МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инвестиция түсінігі: мәні және мазмұны
1.2 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
1.3 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІНЕ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметіне талдау
2.2 Қызылорда қаласының инвестициялары және құрылысы
2.3 Инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі заманғы жағдайларда нарықтық қайта құруларға және экономиканың жаңа сапалы ахуалға көшу тиімділігінің басты және анықтаушы белгісі экономикалық өсудің тұрақты, орнықты қарқындарына қол жеткізу болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясымен анықталған негізгі жеті бағыттарының бірі — инвестиция тарту осы экономикалық басымдықтың шарты болып табылады. Осы басымдықты іске асыру шетелдік капиталдар мен ішкі жинақ қаражаттарды тарту, осындай даму траекториясына шығу арқылы экономикалық өсуін жаңартуды білдіреді. Қазақстан макроэкономикалық тұрақтандыруға және кейбір салаларды көтеруге, сондай-ақ барлық экономиканың егжей-тегжейлі тұрақты, қарқынды өсуіне қол жеткізе алды.
Осы мәселені шешу, бәрінен бұрын, экономикалық өсу сияқты, сондай-ақ инвестиция ретінде теориялық пайымдауды талап етеді. Теориялық модельдер мен экономикалық өсу және инвестицияларды зерттеудің практикалық маңызы зор, өйткені олар теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады, онда белгіленген уақыт ішінде елді мемлекеттік реттеу бағдарламасы негізделеді. Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің теориясы мен практикасы өзара тығыз байланысты, соңғысы экономикалық теорияның дамуы арқылы нығайтуды талап етеді.
Қазақстанда экономиканың нақты секторын инвестициялау қаржы ресурстарын жоспарлы кезеңде орталықтан шоғырландыру және бөлудің көмегімен жүзеге асырылды. Әміршіл-әкімшіл жүйенің және оған тән реттеудің дерективті әдісінің жойылуымен оның тетіктерін жеке инвестициялық-қаржылық мекемелер түріндегі орталықтандырылмаған қаржыландыру институттары ауыстыруы тиіс еді. Іс жүзінде осындай ауысу болмады.
Қазақстан Республикасы кейінгі жылдарда көптеген қиындықтарды жеңе отырып, елеулі экономикалық табыстарға жетті. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2003 жылдың соңында 30 млрд. АҚШ долларына жуықтап, оның жыл сайынғы өсімі кейінгі үш жыл қатарынан 10-13 % құрап отырды. Елдің экономикалық жүйесі тәуелсіздікті алумен және экономиканың нақты секторына капиталдарды салумен және инвестицияларды тартумен тұрақты әрі жүйелі түрде дами бастады. Инвестициялар дағдарыстан шығудың нақты тұтқасы, «тоқтап қалғаннан» экономиканың өсуіне өту, экономиканы қайта құру мен қайта құрылымдаудың негізгі шарты болды.
Сыртқы байланыстарды орнатуға және инвестицияларды кең ауқымда тартуға бағыт ұстану экспортқа бағдарланған салаларды көтеріп, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен бірге валюталық қорды толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның өтімділігін күшейтуге де мүмкіндік берді. «Қазақстан — 2030» Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясында қойылған міндеттерді шешу және әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму» стратегиясына сәйкес, 2015 жылға болжам – жалпы ішкі өнімді 2007 жылмен салыстырғанда 3,6-3,9 есеге арттыру мәселесі көзделген.
Қазақстанның инновациялық, индустриялық және технологиялық дамуының, ұлттық өндірістің тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең басты шарты инвестициялық қызметті белсендіру болып табылады, шетелдік сияқты ішкі инвестициялық ресурстарды қолдана отырып, экономиканың нақты секторындағы салымдар ауқымын әжептәуір кеңейту қажет.
Инвестициялық саладағы ел аймақтарының басты бағыттарының бірі экономикалық ахуалды жақсарту үшін жағдайлар жасау, қаржылық және нақты секторлардың өзара байланысын нығайту негізінде инновациялық өндірісті дамытудағы инвестицияның сапалық өсуіне бағытталған тиімді ұлттық инвестициялық үдерісті жетілдіру қажет.
Қазіргі уақытқа дейін депрессиялық тұрақтылықтан жаңа технологиялар базасында ЖҰӨ өсу қарқынын жылдамдатуға табысты көшу үшін талап етілетін қаржылық және нақты секторлар институттарының өзара іс-қимылы қалыптастыру, аймақтарда инвестициялық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған тиісті механизмдер құру көзделуде. Мұның барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Зерттеу нысаны — Қазақстан Республикасының инвестициялық нарығы және инвестициялық үдеріске қатысатын институттар мен нысандар нақты объектілер ретінде алынған.
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттің инвестициялық үдерісін жетілдіру шеңберінде экономиканың қаржылық және нақты секторларының өзара әрекетінің теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу және қаржы капиталының экономиканың нақты секторына құю тетігін жетілдіру ғылыми негіздеу.
Көзделген мақсаттарға жету келесі міндеттерді шешуді қажет етеді:
— инвестициялар теориясының генезисін зерттеу;
— инвестициялық үдерісті жетілдіру тұрғысынан экономиканың нақты және қаржылық секторларының өзара іс-әрекетінің кейбір теориялық қырларын зерттеу;
— нақты және қаржылық секторларының түбегейлі экономикалық өзгерістер жағдайындағы өзара әсерінің институттары мен тетіктерінің даму тұжырымдамасын зерттеу;
— әлемдік тәжірибені зерттеуді негізге ала отырып Қазақстан үшін қолдануға болатын қаржылық институттардың жинақтарын экономиканың нақты секторының инвестицияларына аудару жолдарын іздеу;
— Қазақстандағы және Қызылорда өңіріндегі инвестициялық үдеріске талдау жүргізу.
курстық жұмыс / 38 бет
Тағы рефераттар
- Ауытқу экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы
- Бағалы қағаздардың түсініктемесі
- Валюталық операциялар
- Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі
- Партиялық жүйе