ЖОСПАР

Кіріспе
I — Бөлім. Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны
1.1 Коммерциялық банктердің валюталық операцияларды жүргізу тәртібі
1.2 Валюталық операциялардың жіктелуі
II — Бөлім. Коммерциялық банктердің валюталық опе-рациялар бойынша негізгі қызметтері
2.1 Қолма – қол валюталық операциялар
2.2 Конверсиондық операциялар
III – Бөлім. Валюталық бақылау туралы заңнамалар
3.1 Ұлттық Банк тарапынан валюталық бақылау
3.2 Коммерциялық банктегі валюталық бақылау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

  ҚР нарықтық қатынастарының дамуы сыртқы экномикалық дамудың қажеттігін және маңыздылығын анықтыды. Оның ішіне қаржы – валюталық қамтамасыздандыру, валюталық несиені алу, валютаны сатып алу, оның бағалы қағаздарға салынуы, валюталық тәуекелдерден сақтандыру және т.б. қажеттігі мен маңыздылығын жатқызуға болады.

Сыртқы экономикалық қызмет жуйесінде кәсіпорындар нарықтық шаруашылық әдістерімен байланымады. Атап айтсақ әлемдік валюталық нарық құралдарымен: шетел валютасы, валюталық курс, маржа, трансферт, есептік ставка, факторинг, форвард, курстық тәуекелдер және т.б. ҚР территориясында қызмет ететін қазіргі таңдағы валюталық механизм нарықтық экономика принциптеріне негізделген.

Нарықтық экономика сыртқы экономикалық кәсіпорындардың қызметін орындайтын үлкен мүмкіндіктер туғызды. Бұл клиентке валюталық қызмет көрсететін коммерциялық банктер санының көбеюіне әкелді. 1998 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасында 77 екінші деңгейлі банктер тіркелген, оның 41 сыртқы және ішкі валюталық нарықтарда операциялар жүргізуге лицензиясы бар банктер. ҚР Ұлттық Банкінің шетел валютасымен операция жүргізуге лицензиясы бар коммерциялық банктердің пайда болуы валюталық нарықта валюталық бақталастарды құрды және валюталық механизмнің қызмет ету аясын кеңейтті. Айтып кету керек 1992  жылы Қазақстан өзінің жеке ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫ АУКЦИОНЫН ашты. Ол  1996 жылы  AFINEX болды. Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық  қызметі тауар және қызметтердің экспорт импорт бойынша шетел валютасынмен және ҚР территориясында, шетелдерде   шетел валютасының іске асырылуымен байланысты болды.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталық реттеу   мемлекеттік халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасау тәртібін реттеуге бағытталған қызметі. Нормативтік актілермен және халықаралық валюталық келісімдермен реттеледі. Сондай – ақ ұлттық заңдар негізінде елдің аумағында шетел валютасының пайдаланылуын тәртіптеу де валюталық реттеуге жатады.

Валюталық реттеу  нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттарды жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.

 Курстық жұмыс / 22 бет
Тағы рефераттар