ЖОСПАР
КIРIСПЕ
I КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ
1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні
1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі
II ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
2.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы
2.2 Лизингтің операциялардың дамуы көрсеткіштері
2.3 Бағалы қағаздармен операцияларға анализ
2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КIРIСПЕ
Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалықызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті операцияларының орны ерекше. Активті операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын несие және банк жүйесінің негізгі буыны және олардың қызметтерінің басым орындаушыылқ бөлігін іске асыратын коммерциялық банктердің активті операцияларының өзектілігіне байланысты «Коммерциялық банктердің активті операциялары» деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым коомерциялық банктер нарықтық шаруашылықта қаржы делдалы ретінде тікелей экономика салаларымен қызмет етеді және коммерциялық банктердің активті операциялары барысында барлық шаруашылық механизмдер тиімді ұйымдастырылып, реттеліп және дамып отырады.
Енді осы аталған активті операциялардың маңызы мен мәнін, олардың қызмет ету механизміне және еліміздегі атқарылып жатқан активті операциялардың бүгінгі таңдағы даму барысына толығымен тоқталып өтсек.
Курстық жұмыс / 45 бет
Тағы рефераттар
- Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістерін талдау мәселелері курстық жұмыс
- Ауытқу экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы
- Гидросфераның ластануы
- Тұтынушы-ұйымдардың сатып алу туралы шешім қабылдау процесі
- Зақымдалған жазбақұжат мазмұнын қалпына келтіру