ЖОСПАР

 КІРІСПЕ

1.Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы

2.Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар  және олардың құқықтық қамтылуы

3. Валюталық операциялар жүргізуге қойылатын шектеулердің нысандары

4.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

     Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.  Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк,  валюталық бағам,  валюталық операциялар, валюталық рыноктар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.   Өз кезегінде валюталық операциялар осы аталған валюталық қатынастардың негізі болып табылатын валюталардың арасындағы әр түрлі есеп айырысулардың жүргізілуін, төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы валюталық операциялар болып табылады. Сонымен қатар валюталық операциялардың негізінен банктік операция ретінде және Ұлттық банктен лицензиясы бас басқа да валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқысы бар органдардың  ваюталық операцияларды жүргізуіне байланысты валюталық операцияның көптеген түрлері болады және олар валюталық мәмілелерде әр түрлі сипатта және мақсаттарда қоладнылады.

курстық жұмыс / 24 бет


Тағы рефераттар