ЖОСПАР
КІРІСПЕ ……3
І НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ …5
1.1 Несие жүйесінің мәні және дамуы ……5
1.2 ҚР-ның несие жүйесінің құрылымы …..9
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ….14
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі несие жүйесінің басты операторы және оның несие жүйесін реттеудегі рөлі …14
2.2 Несие жүйесінің екінші деңгейлі банк және парабанктік жүйесі, олардың соңғы жылдардағы даму көрсеткіштері …18
III ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ…..23
ҚОРЫТЫНДЫ ……….29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……..31

КІРІСПЕ

Қазақстан Рсепубликасының нарықтық экономикаға өтуіне байланысты қаржылардың бір саладан екінші салаға ауысуын, яғни қаржы қажет етіп отырған салаға қаржысы артық салалардан қаржыны бір-біріне ауыстыру механизмі несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне  несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады.  Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.

Нарықтық экономика – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.

Ал бұл механизм несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне  несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады.  Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және оны экономикада белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады

Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).

Осылайша курстық жұмыс тақырыбын «Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі»  деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектілігі  несие  нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас бөлігін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жекелеген азаматтар да пайдаланады. Ал осы маңызды болып табылатын несиелік қатынастарды ұйымдастыру, несиелік мекемелердің іс-әрекетіне тікелей байланысты. Яғни, бір сөзбен айтқанда несие жүйесі  несиелік қатынастар мен несиелік мекемелер жиынтығын құрайды.

Осы жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым  несие жүйесінің құрылымын және ондағы несиелік қатынастарды экономикалық тұрғыдан талдап, еліміздегі несие жүйесінің дамуын, несиелік ұйымдар мен несиелік қатынастарды талдау болып табылады.

Ал  міндеттеріме тоқталатын болсақ:

  • Несиенің экономикалық қатынастардың дамуына қажеттігі мен қызметтерін анықтау;
  • Несие жүйесі несиелік қатынастар мен несие мекемелерінің жиынтығы ретінде оның құрылымын және несие жүйесінің дамуын талдау және жан-жақты талқылау;
  • Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы құрылымын сипаттау;
  • Еліміз үшін бүгінде маңызды болып отырған несие жүйесінің бір элменті болып табылатын ипотекалық несиенің әлемдік үлгілері және оның Қазақстандағы қолданысы туралы тоқталып өту;
  • Несие жүйесіндегі парабанктік жүйенің маңыздылығы мен бүгінгі таңдағы даму барысын талдау жағдайы болып отыр.
  • Несие жүйесінің бүгінгі таңдағы дамуы мен жетілдіру шараларын ұсыну болып табылады.

Жұмыс барысында несие формаларына байланысты сызбалар, Қазақстан Республикасы  несие жүйесінің схемасы, экономикамыздағы екінші деңгейлі банктердің несиелеуіндегі статистикалық мәліметтер бойынша графиктер, сонымен қатар несие жүйесі бойынша жан-жақты мағлұматтар  қарастырылды.

Курстық жұмыстыжазу барысында келесідей экономикалық еңбектер қолданылды: Мақыш С.Б.,   Ғ.С. Сейiтқасымов., Баян Көшенова, О.И Ловрушина,  Каренов Р., Мырзабеков Ш.,  Сайденов А. Ғ.  және әр түрлі экономикалық басылымдар (Банки Казахстана, Қаржы-Қаражат, Аль-Пари және т.б.) қолданылды.

курстық жұмыс / 31 бет


Тағы рефераттар