ЖОСПАР:
КІРІСПЕ- — — — — — -3
1.БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Бағалы қағаздар есебінің экономикалық мәні мен мазмұны — — 5
1.2 Бағалы қағаздар классификациясы — — —9
1.3 Бағалы қағаздар құрылымы — — — — 12
2. ҚАЗІРГІ ЕКНШІ ДЕҢГЕІЛІ БАНКТЕРДЕГІ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР
2.1 Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды талдау- — —16
2.2 Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың түрлері және оларға салынатын салықтар. — — -23
ҚОРЫТЫНДЫ- — — — -26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР- — — — 28

КІРІСПЕ

Нарықтық  үлгідегі дамыған  мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай  нарықты  реттеу  механизмінде  бағалы қағаздар нарығы  маңызды рөл атқарады.

Бағалы қағаздар нарығы ғана, кез келген тұлғаның (заңды немесе жеке тұлғаның) ҚР Конституциясына сәйкес  меншікке  болуға, басқаруға  құқығын барынша жоғары деңгейде  жүзеге асыруға  мүмкіндік беретін жағдай болып саналады, ол  өз кезегінде  әрбір мүлік иесінің өз мүлкін  пайдалы және тиімді пайдалану  мүдделігін  арттыруы тиіс. Бұл сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік прогреске ықпал етеді. Сондықтан да  бағалы қағаздар нарығының (БҚН) қалыптасуы мен қызмет істеуі  республиканың экономикалық саясаттың  өзекті міндеттерінің бірі болып саналады.

Бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізгі мақсаты – ҚР экономикасының  тиімді дамуына, бірінші кезекте  нарықтық экономиканың  барлық субъектілері қызметінің белсенділігін арттыру негізінде қаржылық тұрақтылық  пен экономиканың  өркендеуіне көмектесу болып саналады.

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы (БҚН) қазіргі уақытта қалыптасу  сатысын басынан өткеруде. Бұл айрықша бір жүйе емес, нарықтық экономиканы бүтіндей жан жақты  дамытусыз қызметін  жүргізу мүмкін емес сегмент болып табылады. Қаржы нарығының жай-күйі бірсыпыра  факторларға қатысты  болады, оның ішінде  инфляция қарқыны басты рөл  атқарады. Мәселе мынада: өндірістің  құлдырауы  мен инфляцияның тоқтаусыз  өсуі  кезінде,  жинақтарды  инфляциядан  қорғайтын, әрқашан  сенімді  құрал болып  саналып келген қор  нарығының  көптеген басымдықтары құр сандыраққа  айналады.

Бағалы қағаздар нарығы механизмі экономиканың  барлық  субъектілерінде қажетті инвестициялық  ресурстарды  тарту мүмкіндігігін білдіреді. Акцияларды шығару бұл ресурстарды шектеусіз  мерзімге алуға  мүмкіндік береді, ал облигацияларды шығару неғұрлым пайдалы жағдайларда  ақша ресурстарын  алуды қамтамасыз етеді. Мемлекет бюджет тапшылығын  жабу үшін,  сондай-ақ ақша белгілері эмиссиясына емес, мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруға  жүгіреді.

Барлық  елдерде көптеген  қатынастарда  бағалы қағаздар нарығы (БҚН) экономиканың  өсуін қаржыландыратын  ең үздік  және неғұрлым  ұғынықты  механизм болып саналады.

Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін  ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:

—       Бағалы қағаздың мәнін ашу, түрлеріне тоқтала кету;

—       Бағалы қағаздар құрылымын қарастыру;

—       Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен байланысты операцияларын қарастыру;

—       Банктегі бағалы қағаздарды ұйымдастырылуын талдау;

Екінші деңгейлі банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

курстық жұмыс / 28 бет


Тағы рефераттар