік несиелендіру зерттеу процесіне одан әрі көңіл бөлуге және оның мәнін қайта қарастыруға, несиелік қатынастар субъектілерінің өздерінің міндеттемелерін орындаудағы жауапкершіліктерін және рөлдерін күшейту механизмді іздестіру қажеттілігі туындайды. Осыдан курстық жұмыстың өзектілігін байқауға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты – несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарымен және әдістерімен танысу. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер белгіленген:
— несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының теориялық негіздерін білу;
— «Еуразиялық Банк» АҚ-ның қамтамасыз ету нысандарына талдау жасау;
— несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының мәселелерімен және даму перспективаларымен танысу.
Курстық жұмыс құрамы 3 тараудан тұрады. Оның ішінде 24 кесте және 6 сурет келтірілген.
курстық жұмыс / 53 бет
Тағы рефераттар
- Азаматтық құқық бойынша жауапкершілік
- Бухгалтерлік есептің мәні және стандарты
- Жердi төлемді пайдалану формасына өту механизмi
- Формулаларды тепе-тең түрлендіру
- Су қоры — халық байлығы