МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ——3
1. САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ——5
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны——5
1.2 Сақтандырудың сыныпталуы——8
2. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕКЕ БАСТЫ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ—-13
2.1 Сақтандыру нарығының қатысушылары мен қызметін талдау—-13
2.2 Жеке басты сақтандыру жүйесінің дамуын талдау—-16
3. ҚР САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ——25
3.1 Жеке басты сақтандырудың шетелдік тәжірибесі—-25
3.2 Жеке басты сақтандырудың ҚР-да даму перспективалары—-29
ҚОРЫТЫНДЫ——32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР——34
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңына сәйкес Республикамызда қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетті сақтандыру түрі болып қабылданды. Аталған заң осы саладағы туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Нарықтық қатынастар дамуы кезеңіндегі мемлекет дамуының негізгі шарттарының бірі қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Нарықтық қатынастар дамыған сайын мемлекет шаруашылық субъектілер мен азаматтардың жағымсыз жағдайлар орын алған кездегі шығындарын жабу жауапкершілігін өз мойнына алуды азайта бастайды. Осы нарықтық қатынастар процесінде пайда болатын шығындардың орнын толтырудың негізгі құралы – сақтандыру болып табылады. Нарықтық қатынастарға көшу барысында сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бірі болып табылады.
Егер бастапқы кезеңдерде сақтандыру біздің елімізде үлкен сұранысқа ие болмай тұрған болса, бүгінгі күні сақтандырудың Қазақстан экономикасының ажырағысыз бөлігі екендігін сеніммен айтуға болады.
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру түрткі болатын басты себеп — өндіріс пен адам өмірінің қауіп – қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалѓастыру азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоѓамның , жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық заттай қорларын да немесе резервтерін де, сондай- ақ ақша ресурстарын қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв жғне сақтық түрінде қалыптасады. Сақтандыру дегеніміз – сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандырудың төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің өндірістік жғне әлеуметтік – экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды. Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ белгісі бар:
— сақтық категориясының ақшалай қатынасы
— сақтандырудың қоғамдық өнімінің құнын қайта бөлуге қатысуы
— сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы
— ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық қатынастарының бағамалығы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Нарық қатынастары жағдайындағы жеке басты сақтандыру жүйесінің дамын талдау.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Оған байланысты келесі міндеттерді қарастырдық:
— Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны
— Сақтандырудың сыныпталуы
— Сақтандыру нарығының қатысушылары мен қызметін талдау
— Жеке басты сақтандырудың жүйесінің дамуын талдау
— Жеке басты сақтандырудың шетелдік тәжірибесі
— Жеке басты сақтандырудың ҚР-да даму перспективалары
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады:
— I. Бөлім. Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
— II. Бөлім. Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру жүйесінің дамуы
— III. Бөлім. ҚР сақтандыру нарығын дамыту.
Курстық жұмыс / 34 бет
Тағы рефераттар
- “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті
- Оңтүстік Американың жануалар дүниесі
- «Тәуелсіздік ел – тілегі». Технологиялық карта (балабақшадағы жоба)
- Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру
- Кәсіпкерліктің дамуы курстық жұмыс